Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы

ч. 1 ... ч. 6 ч. 7 ч. 8 ч. 9 ч. 10 ... ч. 21 ч. 22

Жылулық сезімі» (оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін жолдайды.)

ІІ.Қызығушылықты ояту.



Ой қозғау Оқушылардың периодтық заң туралы білімін тексеру мақсатында тапсырмалар беру:

  1. Кейбір элементтердің сутегі мен және оттегімен қосылыстарының жалпы формулалары қандай:RH3,R2O,RO2,RH,RH4. Осылардың қайсысы көміртегі мен мышьяктың сутекпен қосылысы мен жоғары оксидінің формуласына сәйкес келеді?

  2. Мына қосылыстардың формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: РН, Н, СН, NH .

  3. Жоғары оксидтерінің формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: CIO, SbO, PbO, SiO.

2 тапсырма өздік жұмыс

Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. Салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне қарай орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері не себепті периодты өзгереді?

  2. Период дегеніміз не?

  3. Периодтық заңның тұжырымдамасы қандай?

  4. Неге кей жағдайларда (Ar–K, Co–Ni, Te–I) элементтер атомдық массаларының өсуіне байланысты орналаспаған?

  5. Заңды өзгерістер болатын элементтердің және олардың атомдарының қандай қасиеттерін білесіңдер?

Осындай проблемалық сұрақтар кезінде Менделеевті де ойландырды. Өмірінің соңғы жылдарында мұның сыры атомдардың күрделі құрылысында болар деген болжам жасады. Оқушылар бұл сұраққа жауап беру үшін физикадан өткен атом құрылысы туралы білімдерін қолданады.

3 тапсырма презентация «Атом құрылысы»

ІІІ. Жаңа сабақ Мағынаны тану

  1. Атом құрылысы туралы не білесіңдер?

  2. Атомдар қандай негізгі екі бөлшектен құралған?

Топпен жұмыс . Джиксо әдісі бойынша мәтінмен танысып,бір –бірлеріне түсіндіру

Тағы басқа сұрақтар бере отырып, атомның күрделі құрылысы туралы әңгімелеу.

Оқушылардың жауабы 1911 жылы ағылшын физигі Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады. Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

2 тапсырма кестені толтыру

Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер

Белгісі

Салыстырмалы заряды

Салыстырмалы массасы

Протон

р

+

1

Нейтрон

п

0

1

Электрон

е



0



1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.
А = Z + N; A – атомдық масса; Z – протон; N – нейтрон;
Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор элементінің массасы 35 және 37 болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі. Олар изо- топтар. Изотоптар – ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп – бірдей орында деген мағнаны білдіреді.

Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:

1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей – оттегі изотоптары.

2. - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .

Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор эле- ментінің с.а.м. 35,5. Бұл ұғымдардың айырмашылығын түсіндіру үшін мынадай мысал- дар келтіріледі. Табиғатта изотобы 75%, ал изотобы 25% таралған.Осыдан хлор элементінің орташа с.а.массасы шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5

Периодтық жүйеде келтірілген элементтердің атомдық массалары изотоптардың табиғи қоспаларының орташа массалық саны. Изотоптар туралы мәліметтерді ескере отырып, оқушыларға химиялық элемент ұғымының нақты анықтамасын беру қажет. Химиялық элемент дегеніміз – ядро заряды бірдей атомдар түрі.Периодтық заңға атом құрылысы тұрғысынан жаңа анықтамасын береміз.

ІІІ Ой толғаныс Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі және сұрақтар қойылады.

1-нұсқа. 5-49,5-50,5-52,5-53а, 2-нұсқа. 5-55,5-51,5-54,5-53ә,

  1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

  2. Атом ядросының заряды немен анықталады?

  3. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  5. Элемент атомының массасы немен анықталады?

  6. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?

  7. Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы қазіргі периодтық заңның ережесін,әр атомның ядро зарядын, нейтрон және электрон санын таба білуі қажет.

Бағалау:

Өзін-өзі бағалауы

Топ басшысының бағалауы

Жиынтық бағалау

Үйге тапсырма: §53,(1-4), §54,(1-4), §55оқу. Жұмыс дәптері.

Кері байланыс .Рефлексия Стикерге жазып жапсырады



Химия 8 сынып

күні:

Сабақтар тақырыбы : Химиялық элементтердің жіктелуі.

Сабақтың мақсаты: Химиялық элементтердің жіктелуі,атом қабаттарына электрондарды толтыру заңдылығы, электрондық деңгейлер,олардың периодқа байланысты екенін түсінеді. Электрон қабаттарының өзгеруіне байланысты элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері периодты және секірмелі түрде өзгеретінін түсінеді.Зат құрылысының және элементтің химиялық қасиетінің табиғи заңдылығын нақтылай отырып,оның себебін түсінеді..

Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі,екінші период элементтерінің атом құрылысы туралы кесте.

Сабақтың түрі: дәстурлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, «ыстық орындық», «Жиксо»,

»ойлан-жұптас-талқыла».



Сабақ барысы:,

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.

Жылулық сезімі» (оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін жолдайды.)

ІІ.Қызығушылықты ояту.



Оқушылардың білімін тексеру. Оқушылармен мына сұрақтар талданады:

  1. Атомдар қандай бөлшектерден тұрады?

  2. Изотоп деген не?

  3. Реттік нөмірдің физикалық мәні неде?

  4. Элемент және оның қосылыстарының химиялық қасиет,і элементтердің оксидтеріндегі валенттілігі, бейметалдардың сутегімен қосылыстарындағы валентігі қалай өзгереді?

Екінші период элементтерінің құрамы тақтаға ,оқушылар дәптеріне жазады?

Элемент таңбасы, рет рөмірі


Протон саны


Нейтрон саны


Электрон саны


С.а.м.

3. Li

3

4

3

7

4. Be

4

5

4

9

5. B

5

6

5

11

6. C

6

6

6

12

7. N

7

7

7

14

8. O

8

8

8

16

9. F

9

10

9

19

10. Ne

10

10

10

20

Оқушылар атом ядросының заряды элементтің реттік нөмірі қанша өскен сайын электрон қабатындағы электрон саны да,сонша өсетіндігі туралы білімдерін бекітеді.

ІІІ ІІІ. Жаңа сабақ Мағынаны тану

Презентация арқылы мағлумат беру.

Бұдан соң атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып,электрон қабаттарын түзетіндігі жайлы айтып өткен жөн.Электрон қабаттары энергиялық деңгейлер деп те аталады.Оларды ядродан бастап 1,2,3,4,5,6,7,деп нөмірлейді,немесе K,Z,M,N,O,P,Q әріптерімен белгілейді.Атомдағы электрондарда түрлі энергия қоры болады,оны электрондар квант деп аталатын кесінді үлеспен сіңіреді немесе бөліп шығарады. Деңгейдің нөмірін көрсететін бүтін п саны негізгі кванттық сан деп аталады. Ол берілген энергиялық деңгейдегі электронның энергиясын көрсетеді. Ядроға ең жақын бірінші энергиялық деңгейдегі электрон энергиясы ең аз мөлшерде болады. Бірінші энергиялық деңгейдегі электронмен салыстырғанда қалған деңгейдегі электрондардың энергия қоры көп болады.Осыған орай сыртқы қабаттағы электрондардың ядромен байланысы әлсіз. Атомдағы энергиялық деңгейдің саны,осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді:

1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей,

2-периодта – екі,

3-периодта – үш т.с.с.

Энергиялық деңгейдегі болатын электрондардың ең жоғары саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2. N-электрон саны, п-деңгей саны(ядродан бастап санағандағы) немесе негізгі квант саны.

Осы формулаға сәйкес бірінші энергиялық деңгей де п=1; 2∙12=2 электрон,

п=2; 2∙22=8 электрон,

п=3; 2∙32=18 электрон,

п=4; 2∙42=32 электрон.

Осыдан кейін оқушыларға оқулықтағы кестені пайдаланып, алғашқы 20 элементтің электрондық қабаттарының құрылысы түсіндіріледі.(Оқушылар дәптерлеріне жазып отырады).

Бірінші энергиялық деңгейге екі электроннан артық сыймайтындығына назар аударамыз (Мысалы, Н атомында 1-электрон, Не атомында 2-электрон бар). Сондықтан 1-ші периодта екі элемент бар.Осы формулаға сүйене отырып, 2-ші периодта – 8, 3-ші периодта – 18 элемент болатынын оқушылар есептеп табады да, Li-ден, Ne-ға дейінгі элементтердің энергиялық қабаттарында электрондардың орналасуын жазады. Үшінші энергиялық деңгейді электрондар- мен толтыру алғашқы қабаттарға қарағанда өзгеше болатынына көңіл аударылады.

Алғашқыда оған 8 электрон орналасады: натрийден (бір электрон) аргонға дейін (8 электрон), мұнан соң үшінші қабатты электронмен толтыру уақытша тоқталады. Калийдегі 19-шы, кальцийдегі 20-шы электрондар төртінші деңгейде болады.

Бұл элементтердің атом құрылысының сызбанұсқасы:

+19К 2е,8е,8е,1е;

+20Са 2е, 8е, 8е, 2е;

Скандий элементінен бастап (№21), мырыш элементіне (№30) дейін электрондар қайтадан үшінші энергиялық деңгейге орналасады, ал төртіншіде екі электрон сақталады, сызбанұсқасы: +21Sc 2e,8e,9e,2e;

+30Zn 2е,8е,18е,2е;

Галий элементінен бастап(№31) электрондар төртінші энергиялық қабатқа орналаса бастайды. Ол 4-ші периодтың соңғы элементі криптонға дейін сақталады.

ІІІ Ой толғаныс Сабақ соңында мынадай қорытынды : элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың сыртқы электрондық қабаттарындағы электрон сандарының қайталануымен түсіндіріледі,бір периодта әрбір жаңа электрондардың қосылуынан қасиеттердің күрт өзгерісі байқалмайды,ал жаңа электрон қабатында келесі электронның пайда болуы элементтер қасиетінің секірмелі өзгеруіне әкеледі (күрт өзгертеді). Диалектиканың санның сапаға көшу заңдылығының дәлелі.

Электрон қабаттарының құрылысы жайлы оқушылар кластер құру арқылы білімін және құрылыс сызбанұсқасын жазу ,жаттығу жұмыстары орындалады.
1-нұсқа. 5-56 а,б, 5-78, 5-61; 2-нұсқа. 5-56 ә,в, 5-79, 5-62; 97-99беттер.
Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы алғашқы 1-3 период элемент атомдар арасындағы электрон қабатын толтыру заңдылығын түсіндіре білу,элементтің реттік саны өсуіндегі қасиеттерінің біртіндеп және секірмелі түрде өзгеру себептерін айтып беруі қажет. Сөйтіп оқушылар зат құрылысының табиғи заңдылығын түсіне бастайды. Химиялық қасиеттері энергиялық деңгейлерде электронның орналасуына тәуелді екенін түсінулері қажет.

Үйге тапсырма: §56,(1-8) Жұмыс дәптері.

Есептер мен жаттығулар жинағы. 5-69,5-70,5-71,5-73, 98-99 беттер.

Бағалау:

Өзін-өзі бағалауы

Топ басшысының бағалауы

Жиынтық бағалау

Кері байланыс .Рефлексия. «Шырақ болып жанайық!»

ч. 1 ... ч. 6 ч. 7 ч. 8 ч. 9 ч. 10 ... ч. 21 ч. 22