Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Дәрігерді үйге шақыру

ч. 1

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Дәрігерді үйге шақыру

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызмет бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық мекеме

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

Тіркеу бөлімінің қызметкері, құжаттарды қабылдайды, тұрғындар бекітілген тіркеу базасы бойынша тексереді, дәрігердің келетін күнімен уақытын белгілеп ауызша жауап беру немесе уәждемелік бас тарту

7

Қажетті құжаттар

Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы тұтынушының мемлекеттік қызметті алуы үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);

2) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.

Электрондық форматта мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыда:

1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);

2) тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы;



3) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.

8

Стоимость услуги и порядок оплаты

Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі/Срок оказания услуги

Тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – 10 минуттан көп емес;

портал арқылы жүгінгенде – 30 минуттан аспауы тиіс

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі


1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде).

11

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 наурыздын №253 қаулысы

ч. 1