Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы

ч. 1 ... ч. 3 ч. 4 ч. 5 ч. 6 ч. 7 ... ч. 21 ч. 22

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.



ІІ.Үй жұмысын пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін таза заттар мен қоспаларды ажырата білуге арналған төмендегі тапсырмаларды орындату.

1. Келтірілген тізімнен заттар мен қоспаларды жеке бөліп жазыңдар:ауа,темір,ас тұзы,сүт.

2. Өзің білетін қоспаларды бөлудің әдістерін қолданып, судан мына заттарды қалай бөлуге болатындығын көрсет: а/қант: ә/ бор: б/ бензин: в/ ас тұзы. Қандай қасиеттеріне сүйеніп, бұл заттарды судан бөлдің?

3. Төмендегі келтірілген әдістермен қандай қоспаларды бөлуге болатындығына мысал келтір : а/ сүзу: ә/ суалту: б/ тұндыру.

Жаңа материалды оқыту:Оқушылардың физика курсынан алған біліміне сүйене отырып, физикалық құбылыс кезінде заттың пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеретінін еске түсіре келіп, химиялық құбылыс туралы түсінік беру. Осыған орай химиялық құбылыс заттар қасиетінің өте күрделі өзгерістері екендігін оқушыларға таныстыру. Сабақты табиғаттағы заттардың түрлі өзгерістерін еске түсіре отырып, әңгімелеуден бастаймыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.:

1. Табиғатта жүретін қандай өзгерістерді білесің?

2. Табиғаттағы өзің бақылаған заттар өзгерісіне мысал келтір.

3. Заттардағы байқалатын өзгерістердің барлығы бірдей ме?

Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара салыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл үшін оқушылар шыны түтікті ию, қантты ұнтақтау, еріту және жағу, парафинді балқыту тәжірибелерін жасайды. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды. Ал қанатты жағу кезінде оқушылар назарын жаңа зат – көмір мен су түзілгеніне аударамыз. Осыдан кейін магнийді, парафинді жағу, мыс пластикасын күйдіру тәжірибесі жүргізіледі. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады. Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді – физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табуды тапсырамын..

Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері болатындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу( мысалы, BaSO4 ,AgCl,т.б) газ бөліну(H2, O2, NH3, CO2, т.б.), батареяда тоқтың пайда болуы, соның әсерінен электр шамының жануы химиялық құбылыс екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аудару керек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі жаңа заттардың түзілуі.Содан соң реакцияның жүру жағдайлары қарастырылады.

Тәжірибе жасау.Ағаштын жануын байқау.Ағаш ауада жанған кезде,оның құрамындағы заттар химиялық реакцияның нәтижесінде газға айналып ,ұшып кетеді.оған көз жеткізу үшін сірінке шырпысын жағып,төнкерілген стаканың ішіне апарайық.стаканың ішкі қабырғасына су тамшылары қона бастайды.шырпы жанғанда түзілетін газдың табиғатын жоғарыдағыдай әк суымен шаймалап анықтауға болады.ақ түсті тұнбанын пайда бола бастағанын көресіндер.Ағаш жанғанда түзілетін өнімдердің қатарында су және көмірқышқыл газы бар.Бұл тәжірибеден газдың бөліп шығуы байқалады.

Жаңа материалды бекіту үшін оқушылар төмендегі сұраққа жауап береді.

1. Мына құбылыстардың қайсысы химиялық құбылысқа жатады: а)қар қиыршықтары- ның түзілуі; ә) қанттың көмірленуі.

Одан соң сыныпта оқушыларға мына тапсырмаларды орындатамың. Төменде келтірілген мысалдардан а) физикалық: ә) химиялық құбылысты бөліп жаз: парафиннің балқуы, жаңқаның көмірленуі, сүттің ашуы, темірдің таттануы, ағашта қыраудың пайда болуы , электр шамы қылының қызаруы, қанттың көмірленуі, қанттың суда еруі.
Үйге тапсырма беру. §4,5. 16-бет, 1-8 жаттығулар,17-бет 1-7 жаттығулар.

Химия 8 сынып

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері . Зат массасының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық реакция теңдеулерін жазу, коэффициент қою,жазылған реакция теңдеулерін білу ,зат массасының сақталу заңының мәнін ұғып икемділіктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: реакция теңдеулерін теңестіре отырып логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал–жабдықтар: Кестеге жазылған алгоритм, элементтердің валенттілігі көрсетіл- ген кесте.

Тірек білім мен біліктер: Заттың құрам тұрақтылық қағидасы, зат массасының сақталу заңы, химиялық формулаларды құрастыру.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.



ІІ.Үй жұмысын пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Білім мен біліктерін тексеру: Заттың құрам тұрақтылығы жөніндегі қағида, қоспа мен химиялық қосылыстарды ажыратуға, химиялық қосылыс құрамын формула арқылы көрсетуге мүмкіндік туғызды.

Зат массасының сақталу заңын дұрыс түсініп, игеруін қамтамасыз ету мақсатымен оқушыларды жаңа ұғымды қабылдауға дайындау. Ол үшін оқушыларға көп сұрақтар қойылады.

  1. Қоспа мен химиялық қосылыстың айырмашылығы неде?

  2. Заттың химиялық формуласының маңызы мен қажеттігі неде?

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың өзара пікір алысуына көмектесе отырып, жаңа материалды қабылдауға қажетті ұғымдарды естеріне түсіру.

а) Алыну әдісіне қарамастан химиялық қосылыстардың құрамы тұрақты;

ә) Химиялық реакция кезінде атомдар сақталады.

б) Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдер бастапқы алынған зат құрамындағы атомдардан құралады деген қорытындыға келу.

Осы қорытындыларға сүйене отырып, химияның негізгі заңдарының бірі – зат массасының сақталу заңын түсіндіремін. Сабақ мақсатымен таныстырамын.

1.Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?

Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық қағидасына сай 7 г темір, 4 г күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г-ға тең болады. (КК)

Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.

Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді. Неге?

Алдын ала өлшеніп алынған темір ұнтағы не мыс ұнтағы қыздырылады. Бастапқы заттың түсінің өзгергеніне оқушылар назарын аудара отырып, химиялық реакцияның жүріп жатқанын айтамын.Түзілген өнім өлшенеді. Бастапқы және реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массалары тең емес екеніне оқушылардың көзі жетеді. Оқушылар үшін туған бұл қарама- қайшылықты М.В.Ломоносовтың жүргізген тәжірибесін айтып, түсіндіремін. Осыдан кейін оқушыларды зат массасының сақталу заңының қазіргі анықтамасымен таныстырып, дәптерлеріне жазғызамын.

Енді зат массасының сақталу заңының маңызына тоқталайық .

Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.

Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі.

Үшіншіден, бұл заң химиялық реакция теңдеуін жазуға, сол теңдеу көмегімен есептеу лер жүргізуге мүмкіндік туғызды. Демек ,бастапқы заттардың біреуінің массасы белгілі болса реакцияға түскен басқа заттардың не түзілген заттардың массасын есептеп шығаруға болады.

1. Зат массасының сақталу заңының маңызы неде ?

Судың айырылу реакциясын мысалға ала отырып теңдеудің сол жағы мен оң жағындағы формулаларды, қойылатын таңбаларды, индекстерді жазып көрсеткеннен кейін химиялық реакция теңдеуінің коэффициенті деген жаңа ұғымды түсіндіремін.. Оқушы коэффициенттің не үшін керектігін білу қажет. Осы мақсатта оқушыларға мынадай сұрақ беріледі:

1. Химиялық реакциялардың мәні неде?

оқушыларды химиялық реакцияның мәні бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуында деген тұжырым жасауына бағдарлау керек. Осыған сүйене отырып, реакцияны коэффициент арқылы теңестіруді көрсетемін.. Химиялық теңдеу коэффициенті жөніндегі білімін

бекіту мақсатымен оқушыларға бірнеше теңдеуді теңестіру тапсырылады .

1/ ? AL + S = AL2S3

2/ ? Ca + O2 = ? CaO

3/ ? Fe + O2 = ? Fe2O3

.

Оқушылар химиялық теңдеулерді құру ережесін оқулықтан оқып , танысқаннан кейін төмендегі алгоритмді құрады. Ол үшін алгоритмнің әрбір жолын өзінің қойған сұрағына жауап алғаннан кейін тақтаға жазып кесте түрінде, есепті шығару жолдарын қайталағаннан кейін таныстырып шығамын.. (Оқулықтан қарауға болады.)

Мысалы: 12г күкіртті темір ұнтағымен қыздыру нәтижесінде 33г темір сульфиді түзілді.Қанша грамм темір реакцияға қатысты?

Берілгені: m(FeS) = 33г Шешуі: 33г – 12г = 21г Жауабы: m(Fe) = 21г

m(S) = 12г

Т/к: m(Fe) = ?
Жаңа материалды бекіту:

1.Мына реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз:

а) N2 + H2  NH3 ә) CO + O2 CO2

б) Al + Cl2  AlCl3 в) KOH + H2SO4  K2SO4 + H2O

г) MnO2 + H2  Mn + H2O

2.Реакция нәтижесінде шыққан заттардың формуласын валенттігі бойынша құрыңыз, және реакция теңдеулерінің коэффициенттері қойып теңестіріңіз:

III II II II V II

а) Al + S  Al S ә) Ba + O2  Ba O б) P + S  P S

  1. Массасы 24г мыс сульфиді түзілу үшін 16г мыс алынған. Ал күкірттің неше грамы керек?

  2. Массасы 56г магний сульфидін алу үшін 32г күкірт жұмсалды. Ал магнийдің қанша грамы жұмсалады?

Сабақ соңында оқушыларға қойылатын бекіту сұрақтары:

  1. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?

  2. Зат массасының сақталу заңының анықтамасын айт.

  3. Реакция нәтижесінде зат массасының сақталатынынқалай дәлелдеуге болады?


Үйге тапсырма беру: §114. (1-8) Жұмыс дәптері.


Химия 8 сынып

Күні

Сабақтың тақырыбы: Зат мольшері, Моль, Авогадро саны, Молярлық (мольдік) масса.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль туралы, Авогадро саны жөнінде ұғым қалыптастыру. Заттың берілген өлшемі бойынша құрылымдық бөлшектердің санын анықтауға үйрену.

Дамытушылық: Молярлық масса ұғымын, заттың молярлық массасын есептеп шығару білігін қалыптастыру. Масса, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, молярлық масса деген ұғымдарды өзара байланыстыра отырып, есеп шығаруға үйрету. Молярлық және салыстырмалы молекулалық массалар сандық мәні бойынша тең болатындығын түсіндіру.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Пән/қ байланыс: физика, биология.

Құрал жабдықтар: зат мөлшері бір моль болатын металлдармен бейметаллдар үлгілері (күкірттің, темір ұнтағының, мырыштың, )

Тірек біліммен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.



ІІ.Үй жұмысын пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа материалды оқыту. өткен сабақтан байланыстыру мақсатымен оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын:

1. Заттың құрам тұрақтылығы дегеніміз не?

2. Темір сульфидінде темір мен күкірттің тұрақты масса қатынасы қанда?

Оқушыларға ұнтақтар 4 г. күкіртте күкірттің қанша атомы болса, 7 г. темірде темірдің сонша атомы болатынын түсіндіреді. Демек, әрбір темір атомы күкірттің бір атомымен қосылысады деген тағы бір тұжырымды оқушы өз бетімен жасайды.

Бұрын алған білімін еске түсіріп, талдау нәтижесінде жасаған қорытындыларына сүйене отырып, заттардың атомдары мен молекулаларының қажетті санын алу іс жүзіне мүмкін еместігін айтады. Сондықтан химияда «зат мөлшері» деген физикалық шама қолданылады.

Ал зат мөлшері сол заттың құрылымдық бөлшектерінің санымен анықталады, яғни атом, молекула немесе басқа бөлшектер саны. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль. Моль–берілген заттың құрылымдық бөлшектері 12г көміртегіндегі атом санына сәйкес келетін зат мөлшері. ν (ню) әрпімен белгіленеді, құрылымдық бөлшектер саны Na әрпімен белгіленеді.

Заттың керекті мөлшерін қалай өлшеп алуға болады?

Осы жерде молярлық массаны пайдаланатындығын айтып, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Зат мөлшерін моль арқылы өрнектеген сияқты молярлық масса зат массасын грам арқылы көрсетеді. Демек, «Заттың молярлық массасы М зат массасының зат мөлшеріне қатынасына тең шама» деген анықтаманы айтып, оқушылардың дәптеріне жазғызады.

Молярлық масса г/мольмен, яғни граммен алынған мольмен өрнектеледі: М=m / ν Мысалы: 1) M(H2)= 2 г/моль; 2) M(O2) =32 г/моль; 3) M(H2O) =18 г/моль

Оқушылардың өздігінен шығаруына берілетін есептер:

  1. Массасы 112г темір неше моль болады?

  2. Массаса 132г көміртегі(IV) оксиді неше моль болады?

  3. Массасы 272г мырыш хлориді неше моль болады?

  4. Мөлшері 0,3 моль көміртегі(IV) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;

  5. Мөлшері 0,2 моль мыс (ІІ) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;

  6. Мөлшері 0,5 моль судың массасын есептеп шығарыңдар;

Оқушылардың шығарған есептерін тексеріп, қателерін түзеткеннен кейін, жаңа тақырып бойынша қорытынды жасалады.

Сабақ соңында төмендегі сұрақтар көмегімен оқушыларда жаңадан қалыптастырылған ұғымдарды бекітуге болады:

  1. Заттың молярлық массасы дегеніміз не?

  2. Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не?

  3. Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады? Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?

  4. Зат мөлшері қалай белгіленеді?

  5. a) ν (C) = 4 моль деген жазу нені білдіреді?

б) ν (H2O)=2 моль деген жазу нені білдіреді?

  1. Үш молекула су қанша моль болады?

Үйге тапсырма. § 17. (5-6)


Химия 8 сынып
Күні

Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакцияның типтері :қосылу,айырылу № 2зертханалық тәжірибе /2.1,2.2/

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қосылу, айырылу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тереңдете дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал– жабдықтар: Суды айыруға қажетті құрал, сынауықтар, спиртшам, мыс, мырыш, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: есептер шығару, оқулықпен жұмыс.

Тірек білім мен біліктері: Зат массасының сақталу заңы , валенттілік , жай және күрделі заттар жөніндегі білім; заттың химиялық формуласын, химиялық теңдеуді құрастыра білу біліктері .

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.



ч. 1 ... ч. 3 ч. 4 ч. 5 ч. 6 ч. 7 ... ч. 21 ч. 22