Жос-пар бойынша №

ч. 1
Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспарының 2014 жылғы 3 тоқсан ішінде орындалу барысы туралы ақпарат


р/с

Жос-пар бойынша

Іс-шараның атауы


Іске асырылу барысы туралы ақпарат

1

2

3


4

2-бағыт. Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылу құрылымын оңтайлы қамтамасыз

ету үшін экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту



1. Моноқалалар экономикасын әртараптандыру

1.

5.

Моноқалалар экономикаларын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаларды (шикізаттық емес салаларда) іріктеу және іске асыру


Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қазандағы сессиясының шешімдерімен бекітілген Ақсу және Екібастұз қалаларын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарлары мына «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді:

- Екібастұз қаласы бойынша құны 415,5 млрд. теңге, 1800-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылып:

1. Бозшакөл КБК құрылысы («Kazakhmys Bozshakol» ЖШС).

Инвестициялардың жалпы көлемі 406,04 млрд.теңгені құрайды. Қазіргі уақытта 2520 адам жұмыс істейді.

Жоба іске асырыла басталғаннан бері 215,0 млрд. теңгеден астамы игерілді, бұл инвестициялардың жалпы көлемінің 52,9% құрайды (2013 жылы – 54,8 млрд. теңге, 2014 жылы – 99,9 млрд. теңге).

Іске асыру кезеңі: 2011-2015 жылдар. Бұл ретте 2014 жылы - тәжірибелі кен шығару, 2015 жылы - байыту фабрикасында кенді өңдеу және мыс концентратын алу күтілуде.

2. «Проммашкомплект» ЖШС-да бағыт ауыстырғыштардың және темір жол дөңгелектерінің өндірісін ұйымдастыру.

Кәсіпорын 2012 жылы пайдалануға енгізілді. 2014 жылғы 9 ай ішінде жоспарға сәйкес 489 бағыт ауыстырғыш, 986 айқастырма, 1138 жөндеу жиынтығы шығарылды, сондай-ақ 20768 мыңнан аса темір жол дөңгелегі өңделді.

Локомотивтерге арналған бандаждарды өңдеу бойынша өндірістің жаңа түрі меңгерілді, «Локомотив депосы» АҚ-мен 5 мың дана бандажды өңдеу бойынша шартқа қол қойылды. 2014 жылғы 9 ай ішінде 5220 дана дайындалды және жеткізілді.

- Ақсу қаласы бойынша:

1. Инвестициялық құны 3,2 млрд. теңге, өндірістік қуаттылығы жылына 8,0 мың тонна, 240 жұмыс орны құрылып, «Қызылжар-Құс» ЖШС қайта жаңартылып жатқан фабриканың аумағында бройлер құсының етін өндіру бойынша құс фабрикасын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Фабриканы қайта бейімдеу барысында құрама жем өндіру бойынша зауытты және құс өсіруге арналған корпусты қайта жаңарту жүргізілуде. Қазіргі уақытта ветеринариялық блок, жөндеу шеберханасы, құрама жем зауыты жөнделді. Жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды, кәріз және сумен жабдықтау жүйесі жүргізілуде.

Германия мен Голландияның фирмалары инкубатор, құс қора, құрама жем цехы, мал сою цехының желісі, қалдықтарды іске жарату цехы, тоңазытқыш қондырғы үшін жаңа жабдықты жеткізді.

Бес құсхананың, мал сою цехы құрылғыларының, инкубатор жабдығының монтажы аяқталды, тоңазытқыш цехының жабдығын бөлшектеу аяқталуда, тағы төрт құсхананың, жемшөп цехы құрылғыларының, ет-сүйек ұнын өндіру бойынша технологиялық жабдықтың монтажы жалғасуда. Пайдалануға енгізу - 2016 жыл.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

2. Диаметрі 159 мм – 820 мм дейін болатты тік жікті құбырлар өндірісі («ДАНиЕР» өндірістік сауда-құрылыс фирмасы» ЖШС), 120 тұрақты жұмыс орны құрылады. Инвестициялар көлемі - 2,2 млрд. теңге. Іске асыру кезеңі – 2013-2015 жылдар.

(«ДАНиЕР» өндірістік сауда-құрылыс фирмасы» ЖШС орналастыру үшін Ақсу қаласының шегінде 0,3 га жер бөлінді және ресімделді. Бүгінгі күні «ГРЭССтрой» ЖШС ғимаратын салу үшін жер телімдері сатып алынды (50,0 млн. теңге), болатты тік жікті құбырлар өндіруге арналған жабдықтар тестіленді, жаңа өндірістік цехтың жобасы әзірленді және бекітілді, материалдар, басқару және бақылау микропроцессорлық техникасымен жабдықталған өндірістік жабдық ішінара сатып алынды.

Ағымдағы жылғы сәуірде диаметрі 40 мм-нен 114 мм-ге дейін жабдықтың бірінші бөлігі жеткізілді. Жобаны түбегейлі іске қосу – 2014 жылғы 4 тоқсан.


2.

6.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияла-рының компанияның ерекшеліктерін негізге ала отырып, моноқалаларда «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылатын ұйымдардың жарғылық капиталына кіру мүмкіндігін қарауы

Екібастұз қаласында 2 «зәкірлік» жоба іске асырылуда. Бозшакөл КБК құрылысымен «Kazakhmys Bozshakol» ЖШС айналысуда (Қазақмыс корпорациясы). «Проммашкомплект» ЖШС жекеменшік кәсіпорын болып табылады, оны салған кезде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде алынған кредиттік қаражат пайдаланылды.

Ақсу қаласында 2 «зәкірлік» жоба іске асырылуда. Зәкірлік жобалардың ерекшелігіне қарай ұлттық холдингтермен өзара іс-қимыл жасау қажет етілмейді.

3.

8.

Қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсету өндірісін, тапсырысын моноқалалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, орналастыру (бір жобадан кем емес)


Екібастұз қаласында шағын және орта бизнес саласында жаңа қосалқы өндірістерді ашу бойынша жұмыс жүргізілуде:

- «Karaganda BI Energy Plus» ЖШС – жылыту беткейлерін жасау және металл өңдеу бойынша цех салу.

Құрылыс кезінде 60 адамға, пайдаланылатын кезде 46 адамға жұмыс орны құрылады.

Қазіргі уақытта 3 объекті тексерілді және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, онда келесі цехтарды орналастыру жоспарланып отыр:



1 цех – пакеттерді жасау бойынша: осы цехта пакеттерді жасау мүмкіншілігімен қоса, қабырғалы құбырлар жасауға, металл құрылғыларын, қызмет көрсету алаңшаларын жинақтауға және қазан агрегаттары үшін қажетті бөлшектерді жасауға болады.

Жабдық Ресей және ҚХР жасалған. Жылдық өндірімділігі – 1000 т.;



2 цех – литейлік: литейлік цехта 0,15 т., 0,5 т. - екі индукциялық пеш орнатылатын болады. Жылдық өндірімділігі – шамамен 3000 т. Жабдық ҚХР жасалған.

3 цех – бөлшектерді термоөңдеуге дайындау бойынша: бұл цехта құбырларды ұсақтатып шашырату, қажетті бұйымды өндіру үшін бөлшектерді жасау мүмкіндігі бар. Жабдық ҚХР жасалған;

4 цехпанельдерді жасау бойынша: бұл цех ЗиО Подольск жабдығымен ұқсас болады. Қазіргі уақытта жабдық орнатылуда. Жабдық Финляндияда жасалған. Панельдерді және әртүрлі болатты қыздырып өңдеу үшін ұзындығы 19 метр электр пеші орнатылатын болады. Мұндай пеш Қазақстан Республикасы бойынша ең үлкен болады. Цехтың ауданы панельдерді жасауға, сонымен қоса қазандарға қажетті габаритті бөлшектерді жинақтауға мүмкіндік береді. Жылдық өндірімділігі – 10 000 т.

Ақсу қаласында 2013 жылғы 25 сәуірде «ЕЭК» АҚ және қала құраушы кәсіпорынның қосалқы және қызмет көрсету өндірісі ретінде «АксуСпецСтройСервис» ЖШС арасында құрылыс жұмыстарының кепілді көлемдері және дайын өнімді жеткізу туралы келісім жасасылды.

2. Моноқалалар үшін екінші деңгейдегі банктердің және/немесе өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау және салалық шектеулерді төмендету

4.

16.

Өңірлік үйлестіру кеңестерінде субсидиялау үшін моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларын қарау және мақұлдау


Ағымдағы жылы Бағдарлама шеңберінде субсидиялау бойынша 120,0 мың теңге бөлінді, «Даму» Қоры» АҚ-ға аударылды.

2014 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша 113,0 млн. теңге субсидиялау сомасына 20 жоба мақұлданды (жобалардың жалпы сомасы – 2 203,4 млн. теңге).



Ақсу қаласында Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2014 жылға республикалық бюджеттен банк кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 100 млн. теңге бөлінді. 52,0 млн. теңге сомаға 20 жоба мақұлданды.

3. Моноқалаларда жаңа өндірістерді құруға гранттар беру

5.

21.

Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау


Екібастұз қаласында 2014 жылы 24000,0 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы 17 ақпаннан 7 наурыз аралығында өтінімдерді қабылдау жүргізілді. Жұмыс комиссиясы 2014 жылғы 12 наурызда барлық 11 өтінімді қарастырды және мақұлдады. Ағымдағы жылғы 19 наурызда жобалар ӨҮК отырысында қаралды, онда 11 жобаның ішінен 8 жоба 24,0 млн. теңге сомаға мақұлданды. Грант алушылармен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ үшжақты шарттарға қол қойылды.



Ақсу қаласында Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде екінші бағыт бойынша 2014 жылға кәсіпкерлерге моноқалаларда жаңа өндірістер құруға мемлекеттік гранттар беруге 10,0 млн. теңге көзделді.

2014 жылға Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде 4 жоба мақұлданды.

Қаражат игерілді және 2014 жылғы 29 сәуірде грант алушылардың шотына толық көлемде аударылды.


4. Ірі компаниялармен (қала құраушы кәсіпорындармен) шағын және орта бизнесті дамыту бойынша

серіктестік бағдарламасын іске асыру



6.

22.

Ірі компаниялармен (қала құраушы кәсіпорындармен) шағын және орта бизнесті дамыту бойынша серіктестік бағдарламасын әзірлеу


Қазіргі уақытта Екібастұз қаласында Өнеркәсіпшілер қауымдастығымен, «Богатырь Көмір» ЖШС, ГРЭС-1, ГРЭС-2 қала құраушы кәсіпорындарымен және қала кәсіпорындарымен Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаға қол қойылды.

Ақсу қаласында мыналар:

1) «Қазхром» ҰАК АҚ “Ақсу ферроқорытпа зауытында” қосалқы қызметтерді көрсету үшін жүк тасымалы бойынша «AksuTransLogistiс» ЖШС;

2) «ЕЭК» АҚ жанынан – пластикалық терезелерді орнату және оған сервистік қызмет көрсету бойынша «Гарант-Ақсу» ЖШС құрылды.


7.

23.

Серіктестік бағдарламасының шарала-рын іске асыру

Әріптестік қатынастарды іске асыру шеңберінде бүгінгі күні Екібастұз қаласының «Богатырь Көмір» ЖШС, «ГРЭС-1», «ГРЭС-2», «Восточный» кеніші қала құраушы кәсіпорындары шағын және орта бизнес субъектілерімен («Орика Казахстан» АҚ, «Корунд» ЖШС, «Завод МВИ» ЖШС, «R.W.S. Wheelset» ЖШС, «R.W.S. Concrete» ЖШС (Р.В.С. Конкрит), R.W.S. BINDING (Р.В.С. БАИНДИНГ) ЖШС, «Karaganda BI Energy Plus» ЖШС) ұзақ мерзімді келісімдер жасасты.

Ақсу қаласында шағын және орта бизнес субъектілері мен «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ және «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ қала құраушы кәсіпорындары арасында серіктестік бағдарламаларды ұйымдастыруда жәрдем көрсету мақсатында 2014 жылы 17 келісімшарт жасасылды, соның ішінде 15 жоба - «Қазхром» ҰАК АҚ (аумақты абаттандыру, жөндеу, кеңсе тауарлары, емдеу-профилактикалық тамақтану қызметтері), «ЕЭК» АҚ - 2 жоба («Арлан» ЖШС және «GEOPLAN» ЖШС).

5. Барлық моноқалаларда микрокредиттік ұйымдары бар бизнес-инкубаторларын құру

(ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, старт-ап жобалары)



8.

24.

Микрокредиттік, донорлық ұйымдарды және ірі компанияларды (қала құраушы кәсіпорындарды) тарта отырып, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубаторлардың құрылуы және жұмыс істеуі


Екібастұз қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылға қарай өңірде микрокредиттік ұйымдарды және Қала өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері қауымдастығын қатыстыра отырып, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубатор құру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Екібастұз қаласында бизнес-инкубатор ашу үшін қаржылай қаражат іздестіру және үй-жайды іріктеп алу бойынша жұмыс жүргізілуде, ашылу мерзімі ағымдағы жылғы IV тоқсанға белгіленді.

Осы кезде Екібастұз қаласында кәсіпкерлерге кешенді қолдауды, кеңес беруді, бизнес-жоспарды әзірлеуді, микрокредиттерді ұсынуды және өзге де көрсетілетін сервистік қызметтерді қоса алғанда, «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ «Даму» КДҚ» АҚ-мен және Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Екібастұз филиалымен бірлесіп көрсетуде.

Ақсу қаласында бизнес-инкубаторлар құрылмаған. Қалада кез келген деңгейдегі кәсіпкерлерге консультациялық қызметтер көрсететін Кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді.


6. Әрбір моноқалада кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру

9.

25.

Мынадай функцияларды ұсынатын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру:

- Қордың құралдарын қоса отырып, мемлекеттің қолдау бағдарламалары бойынша халық үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- қолдау құралдарын алу үшін тапсырыстарды жинау;

- бар берешекті қайта құрылымдау мәселелері жөнінде екінші деңгейдегі банктермен өзара әрекет ету бойынша заем алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- екінші деңгейдегі банктерден кредит алу үшін құжаттарды жинау жөнінде консультация беру;

- кәсіпкерлердің төлем қабілеттілігін алдын ала талдау



«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру бойынша операторы болуда.

Бүгінгі күні Екібастұз қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Кәсіпкерлікті қолдау орталығы өз қызметін жүзеге асырады. Қор Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан, онда бастауыш кәсіпкерлерге консультативтік қызметтер ұсынылады. 2014 жылғы 9 ай ішінде 1200-ден астам азаматқа консультациялық қызметтер көрсетілді.



Ақсу қаласында «Даму» КДҚ» АҚ-мен келісім бойынша 2013 жылғы наурызда төменде берілген функциялар табысталып, Кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылды:

- мемлекеттің қолдау бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- қолдау құралдарын алу үшін тапсырыстарды жинау;

- екінші деңгейдегі банктерден кредит алу үшін құжаттарды жинау жөнінде консультация беру;

- кәсіпкерлердің төлем қабілеттілігін алдын ала талдау.

Жыл басынан бері 720 консультациялық қызмет ұсынылды.






жыл сайын қаңтар, шілде

Тиісті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру шеңберінде

Республика-лық бюджет

7. Моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу

10.

26.

Моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту бойынша шараларды қамтамасыз ету (шағын кредит беру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікке оқыту)

Екібастұз қаласында жұмыссыз, табысы аз тұрғындарға және істеп тұрған кәсіпкерлерге Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша жұмыс жалғасуда.

Аталған мақсатқа республикалық бюджет қаражатынан 2013 жылы 266,0 млн. теңге бөлінді, Ережеге сәйкес ақшалай қаражат «Павлодар» ӘКК ҰК аударылды. Бүгінгі күні 200,5 млн. теңге сомаға 86 микрокредит берілді. 2013 жылғы қаражатты игеру 75,4% құрады.

2014 жылы 100,0 млн. теңге бөлінді, Ережеге сәйкес қаражат 2014 жылғы 25 маусымдағы №1-шартқа сәйкес «Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға аударылды. Ағымдағы жылғы 1 қазанға жағдай бойынша 100% игерілді.

2014 жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2,0 млн. теңге бөлінді.

2014 жылғы 9 ай ішінде 1,99 млн. теңге сомаға 102 адам оқытылды, қаражат КДИО-ға аталған қызметтерді көрсеткені үшін аударылды.

Ақсу қаласында Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бөлігінде.

Осы Бағдарлама шеңберінде 2013 жылы республикалық бюджеттен 192,3 млн. теңге сомаға 85 кредит берілді.

2014 жылға 65,3 млн. теңге мөлшерінде ақшалай қаражат қарастырылды.

2014 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша АШҚҚҚ 65,3 млн. теңге сомаға 28 жобаны мақұлдады және берді.



3-бағыт. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарына ерікті көшуге ынталандыру

11.

29.

Моноқалалардың тұрғындарын ірі өндірістік компанияларға жұмысқа орналастыруға, оқу орталықтарында оқытуға нысаналы жинау


Екібастұз қаласының жалдамалы жұмыскерлерінің саны 2014 жылғы қаңтар-сәуірде 40985 адамды құрады. «Богатырь Көмір» ЖШС, ГРЭС-1, ГРЭС-2 қала құраушы кәсіпорындарда жұмыскерлер үшін оқу-өндірістік комбинаттар өз қызметін жүзеге асырады.

2013 жылы отын-энергетика саласы үшін 700 орынға арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығын іске қосу жоспарланған болатын. Алайда, Павлодар облысы бойынша МСҚБ және лицензиялау басқармасының құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша көрсеткен бұзушылықтарға байланысты құрылыс тоқтатылды және қазіргі уақытта объектіні «Холдинг Кәсіпқор» АҚ балансына табыстау туралы қаулы дайындалуда.



Ақсу қаласында 2014 жылы кәсіптік қайта даярлықты ұйымдастыруға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» шеңберінде 23,9 млн. теңге, қалалық бюджеттен 64,4 млн. теңге бөлінді.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 597 жұмыссыз жүгінді, соның ішінде 241 - ауылдық аймақтан. Олардың ішінен 106 - әлеуметтік жұмыс орындарына, 67 - жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар санатынан 2014 жыл ішінде 283 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішіне ауылда – 89 адам. 184 адам ірі кәсіпорындарға жұмысқа тұрды, олардың ішінен 174 адам – «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытына, 13 – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ.



12.

30.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету (көшуге субсидиялар, қызметтік тұрғын үйлерді ұсыну, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту)

Екібастұз қаласына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 31,7 млн. теңге қаражат бөлінді, ағ.жылғы 1 қазанға жағдай бойынша 22,0 млн. теңге немесе 69,4% игерілді, Ақсу қаласына – 15,8 млн. теңге, ағ.жылғы 1 қазанға жағдай бойынша 10,0 млн. теңге немесе 63,3% игерілді.

4 бағыт. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын

халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып дамыту



13.

32.

Моноқалалардың инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып дамыту, оның ішінде:

Ақсу қаласында 2014 жылы 257,0 млн. теңге сомаға қаланың жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыру бойынша жобаларды қаржыландыру көзделді (7, 9 ықшамаудандардың орамішілік жылу трассаларын қайта жаңарту, Царев көшесі бойындағы жылу трассасын ауыстыру). 1 қазанға 100% игерілді.

32.1

Экономикалық әлеуеті жоғары және орташа моноқалаларда халықтың оңтайлы санына сәйкес тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын (сумен, жылумен, электрмен, газбен жабдықтау, кәріз және телекомму-никациялар) реконструкциялауды және (немесе) салуды қамтамасыз ету

Ағымдағы жылы Екібастұз қаласы кәсіпорындарының қаражаты есебінен электрмен, жылумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

«Горэлектросеть» АҚ кәбіл, әуе желілерін қайта жаңартуды, қосалқы станцияларына, әуе, кәбіл желілеріне жөндеу жүргізуде;

«ПЖС» ЖШС «ЭЖС» ӨК жылу желілерін ауыстыру бойынша жұмыс жасалуда. Екібастұз ЖЭО негізгі және қосалқы жабдығының қазандық агрегаттарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Ақсу қаласының жылу желілерін қайта жаңарту - 208,2 млн. теңге сомаға – 2 кезең (НП-1 (РОК-2) ЖК-1, ЖК-80 дейін). Қала көшелерінің жолдары қайта жаңартылды - 202,2 млн. теңге (1 қазанға 169,3 млн. теңге игерілді). Жалпы ұзындығы 4,2 км болатын асфальтбетон жабыны төселді. 3 учаскеде жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу жүргізілді, 100 жол таңбасы орнатылды, 4200 метр жол белгісі жүргізілді, 9000 метр жиек тас, соның ішінде қырөрнек те орнатылды. Әк тасты жол төсемін табиғи тасқа ауыстыру жүргізілді.


32.3

Моноқалалардың коммуналдық меншігіндегі апатты және тозған тұрғын үйлерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, ал жекелеген қалаларда -бұзу

Қазіргі уақытта Екібастұз және Ақсу қалаларында апатты объектілер жоқ.

14.

34.

Моноқалаларда аварияларға, апаттар және табиғи қасіреттерге қарсы әрекет ететін инфрақұрылымды дамыту


Төтенше жағдайлардың алдын алу және аварияларға, апаттарға және табиғи қасіреттерге қарсы әрекет ету мақсатында Екібастұз қаласында ағымдағы жылға арналған қала мен ауылдық аймақты су тасқыны болатын кезеңге дайындау жөніндегі жол картасы, 2014 жылға арналған өрт қауіпсіздігі кезеңіне іс-шаралар жоспарлары, Екібастұз өңірінің шекаралас аумақтарында өрттерді сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жоспары әзірленуде. Қазіргі уақытта аталған жоспарлар әзірленді және бекітілді.

Ықтималды төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қажетті материалдық ресурстар Екібастұз қаласы әкімінің төтенше жағдайларды жою үшін арналған резерв қорының қаражаты есебінен сатып алынады.



Ақсу қаласында инфрақұрылымды дамыту, төтенше жағдайларға қарсы әрекет жасау мақсатында мыналар жүзеге асырылады:

- арнайы техниканы сатып алу;

- төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы халықты хабардар етудің қалалық хабарландыру жүйесін жаңғырту (2014 жыл ішінде).


15.

35.

Моноқалаларды келесі жұмыс түрлері бойынша жайластырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешуді қамтамасыз ету: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, тұрғын үй қорын сақтау және қоқыс шығару, санкцияланбаған үйінділерді жою, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын және мал қорымдарын жайластыру, жылу жүйелерін, әлеуметтік сала объектілерін, су құбырларын, кәрізді жөндеу, аулалық балалар ойын алаңдарын орнату, қала ішіндегі жолдарды жөндеу, алаңдарды, көшелерді, шағын бақтарды абаттандыру, арық желілерін жөндеу, табиғатты қорғау іс-шаралары


2014 жылы Екібастұз қаласында республикалық бюджет қаражаты есебінен 555,9 млн. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді, 100,0 млн. теңге сомаға 47,6 мың м2 орамішілік аумақты ағымдағы жөндеу орындалды, 10 балалар ойын алаңқайын жайғастыру - 12,5 млн. теңге, ұзындығы 11,7 км қала көшелерін орташа жөндеу - 443,4 млн. теңге. Есептік күнге барлық жұмыстар аяқталды.

Абаттандыру бойынша іс-шараларды жүргізуге қалалық бюджет қаражаты есебінен 184,1 млн. теңге бөлінді:

- жасыл көшеттерді күтіп-бағу жұмыстары, 10 саябақ пен гүлзарда күтіп-бағу жұмыстары;

- қаланың 3 ықшамауданындағы аумақты абаттандыру;

- сәндік көгалдандыру (1956,3 мың м2 гүлбақ салу).

Бүгінгі күні 1956,3 мың м2 гүлбақ салынды, жасыл көшеттерді ай сайын күтіп-бағу жұмыстары атқарылуда, М. Әуезов көш. жаяужол аймағын көркейтуге шарт жасалды. 46,2 млн. теңге игерілді.

Лифт шаруашылығын қалпына келтіру бағдарламасы шеңберінде 2014 жылға 139,0 млн. теңге бөлінді, соның ішінде 10 лифт сатып алуға және монтаждауға – 65,3 млн. теңге, 56 лифтіге жоспарлы-ескерту жөндеуге – 6,1 млн. теңге, өзінің нормативтік мерзімін өтеген 33 лифтіні жөндеуге - 67,5 млн. теңге. 2014 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша игерілу 100%.

2014 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша мынадай жұмыстар орындалды:

- бір жылдан аса пайдаланылатын 56 лифт мөлшерінде жыл сайынғы жоспарлы-ескерту жөндеу, сомасы 6,0 млн. теңге.

- диагностика нәтижелері бойынша өзінің нормативтік мерзімін өтеген 33 жолаушы лифтін жөндеу, сомасы 68,0 млн. теңге, 33 диспетчерлік блок орнату және техникалық куәландыру жүргізу.

- 65,0 млн. теңге сомаға 10 жаңа жолаушы лифтін ауыстыру бойынша жұмыстар.

2014 жылға бекітілген жоспарға сәйкес Ақсу қаласында жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландырып іске асыру көзделді.

185 404,0 млн. теңге мыналарға бөлінді:

- ЖК-1-ден ЖК-11-ге дейін жалпы ұзындығы 2,1 шақырым, диаметрі 600 магистралдық жер беті жылу трассасын, екі желіге ілмекті арматураны ауыстырумен 11 жылу камерасын жөндеумен күрделі жөндеу (127,4 млн. теңге). 1 қазанға игерілу 70,2 млн. теңгені құрады, нақты игерілмеу 16,1 млн. теңгені құрайды (мердігер жұмысын уақытылы орындамады), 33,6 млн. теңге сома вице-министр Өскенбаевтың хатымен жылу маусымының басталуына байланысты игерілмеуді болдырмау үшін аула аумақтарын абаттандыру бойынша жобаға аударылды;



- аула аумақтарын абаттандыру (58,0 млн. теңге). 33,6 млн. теңге сома аулаларды абаттандыру жобасына қосылды. 1 қазанға 86,2 млн. теңге игерілді.

ч. 1