Адам өміріндегі судың маңызы қандай

ч. 1
Титулдық бет


_mg_1533смм


Оқушының аты-жөні:

Рысмағанбетова Әсел Тұрарқызы



Класс: 11 «С»

Тақырыбы: Су – тіршілік көзі

Зерттеу сұрағы: Адам өміріндегі судың маңызы қандай?

Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме

Мен осы зерттеу жұмысы өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.

---------------------------(Қолы)

10.03.2014 жыл



Кіріспе

«Су бар жерде ырыс бар: 
ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, наныңды жейсің»
.қазақ мақал-мәтелі .

Жер ғаламшарындағы тіршілік иеліренің (адам , жан-жануар , өсімдіктер, жәндіктер) ең қажет ететін қоректерінің бірі – cу . Су дегеніміз қандай зат ? Су – cутегі мен оттегіден құралған химиялық қосылыс. Су – тіршілік көзі .Неліктен су – тіршілік көзі ? Себебі , адам сусыз 5 ғана күн, ал жануарлар 7 ғана күн өмір сүре алады . Мәселен , су адам организмінің ,60-70% -н , өсімдіктердің 90%-н, балықтың 70-80%-н , ал Жер шарының 3\4 бөлігін алады .Ер адам күніне 3 литрдей, ал әйел адамдар күніне 2,2 литрдей ішуі қажет екендігін америкалық медициналық орталық MAYO CLINIC зерттеу барысында анықтаған. Демек , су болмаса , Жер ғаламшары да , тіршілік те жоқ деген сөз . Осы эссе жазу барысындағы зерттеу сұрағымның жауабы осы судың тіршілік иелері үшін пайдалы жағын дәлелдейтін аргументтер келтіру болатын . Келтірілген аргументтерге сүйене отырып , судың адам , жануарлар өміріндегі маңыздылығына жалпы шолу жасадым және эссе барысында толығырақ сенімділігі жоғары зерттеу ұйымдарының келтірген деректеріне сүйене отырып анықтайтын боламын. Зерттеу эссенің жазылу шарты басқа эссе түрлеріне қарағанда ерекше болып келеді . Ол қандай ерекшелік? Әрине, ол зерттеу сұрағыңның жауабы болатын аргументтер және дәлелдемелер келтіру және осы аргументтерге қарсы контр-аргументтерді факттермен дәлелдеу . Сонымен , кез-келген нәрсенің оң және теріс жағы болады , сол секілді тіршілік көзі - судың адам немесе жануар өміріне тигізер кері әсері болу мүмкін бе ? Бәлкім , бар . Себебі бір ақ әріптен тұратын у деген зат - ең қауіпті нәрсе , сол секілді екі ғана әріптен тұратын су жалпы жер ғаламшары үшін қауіп тудыратын нәрсе болуы мүмкін. Мәселен , дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген мәліметтеріне сәйкес әлемдегі барлық ауру түрлерінің 80%-ының пайда болу себебі – лас ауыз суын ішуі , сонымен қоса су - Жер планетасындағы cырқаттанып дүниеден озған балалардың 50%-ының себепшісі .Су мен өрт – тілсіз жау .BBC ұйымының келтірген деректеріне сүйенсек , 2012 жылы Жапонияда болған су тасқыны уакытында 20 адам ажал құшқан . Бұл келтірілген дерек те судың адам өміріне тигізер кері әсері туралы баяндайды. « Судың да сұрауы бар» деген мақалды қазақ бекер айтпаса керек.. Бұл мақалды оқи отырып , қандай түйін шығаруға болады? Менің көзқарасым бойынша , бұл мақал «адамдар таза суды қалағанынша пайдаланады , егер олар сол суды орнымен пайдаланбаса , су қоры күндердің бір күні таусылатын болады» деген мағынаны білдіреді . Алайда , қолда бар алтынның қадірі жоқ дегендей , суды үнемдеп пайдалану , оны сақтау , қорғау су таусылмайынша қолға алынбайтын секілді. Ішуге жарамды таза судың сапалылығы да төмендеуде , яғни түсін өзгертіп , ластанып бара жатыр , мысалы , әлемде 884 миллион адамның таза , қауіпсіз су пайдалануға мүмкіндігі жоқ . Осы адамдардың 37%-ы Африкада өмір сүреді . Бұған кім кінәлі ? Әрине , таза суды дұрыс пайдалана білмеген адамдар кінәлі . Зерттеу эссесін жазу барысында су мәселесінің қазіргі жағдайын,пайдасын, зиянын анықтаймын және суды үнемдеу мен тазарту шараларын ұсынамын.

Негізгі бөлім

Су - өзіне ғана тән физикалық қасиеттерімен ерекшеленетін химиялық қосылыс.Су қай кезде болмасын өз қажеттілігін жоғалтпайды және тіршілік иелері үшін ең маңызды компонент болып табылады. Cудың адамға , оның денсаулығына тигізер пайдасы көп және өмір сүру процесінде маңызды рөл атқарады .Неліктен?

Біріншіден , су – адам организмінің ажыратылмас құрамдас бөлшегі. Жас ерекшелігіне байланысты су адам организмінің 70-75% -н құрайды. Адам тамақсыз 4-7аптаға дейін шыдай алады , бірақ сусыз адам организмі 5 күннен артыққа шыдамайды .

Екіншіден, су – қоректік зат . Су қанмен бірге тамақтардың организмге таралуына көмегін тигізеді . Су тұздар мен қоректік заттарды ерітуші ретінде есептеледі .

Үшіншіден , су – организмді тазарту тәсілі . Су зәр шығару мүшесі мен тері арқылы қорек алмастыру немесе сыртқа шығаруға көмекші құрал қызметін атқарады. Бұл дегеніміз – организмдегі улы , керек емес қоректік заттардан арылу деген сөз . Бұл процесс – адам организміндегі ең қажетті процесс , демек , су - ең керекті процесске қатысушы нәрсе.

Төртіншіден, күрделі оталарды (операция) жасауды қажет ететін рак ауруын болдырмас үшін жасалатын алдын-алу шаралары – таза су ішу . «Таза су ішу қуықтағы обыр ауруын 50%-ға , ал жуан ішекте пайда болатын рак ауруын 45%-ға азайтуға мүмкіндік береді, себебі қуық ,жуан ішек жұмысы таза су арқылы реттеледі» дейді «Дократес» онкологиялық клиникасының врачы , доцент, профессор ,медецина ғылымының докторы Hemminki, Akseli

Бесіншіден , су адамның бұлшық ет ұлпасының 75%-ын құрайды. Күнделікті таза су қолдану адамды шаршаңқы көңіл-күйден , әлсіздіктен арашалайды. Бұлшық ет ұлпасына су барғанда , тері де жұмсақтанады.

Алтыншыдан, су –адамды өлімнен аралашалаушы. Өрт болған жағдайда , өртті сөндіретін бір ғана зат – су .  Ал, өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. 2014 жылы Батыс Қазақстанда өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артты .Ендігі уақытта қауіпсіздік шараларын , өртті тоқтататын машиналар , су көлемін артттыру керек деп хабарлайды БҚО ТЖД Өртті қадағалау басқармасы тергеу бөлімінің маманы Нұрболат Егенбаев.
Қорыта келе, су адам өміріне қажет ,онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. «Су – жұмсақ әрі әліз жаратылыс, бірақ ол қатты мен беріктікті жеңуде жеңілмейді, әлемде оған тең келетін зат жоқ.» (қытай ойшылы Дао Де Цзинм)

Контр-аргумент

Бұл аргументтерге контр-аргумент келтіру – эссе жазудағы мақсатымның бірі . Яғни, судың Жер планетасына тигізер кері әсері де бар. Бұл келтірген аргументімді сенімділігі жоғары деректер көзіне сүйене отырып дәлелдеймін.

Біріншіден , суды артық мөлшерде қолдану денсаулыққа зиян. Бүйректас (нефролитиаз) ауруына шалдыққан адамның ауруын одан сайын асқындырады , яғни бүйректегі тастың көлемі ұлғаяды . РАМН тамақтану клиникасының докторы , доцент Еленой Семеновной Чедия бұл ақпаратты өз сұхбатында осы ақпаратты растайды . Кейбір адамдар арықтаймыз деп артық мөлшерде су пайдаланады , алайда мөлшерден тыс су ішу тек қана бүйректас ауруының себепшісі ғана емес , сонымен қатар жүрек-қантамырларына артық салмақ түсіріп артериядағы қысымды ұлғайтып алатындығы жайлы сөз қозғаған . Осы сөздерден күніне 8 cтаканнан артық су ішу адам организміне зиянын көреміз.Комсомольская правда» газеті .13.09.2013жыл . cұхбат жүргізуші:Анна Герасименко)

Екіншіден , су мен өрт – тілсіз жау . Яғни , су – адам өлімінің себепшісі .Әсіресе , жаз мезгілінде шілденің шыжыған ыстығында көлге барып жүзуді ұнататындар кенеттен өмірден озып жатады.Оған кім және не кінәлі? Мәселен , «Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі жүргізген зерттеулері бойынша суға бату қайғылы оқиғаларының 99,9 пайызы еліміздің жабдықталмаған су қоймаларына тиесілі » деп ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті .2013 жылдың алғашқы алты айында 164 адам, оның ішінде 29 бала суға кетті. Яғни, бұл балалардың өліміне су тереңдігі өте жоғары деңгейде болуы, суға мас күйінде шомылу немесе баланың ата-анадан қараусыз қалғандығы себепші болып жатады. Алайда, су болмаса бұндай жазатайым өлім оқиғалары да болмас еді .

Үшіншіден , су артық мөлшерде ішу жүкті әйелдердің денсаулығыны зиян . Егер жүкті әйелдер күніне 8 стаканнан артық су ішетін болса, аяқ-қолдарында ісік пайда болады .деп хабарлайды «Онегомед» клиникасының врач, акушер-гинеколог , медицина ғылымының докторы Шамугия Алина Михайловна . Демек , су жүкті әйелдердің денсаулығына кері әсер тигізеді .

Төртіншіден, атмосфера ластанған жағдайда жаңбыр суына онда еріген азот және күкірт оксидтері, шаң қосылады. Жаңбыр суында күкірт пен азот оксидтері едәуір мөлшерде еріген жағдайда қышқыл жаңбыр жауады. «Әлемде шамамен жүз миллион адамның біреуінің жаңбырдан аллергиясы бар. Ондайда адамның терісі қызарып не ісініп кетеді ,бұл жағдайда адам о дүниелік болуы да мүмкін» дейді Бирюков Андрей Викторович (дерматолог , медецина ғылымының докторы)

Қорыта келе , су адам өмірінде , әсіресе, денсаулық жағдайына байланысты кері әсерін тигізеді.

Интервью (логикалық қателік)

Бұл келтіріліген аргументтер дәлелденген дереккөздерден алынған. Осы зерттеу барысында тек осы дәлелдермен ғана шектелмей , әр түрлі жастағы адамдардан судың тіршілік иелері үшін маңыздылығы тақырыбында интервью жүргіздім. Интервью барысында 13,16,18,26,44 жас аралығындағы адамдар жауап берген болатын . Бұл сұхбат берушілердің барлығы «су - адам өмірінде маңызды рөл атқарады» деген көзқарасты қолдайды . 13, 16, 17 жастағы мектеп қабырғасында жүрген оқушылар өз білімдерін пайдалана отырып , «судың адам өміріндегі маңыздылығы қандай?» деген сұраққа «Су – адам организмінің 70%-ын құрайды , Жер ғаламшарының ¾ бөлігін құрайды , қорыта айқанда, су жалпы әлемнің көп бөлігін құрайды , ол өмір сүруіміз үшін маңызды» деп жауап берген болатын. 44 жастағы Дүйсенбаева Жұмагүл сұхбат барысында «Судың әсерінен қандай ауруға адамдар ұшырайды?» деген сауалға «Әсіресе ,жас балалар судың әсерінен адамның ауруға ұшырайтыны жайлы білмейді . Балалар көшеде тұрған крандарды ағызып су іше береді , ал ол судың таза екеніне ешкім кепіл бола алмайды. Асқазан , бүйрек аурулары да осы судың әсерінен пайда болады., мәселен шет мемлекеттерде таза су атымен жоқ , соған сәйкес адам өлімі де көп» деп өте ұтымды жауап берді. Бірақ , оқушылар «су арқылы адам ауруға ұшырамайды» деген көзқарасты білдірді . Ал 26 жастағы Суеуова Жаңагүл Тұрарқызы «су адам өмірінің себепшісі болу мүмкін бе» деген интервью сұрағында «Ия , егер теңіз , көл сулары болмағанда, менің досым ажал құшпас еді, жаз айларында судың тереңдігін ескермеген досым суға батып кетіп бірден қайтыс болды.Адам өлімінің себепшісі - cу» деп жауап қатқан болатын. 13 жастағы Данағұлов Яссауи «әлемде қаншама су тасқындары болып жатыр ,сол су тасқындары әсерінен ертеңгі күні ақырзаман болатын болса таң қалмас едім » деп өз пікірін білдірді. Интервью барысында берілген жауаптарды анализден өткізе отырып , «әр адам өз пікірін білдіруде , алайда кейбір адамдар су адам өлімінің себепшісі , ал кейбір адамдар сусыз өмір жоқ дейді .Мен бұл пікірлердің барлығын логикалық қателік деп санау керек» деп шешім қабылдадым.Жаңагул есімді сұхбат беруші жіберген логикалық қателігі - суға батып қайтыс болған досының әсерінен су адам өліміне әкеп соқтырады деген пікірі.Қорытындылай келе , бұл адамдарды RAVEN-нан өткізер болсам , ешқайсының осы салаға қатысы жоқ , тек қана өз пікірін білдіруші боп табылады. Сондықтан , бұл сұхбат берушілердің жіберген логикалық қателігін жібермес үшін судың оң және теріс жағы туралы олардың толық ақпарат жинап алғаны дұрыс деп есептеймін.Сонымен қоса , мен де оқушы ретінде судың ластануы қазірде актуалды мәселе екендігін , және лас судың әсерінен адамдардың ауруға ұшырайтындығын айтқы келеді.БҰҰ-ның келтірген деректері бойынша , әлемде лас су ішу проблемасынан ауруға ұшырайтын 5жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 4400-і күн сайын өмірден озады екен.Бұл дегеніміз – адам өлімінің қатарын арттыратын оқиға. Бұндай жайсыз оқиғалар болмас үшін судың ластануын алдын-алу керек . Көбінесе теңіз , көл беттеріне фабрикалардан шыққан қоқыстарды тастайды, ал ол әлемдегі су ластану деңгейін арттырады.Менің ұсынысым – су бетіне қоқыс тастаған адамдарға немесе фабрикаға қомақты көлемде штраф төлету және тазартылған су өндіру .

Қорытынды.

Су – өмірдің мәні .Су жоқ болса , тіршілік те жоқ . Осы зерттеу эссесін жазу барысында тіршілік көзі саналатын судың маңыздылығын анықтадым , яғни адам үшін пайдалы және зиянды жағы туралы біраз деректер жинадым. Қорытындылай келе , адам өмірінде судың алар маңызы зор.Су ауру түрлерінің пайда болу себепшісі болу мүмкін .Алайда , оған су кінәлі емес. Лас суды ішкен адам ғана ауруға ұшырайды , ал ол лас суды оған кім іш деп кеңес берді? Әрине , адамдар .Сонымен қоса , таза судың ластануының себепшісі де осы адамдардың іс-әрекеті болатын . Сол себепті суды кінәләудің қажеті жоқ , адамдар ең алдымен өз бойындағы мінді ұғына білуі қажет. « Су ішкен құдығыңа түкірме» деген нақыл сөзді қазақ бекер айтпаса керек. Яғни, суды дұрыс пайдалан , су бетіне қоқыс лақтырып , оны ластама . Себебі ертеңгі күні сенің де ішетін суың осы құдықтағы лас су болады. Осы зерттеу эссесін жазу барысында , бұрын-cоңды білмеген ақпараттармен таныстым,лас суды қолдану- адам өлімінің негізі екендігін біле отырып , ендігі кезекте судың таза , қауіпсіз екендігін анықтап барып , пайдалану керек деп шешім қабылдадым . Сонымен қатар ,су тапшылығы мен су ластануының қазіргі таңдағы актуалды мәселе екендігіне сенімділігі жоғары дереккөздерден алынған мәліметтер көзімді жеткізді . «Су бергеннің сауабы бар, Су төккеннің жауабы бар.»демекші , суды босқа ысырап еткеннен кейін судың беріп отқан жауабы - міне осы . Әлемдегі сегіз адамның біреуіне таза ауыз суын ішуге жағдай қарастырылмаған . Деректерді анализден өткізе келе, шығатын қорытынды сусыз өмір жоқ . Қолда бар алтынның қадірі жоқ ,су – Жер планетасының алтыны болатын . Қатемізді уақытында түсініп ,енді қалған таза суымыздың адам өміріндегі маңыздылығын ескере отырып , мөлдір қалпында сақтауға ат салысайық .Ал лас суды тазарту шараларын уақыт оздырмай қолға алу қажет . Шешілмейтін түйін жоқ , су мәселесі де шешілер. Шешу жолдары – қоқыс тастамау , қатаң түрде қадағалау , тазартылған су шығаратын өнеркәсіп орындарын салу . Үкілі домбыраны жанына серік еткен қазақтың сазгері Біржан сал «Қазғанмен су шықпайды қыр басынан» деп жырлаған екен . Сол секілді әлемде су қоры таусылса , қанша ақшаң болса да суды таба алмайсың , оны орнына қайта әкеп қоя алмайсың . Су болмаса , қорегіңді де табу қиын .Таза су ішу – мықты денсаулық кепілі , жарқын болашақ негізі.



Библиография

http://www.allaboutwater.org/water-facts.html

http://www.lucklife.net/view_lucklife/397.htm20

http://thewaterproject.org/water_stats.php

(https://www.theragear.com/article/water.php)

(http://www.dissercat.com/content/beremennost-i-rody-u-zhenshchin-razlichnykh-vozrastnykh-grupp)

http://web.b.ebscohost.com/ehost/pdfviewer/pdfviewer?vid=4&sid=991f156c-c391-4371-8497-03e76aaa818d%40sessionmgr113&hid=103

http://www.iaci.ru/dermatology/biryukov.php

http://breakingmuscle.com/health-medicine/10-life-changing-reasons-to-drink-more-water

http://www.docrates.com/ru/%D0%B4%D0%B8%D0%B0%D0%B3%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0-%D0%B8-%D0%BB%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D1%80%D0%B0%D0%BA%D0%B0

http://www.nestle-waters.com/healthy-hydration/water-fonctions-in-human-body



http://www.un.org/ru/unforpeople/water1.shtml
ч. 1