5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын

ч. 1 ... ч. 2 ч. 3 ч. 4 ч. 5

Студенттердің өздік жұмысына әдістемелік нұсқау
І Өлең жаттау– орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа айту талап етіледі.

Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау: 1.Ай, заман-ай, заман-ай (2 томдық) А.,1991ж.

2. Ақберен. Жинақ-А., 1972

3. «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы, 2000ж.

4. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж.

5. М.Мақатаевтың шығ.жинағы.А. «Жалын» 2006ж.

6. М.Шахановтың шығ.жинағы. А. «Ана тілі» 2005ж.

7. Фариза Оңғарсынова. «Шілде»А., Жазушы 1978.

ІІ Нақыл сөз–даналық қортындыға құрылған мейлінше жинақы әрі

мағыналы сөз.



Өздік жұмысының мақсаты: Мағыналы әрі жинақы сөйлеуге баулу.

Әдістемелік нұсқау: Осынау ұғым жөнінде Әл-Фарабидің замандасы түркістандық Исхақ әл-Фараби «Әдеби жинақ» атты еңбегінде былай деп жазады: « Нақыл сөз деп болмыстағы белгісіз бір жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын айтамыз». Мысалы «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, сынаушысы –халық, қорғаушысы – сабыр, таусылмайтын – арман, ең қымбаттысы – ар, барлығынан ардақтысы – өмір». Нақыл сөзде өлең өлшемі де қолданылады. Мысалы:

Сараң байды қоңыз десең болар,

Ішпей –жемей боқтық жиған.

Жігітті ерім десең болар,

Жолдас үшін жанын қиған.
ІІІ Монолог оқу дегеніміз сөйлету грекше – monologos, mono – бір, logos –сөз –драмалық шығармадағы, сондай –ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі.

Монолог кейіпкердің өзімен өзі сырласқандай, ойланып-толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді еститіндей болса да, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін,психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегі жай-күйі айқын аңғарылады.



Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп сөйлеуге ,оқуға үйрету.

Әдістемелік нұсқау: Лирикалық шығармадағы, драмалық шығармадағы, көркем қара сөздердегі монологтарға назар аударып, оқып салыстыр.

Мысалы: А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары,лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым мінекей» атты өлеңін арнайы айтуға болады, ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы



Абайдың монологтары.

Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмасы (СӨЖ)




Тапсырмалар атауы

Жұмыс түрі

1

Х.Ерғалиевтың «Құрманғазы» поэмасы.

Мазмұнын айту.

2

Қ.Аманжоловтың «Орал»өлеңі.

Жаттау

3

Ж.Сайнның «Түн қатады партизан» өлеңі

Жаттау

4

Ә.Сәрсенбаевтің «Ақша бұлт» өлеңі

Жаттау.

5

М.Ғабдуллиннің «Ерлікке баулу тәрбиеден» новелласынан достық хақында айтқаны не үлкенді сыйлау немесе ізеттілік туралы айтқаны.

Мазмұнын айту.

6

Қ.Жармағамбетовтің «Ана мен бала» балладасы.

Жаттау.

7

С.Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңі.

Жаттау.

8

Д.Әбіловтің «Қазақстан Республикам менің» өлеңі.

Жаттау.

9

Қ.Бекқожиннің «Мәриям Жагор қызы» поэмасынан үзінді.

Жаттау.

10

Ж.Молдағалиевтың «Нұрлы жол» поэмасынан үзінді.

Мәнерлеп оқу.

11

Ғ.Ормановтың «Қараймын да асығам» өлеңі.

Жаттау.

12

И.Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасынан үзінді.

Жаттау.

13

Н.Байғаниннің нақылдары

Мазмұнын талдап айту.

14

Ж.Жабаевтың «Өтеген батыр» поэмасынан үзінді.

Мәнерлеп оқу.

15

Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз»

Жаттау.


Курс бойынша емтихан сұрақтары

1.Ұлы Отан Соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті ./1941- 1960/

2 .ҰОС кезіндегі қазақ поэзиясы.

3. ҰОС кезіндегі қазақ прозасы.

4. Баубек Бұлқышевтің өмірі,шығармашылығы туралы мәлімет .

5. Баубек Бұлқышевтің шығармаларындағы ерлік пен жауынгер арманын суреттейтін мақала-очерктер.

6.Жұмағали Сайннің өмірі, шығармашылығы .

7. Жұмағали Сайннің партизан тақырыбындағы өлеңдері.

8.Мәлік Ғабдуллиннің өмірінен мәлімет.

9. Мәлік Ғабдуллиннің майдандық жазбалары.

10. М.Ғабдуллиннің «Ерлікке баулу тәрбиеден» новелласы.

11. Ғабит Мүсіреповтің 1941-1960 жылдар аралығындағы шығармалары.

12. Ғабит Мүсіреповтің 1941-1960 жылдардағы әңгімелері.

13. Ғабит Мүсіреповтің 1941-1960 жылдардағы повестері.

14. Әлжаппар Әбішевтің өмірі,шығармашылығы жайлы мәлімет.

15. Әлжаппар Әбішевтің майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбекшілердің

қажырлы еңбегін суреттеуге арналған шығармалары.

16. Ғабиден Мұстафиннің өмірі, шығармашылығы .

17. Ғабиден Мұстафиннің «Өмір мен өлім» романындағы халықтар

достығының көрінісі.

18. Ғабиден Мұстафиннің «Миллионер» повесі.

19. Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романы .

20. Ғ.Мұстафин прозасындағы тарихи шындық.

21. И.Байзақов поэзиясындағы фольклорлық сарындар.

22. 1941-1960 жылдардағы М.Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі.

23. Соғыстан кейінгі қазақ поэзиясының дамуы.

24. 1941-1960 жылдардағы тың игерушілер жайлы очерктер мен әңгімелер.

25. Ғали Орманов ақын,жазушы,очеркист,аудармашы .

26. Ғали Ормановтың лирикалық героиларының ішіндегі ана бейнесі

27. Ғали Ормановтың Ұлы Отан соғысына арналған жырлары.

28. 1941-1960 жылдардағы қазақ прозасының дамуы.

29. С.Мұқановтың «Сырдария» романы.

30. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» мемуарлық шығармасы.

31. С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері.

32. Ғабдол Слановтың «Жанар тау» романы.

33. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі.

34. Тарихи драма үлгілері. Ғ.Мүсірепов «Аманкелді» драмасы.

35. Ғ.Орманов «Шәуілдір» поэмасы.

36. Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» романы.

37. Т.Жароков «Мұз мұхит», «Құмдағы дауыл» дастандары.

38. Х.Ерғалиевтың «Құрманғазы» поэмасы.

39. Қ.Бекқожиннің «Мәриям Жагор қызы» поэмасы.

40. Ж.Молдағалиевтың «Нұрлы жол» поэмасы.

41 И.Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы.

42.Жамбыл Жабаевтың алғашқы кездегі өлең жырлары.

43. Жамбыл Жабаевтың алғашқы ақындық айтыстары, сөз қағысулары.

44. Жамбыл Жабаевтың Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары.

45. Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» поэмасының тарихи негізі.

46. Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» поэмасының тақырыбы мен идеясы.

47. Қасым Аманжоловтың шығармашылығы, өмірбаяны.

48. Қасым Аманжоловтың соғыстан кейінгі өлеңдері.

49. Қасым Аманжоловтың аудармалары.

50. Тайыр Жароковтың эпикалық шығармалары.

51.1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.

51Дәстүр және жаңашылдық.

53.Түр мен жанрдағы ізденстер.

54.ҰОС-н бастарынан кешкен ақын-жазушылар.

55.Қазіргі прозада лирика мен этикалық, реалистік, романтикалық әдістердің үйлесуі.

56.Ә.Әлімжановтың, О.Бөкеевтің, Т.Әдіковтің, С.Елубаевтың шығармаларында жанрлық стильдік, соны ізденістердің байқалуы.

57.Ұлттық позияның жаңа көркемдік белестері.

58.Сюжетсіз лирикалық-философиялық поэмалардың жазылуы.

59.М.Шахановтың балладалары.

60.Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастауы.

61.Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романы.

62. Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» романы.

63. І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдары.

64. Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң», «Тар кезең»романдары.

65. Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары.

66.Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш», «Тағдыр» романдары.

67. Д.Досжановтың «Жібек жолы» романы.

68.Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан кеңеюі.

69.Қ.Мұхаметжановтың драмалық туындылары. «Көктөбедегі кедесу»

70.Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы.

71.Осы кезеңдегі әдебиеттану мен сынның өркендеуі.

72.Төлеген Айбергеновтің лирикасы.

73.Қ.Қайсеновтың шығармашылығы.

74.Қадыр Мырза Әли поэзиясының тақырып ауқымы мен көркемдік кестесі.

75.Сырбай Мәуленовтің шығармашылығы.

76.Мұқағали Мақатаевтың лирикаласы.

77.60-90 жылдар поэзиясындағы лирикалық-философиялық поэмалар.

78.Жұбан Молдағалиевтің поэмалары, олардың гуманистік сипаты, ұлттық
нақышы.

79."Қан мен тер" триологиясындағы әлеуметтік күрес, образдардың сомдалу жайы.

80.Жұбан Молдағалиевтің поэмаларындағы азаттық алуаны, романтикалық леп.

81.І.Есенберлиннің тарихи туындыларының көркемдік, танымдық, тарихи


мән-маңызы.

82.Қазақ прозасындағы тарихи тақырыптардың игерілуі.

83."Мен қазақпын", "Қыран дала" поэмаларындағы өмір шындығы мен
ұлттық өршіл романтика.

84.Т.Ахтановтың "Боран" повесіндегі экология мәселесі.

85.Т.Молдағалиевтің әнге арналған өлеңдеріндегі лиризм.

86.Ә.Әлімжановтың тарихи романдарындағы шындық пен көркемдік шешім.

87.Ж.Нәжімеденов поээиясындағы ойшылдық пен көркемдік шешім.

88.С.Сматаевтің "Елім-ай"' романындағы халық өмірінің суреттелуі.

89.Ұлы Отан соғысы тақырыбының 60-90 жылдар әдебиетіндегі эпикалық
көркем туындыларда суреттелуі.

90.Т.Әлімқұловтың "Тұлпар тағдыры" жинағындағы тарландар мен өнер


адамдары образдарын сомдау шеберлігі.

91.С.Елеубаевтің "Ақ боз үй" романындағы тарихи шындық пен көркемдік


шешім.

92.70-90 жылдардағы повестерде адам мен табиғат, экология мәселелерінің суреттелуі.

93.Д.Исабековтің "Мұрагерлер" пьесасындағы тартыс және образдар жүйесін сомдаудағы шеберлігі.

94.Х.Есенжановтың "Ағайынды Жүнісовтер" романындағы тарихи


ақиқаттың суреттелуі.

95.Д.Исабековтің "Қарғьн" романындағы жанрлық стильдік ерекшеліктер.

96.О.Бөкеев прозасындағы кейіпкерлер психологиясын суретеудегі шеберлік.

97.Б.Соқпақбаев прозаларындағы реализм мен кейіпкерлер тұлғасындағы


шуақты юмор.

98.Эпикалық туындылардағы "Ақтаңдақтардың" жаңаша пайымдалуы.

99.Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығы.

100.Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романындағы лиризм.

101.С.Жүнісовтің "Өліара" пьесасындағы тартыс пен образдар жүйесі.

102.Қ.Мұхаметжанов, Ш.Айтматовтардың "Көктөбедегі кездесу"


пьесасындағы көркем образдардың сомдалуы.

103.Ә.Тәжібаев поэзиясындағы оптимистік символды лирика.

104.Т.Ақтановтың "Ант" пьесасы.

105.Р.Нұрғалиевтің "Айдын" зерттеу кітабының қазақ драматургиясын


саралаудағы ғылыми мәні.

106.М.Мағауиннің "Ғасырлар бедері" сын кітабының әдебиет сынын


өрістетудегі маңызы.

107."Ақиқат пен аңыз" роман-диалогіндегі Бауыржан Момышұлы образы.

108.Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің 60-90 жылдар әдебиетінде
бейнеленуі.

109.Б.Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік ауаны.

110.Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақ поэмалары.

Курст жұмыстарының тақырыптары:

1.1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің әдеби-эстетикалық, саяси әлеуметтік және тәуелсіз ұлттық даму жайы.

2.Проза, оның тақырыптық-көркемдік өсу жолы мен тенденциялары.

3.Поэзия, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық.

4. Драманың өсу жолы мен қазіргі өзекті мәелелері.

5.І.Есенберлин романдарындағы тарихи деректер.

6. Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары.

7. Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Ә.Шәріпов шығармашылықтары және әдебиеттегі Отан қорғау, гуманизм тақырыбы.

8. Ә. Тәжібаевтың (1909-1998) өмірі шығармашылығы.

9. І.Есенберлиннің образ сомдау, сюжет дамыту ерекшелігі.


10. І.Есенберлин романындағы адамгершілік мәселелері.

11. Х.Ерғалиев поэзиясындағы заман бейнесі.

12. Х.Ерғалиев поэзиясының әдеби процеске әсері.

І3. Х.Ерғалиев поэзиясындағы монологтар.

14. Х.Ерғалиевтің поэмалары.

15. Ж.Молдағалиев өлеңдерінің ерекшелігі.

16. Ж.Молдағалиевтің поэмалары.

17. Ж.Молдағалиев поэзиясындағы сюжет.

І8. Ж.Молдағалиев поэзиясының көркемдігі.

19. Ж.Молдағалиев поэзиясындағы ерлік тақырыбы.

20. С.Мәуленовтің лирикасы.

21. С.Мәуленов шығармаларының жанрлық құрамы, ерекшелігі.

22. С.Мәуленов поэмасындағы соғыс тақырыбы.

23. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыстан кайтқан солдаттар бейнесі.

24. Т.Ақтанов прозасының ерекшелігі.

25. “Қаһарлы күндер” романындағы солдат бейнесі.

26. Т.Ахтанов романындағы характер.

27. Б.Сокпақбаев романындағы сюжет.

28. Б.Соқпақбаев туындысындағы баяндау мен диалог.

29. ‘’Боран” романындағы көркемдік ізденістер.

30. Б.Соқпақбаевтың балаларға арналған шығармалары

31. “Менің атым Қожа” және балалар әдебиеті.

32. Ә.Нұрпейісов және роман жанры.

33. ‘’Курляндия” романындағы баяндау.

34. ‘’Қан мен тер” трилогиясы.

35. “Соңғы парыз” романындағы психологизм.

36. Х.Ерғалиев поэтикасындағы күрделі теңеулер.

37. Ж.Молдағалиев поэмаларының бейнелеу құралдары.

38. С.Мәуленов поэзиясындағы сурет және суреткер әлемі.

39. Т.Ахтанов романдарындағы соғыс шындығы.

40.Б.Соқпақбаев прозасындағы соғыстан кейінгі өмір шындығы. 41.Ә.Нүрпейісов романдарындағы баяндау.

42.З.Қабдолов прозасынын көркемдігі стилі.

43.М.Мақатаев прозасындағы психологизм.

44.Ж.Нәжімеденов позиясындағы философия.

45.С.Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.

46.О.Бөкей прозасының стилі.

47 Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің 60-90 жылдар әдебиетінде
бейнеленуі.

48 Р.Нұрғалиевтің "Айдын" зерттеу кітабының қазақ драматургиясын


саралаудағы ғылыми мәні.

49 Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романындағы лиризм.

50 Б.Соқпақбаев прозаларындағы реализм мен кейіпкерлер тұлғасындағы
шуақты юмор.

51 Эпикалық туындылардағы "Ақтаңдақтардың" жаңаша пайымдалуы.

52 Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығы.

Әдістемелік нұсқау: Берілген курс жұмысы тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Курс жұмысының құрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, компьютерге басылуы тиіс.

Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест

тапсырмалары
І нұсқа

1 Баубек Бұқышев мақалаларын орыс тілінен қазақшаға аударған кім?

А) С.Мұқанов Б) М.Әуезов С) Ғ.Мұстафин Д) Ғ.Мүсірепов Е) М.Иманжанов



2 М.Әуезовке қандай шығармасы үшін мемлекеттік сыйлық берілді?

А) «Қаракөз» Б) «Абай жолы» С) «Өскен өркен» Д) «Еңлік -Кебек» Е) «Қараш - қараш»



3 «Сырдария» романының авторын белгілеңіз.

А) С.Мұқанов Б) Ғ.Мұстафин С) Ғ.Мүсірепов Д) М.Әуезов Е) Н.Ғабдуллин



4 Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ерлік істерді суреттеген поэма қайсы?

А) «Құрманғазы» Б) «Әке арманы» С) «Пионерлер» Д) «Қызыл галстук»

Е) «Мен Қазақпын»

5 Еңбек озаттары туралы суреттеген Қасым Аманжолов өлеңін табыңыз.

А) «Орал» Б) «Дариға сол қыз» С) «Ауыл сырты маржан көл» Д) «Ақын өлімі туралы аңыз» Е) «Шықтым өмір шыңына»



6 Шәуілдір поэмасының авторы кім?

А) Ә.Шәріпов Б) Ғ.Орманов С) Ә.Әлімжанов Д) Т.Жароков Е) Х.Ерғалиев



7 Хамит Ерғалиевтың патриотизм тақырыбына жазылған дастаны

А) «Әке сыры» Б) «Күй атасы» С) «Біздің ауылдың қызы» Д) «Үлкен жолдың үстінде» Е) «Сенің өзенің»



8 «Қызыл галстук» поэмасының авторы кім?

А) Ғ.Орманов Б) Ж.Жабаев С) Т.Жароков Д) Қ.Аманжолов Е) Ж.Молдағалиев



9 Тайыр Жароковтың ғарыш туралы поэмасы

А) «Күлімдейді күміс күн» Б) «Күн тіл қатты» С) «Жапанды орман жаңғыртты» Д) «Қазақ қызы» Е) «Зоя туралы жыр»



10 Б.Соқпақбаев қай романында соғыстың өзі емес оның алыс ауылдағы

күйін суреттеген?

А) «Менің атым Қожа» Б) «Қайдасың Гауһар» С) «Өлгендер қайтып келмейді»

Д) «Бастан кешкендер» Е) «Балалық шаққа саяхат»



11 Т.Ахтановтың соғыс тақырыбына жазған романы

А) Шырағың сөнбесін Б) Боран С) Теңіз бен тер Д) Дауыл Е) Қаһар



12 Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» романының екінші кітабы

А) «Қарағанды» Б) «Жат қолында» С) «Жібек жолы» Д) «Қан мен тер»

Е) «Кездеспей кеткен бір бейне»

13 Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты »романында қандай тақырып соғыс

тақырыбымен қоса өрбіген ?

А) халықтар достығы Б) достық С) ән мен күй Д) әке мен бала тағдыры

Е) ауыл өмірі



14 «Заман», «Жастар біздікі» мақалаларының авторы кім?

А) Б.Бұлқышев Б) М.Иманжанов С) Қ.Аманжолов Д) М.Ғабдуллин

Е) Ғ.Орманов

15 Ә.Сәрсенбаевтың «Намыс ұлы» дастанындағы баланың аты кім?

А) Намыс Б) Тасқын С) Тенек Д) Тұмар Е) Темір



16 Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы алғаш қандай атпен

басылды?


А) «Қазақ баласы» Б) «Қазақ батыры» С) «Қазақ жауынгері» Д) «Қазақ ері»

Е) «Қазақ ұлы»



17 «Мариям Жагорқызы» поэмасындағы Мариям кім?

А) Тарихта болған адам Б) Аңыз адам С) Кедей қызы Д) Патша қызы

Е) Әнші қыз
18 Ақын Ә.Сәрсенбаевтің әдебиетке елеулі үлес қосқан романы?

А) «Толқында туғандар» Б) «Жауынгер монологы» С) «Капитан ұлы»

Д) «Офицер күнделігі» Е) «Теңіз әуендері»

19 Баубек Бұлқышев қай жылы, қай өлкеде дүниеге келді?

А) Алматы облысы Қойсалған ауылы Б) Қарағанды облысы Амангелді кеңшары С) Қызылорда облысы Бірлік ауылы Д)Батыс Қазақстан облысы Алғабас ауылы Е) Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай аймағы



20 Қай жылы Б.Момышұлына «Халық қаһарманы » атағы берілді?

А) 1989 Б) 1990 С) 1991 Д) 1992 Е) 1993



21 Ә.Сәрсенбаевтың Украин халқына арнап жазған өлеңі

А) «Украин елі» Б) «Украин түні» С) «Украин халқы» Д) «Украин жері»

Е) «Украиндықтар»

22 «Намыс гвардиясы » пьесасының бас кейіпкері

А) М.Иманжанов Б) Б.Момышұлы С) Т.Тоқтаров Д) И.В.Панфилов

Е) М.Ғабдуллин

23 Алғаш рет Бауыржан Момышұлының батырлығы қай кітапта

суреттелді?

А) «Волокаломскі тас жолы» Б) «Шуақты күндер» С) «Ұшқан ұя» Д) «Ақиқат пен аңыз» Е) «Артымызда Москва»

24 Ғали Ормановтың «Абысын сыры» атты жинағы қай жылы шықты

А) 1935 Б) 1936 С) 1937 Д) 1940 Е) 1945



25 Ә.Сәрсенбаевтың патриотизмде жазылған шығармалары

А) «Замандас», «Еңбек туы» Б) «Тынық дон» С) «Алтын күн» Д) «Толқында туғандар» Е) «Ақмаралдың жүрегі»



26 Б.Момышұлының Панфилов туралы еңбегін атаңыз.

А) «Ақиқат пен аңыз» Б) «Арпалыс» С) «Бізідң генерал» Д) «Волокаломскі тас жолы» Е) «Біздің полковник»



27 Жұбан Молдағалиевтың ең алғашқы поэмасы қалай аталады?

А) «Қызыл галстук» Б) «Мен   қазақпын» С) «Қыран дала» Д) «Туған жер»

Е) «Жыр туралы жыр»

28 Осы поэмалардың қайсы Ғали Ормановтың поэмасы?

А) «Шеңбер» Б) «Абысын сыры» С) «Емен» Д) «Шәуілдір» Е) «Сұлушаш»



29 Жұбан Молдағалиевтың «Жыр туралы жыр» поэмасы қай жылы

жазылды?


А) 1947 Б) 1955 С) 1964 Д) 1950 Е) 1956

30 Баубек Бұлқышевтің әдебиетпен айналыса бастаған уақыты

А)1935 - 36жылдар Б)1936 - 37жылдар С)1937 - 38жылдар Д)1938 - 39жылдар

Е)1939 - 40жылдар
ІІ нұсқа

1 Ә.Сәрсенбаевтың таңдамалы шығармалары қалай аталады?.

А) «Ақмаралдың жүрегі» Б) «Нәзік» С) «Дастан» Д) «Жау» Е) «Жан»



2 Баубек Бұлқышев ең алғашқы рет 1932жылы қандай учелищеде оқыған?

А) Жезқазған мыс өңдеу учелищесі Б) Қарағанды аяқ киім өндіретін завод учелищесі С) Қарағанды Қарсақбай фабрика завод учелищесі

Д) Семей ет комбинаты завод учелищесі Е) Қарағанды мұнай учелищесі

3 Жұбан Молдағалиевтың 1964 жылы жарық көрген поэмасы қалай

аталады?


А) «Нұрлы жол» Б) «Қыран дала» С) «Мен   қазақпын» Д) «Қызыл галстук»Е) «Сел»
4 «Намыс гвардиясы» пьесасының авторлары

А) С.Мұқанов пен Ә.Әбішев Б) М.Әуезов пен С.Мұқанов С) М.Әуезов пен Ә.Әбішев Д) Ш.Құсайынов пен М.Әуезов Е) Ғ.Мүсірепов пен Ш.Құсайынов



5 Қалижан Бекхожинның «Ақсақ құлан» поэмасының соңғы бөлімі қалай

аталады?


А) «Толғау» Б) «Күй» С) «Жортуыл» Д) «Қызыл арқа Е) «Жоқтау»

6 Мәлік Ғабдуллин қай жылы,қай жерде өмірден озды ?

А) 1938 жылы Зерендіде Б) 1943 жылы Атырауда С) 1953 жылы Арқалықта

Д) 1973 жылы Алматыда Е) 1998 жылы Ақмолада

7 Ғали Ормановтың туған жері

А) Жамбыл облысы, Қаратау ауданы Б) Солтүстік Қазақстан облысы

С) Талдықорған облысы, Қапал ауданы Д) Батыс Қазақстан облысы

Е) Шымкент облысы, Шәуілдір ауданы



8 «Дала қоңырауы» поэмасының авторы

А) Қ. Бекхожин Б) Х. Ерғалиев С) Ғ. Қайырбеков Д) Т. Жароков Е) Ә. Тәжібаев



9 «Пионер жуналында шыққан әңгімелер туралы», «Бөбектерге арналған

әдебиет туралы» сынды сыни мақалалардың авторы, майдангер-жазушы

А) М. Иманжанов Б) М.Ғабдуллин С) Ғ.Орманов Д) Б.Момышұл

Е) Қ.Аманжолов



10 Баубек Бұлқышев ең алғашқы рет Алматыға оқу іздеп қай жылы келді?

А) 1932жылы Б) 1932жылы С) 1933жылы Д) 1934жылы Е) 1935жылы



11 М.Әуезовтың 1945 жылғы жазған пьесасы

А) «Намыс гвардиясы» Б) «Еңілік   Кебек» С) «Түнгі сарын» Д) «Қарақыпшақ Қобыланды» Е)«Қаракөз»



12 1965 жылы жазған Бауыржан Момышұлының очеркі қалай аталады?

А) «Офицер күнделігі» Б) «Өмір өшкен жоқ» С) «Майдандағы кездесулер»

Д) «Куба әскері» Е) «Кубалық кездесулер»

13 Мәлік Ғабдуллин 14 жасынан қазақтың қай жазушысынан тәрбие алды?

А) Ғ.Мүсірепов Б) Б.Момышұлы С) С.Мұқанов Д) Қ.Жұбанов Е) Қ. Жұмалиев



14 Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан Соғысына қай жылдары қатынасты?

А) 1940-45жылдары Б) 1941-45жылдары С) 1942-45жылдары

Д) 1943-45жылдары Е) 1944-45жылдары

15 Ғали Ормановтың қай өлеңдерінде қазақтың батыр ұлы Момышұлының ер тұлғасы мен мінез құлқы шынайы түрде шеберлікпен бейнеленген?

А) «Қаһарман», «Ер арманы» Б) «Жорық жолы», «Ер азамат»

С) «Солдат сыры» «Ер жүрек батыр» Д) «Батырдың тұлғасы», «Полковник»

Е) «Жау жүрек батыр», «Ерлік»



16 Мәлік Ғабдуллинге қай жылы «Филолгоия ғылымдарының докторы»

атағы берілді?

А) 1938 жылы Б) 1943 жылы С) 1953 жылы Д) 1973 жылы Е) 1998 жылы

17 Тайыр Жароковтың алыс қалаларға сапар шеккендегі басындағы халді

суреттеген өлеңі

А) Күлімдейді күміс күн Б) Аэроплан С) Қордай тауы туралы аңыз

Д) Өмір сөйлейді Е) Алғашқы адым



18 Тайыр Жароков қай жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы

болып қызмет атқарды?

А) 1939-1943 жылдары Б) 1940-1944 жылдары С) 1938 -1942 жылдары

Д) 1941-1945 жылдары Е) 1937-1941жылдары



19 1934 жылы орыс жазушысы Л.Пантелеевтың «Пакет» шығармасын кім

қазақшалады?

А) Қасым Аманжолов Б) Мәлік Ғабдуллин С) Ғабит Мүсірепов

Д) Жұмағали Саин Е) Ғали Орманов


20 Қазақ поэзиясына Жұмағали Саинның әкелген тың тақырыбы

А) Соғыс тақырыбы Б) Ашаршылық жылдарын жазуы

С) Партизандар өмірін жырлауы Д) Ана мен бала тақырыбы

Е) Ардагерлердің ерлігін жырлауы



21 Жұмағали Саинның «Айтылмай кеткен аманат» өлеңінде не

суреттеледі?

А) Украин қызына деген махаббат Б) Ардагер мерейі С) Партизан өлімі

Д) Ана мен бала тағдыры Е) Қиян кескі ұрыс



22 Жұмағали Саинның «жаралы партизан жырларының басты

кейіпкерлері» кімдер?

А) Тыл ардагерлері Б) Ардагерлер С) Достарынан бөлініп қалған партизандар

Д) Жау тылындағы паризан Е) Жауынгерлер



23 Мұқан Иманжановтың 1950 жылы жазған повесі қалай аталады?

А) «Алғашқы айлар» Б) «Қыз сыры» С) «Таныс қыз» Д) «Жол үстінде»

Е) «Жас өмір»

24 Хамит Ерғалиевтың « Құрманғазы» поэмасының екі кітабы біріктіріліп

қай жылы жарық көрді?

А) 1962 жылы Б) 1958 жылы С) 1966 жылы Д) 1960 жылы Е) 1951 жылы

25 Хамит Ерғалиевтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына аранап жазған өлеңі

А) «Өнер келді төркіндеп» Б) «Дунай» С) «Соғыс» Д) «Зеңбірек» Е) «Бөгет»



26 «Тыңдағылар», «Таныс қыз», «Жол үстінде», «Қыз сыры», «Жастық»

сынды әңгімелердің авторы кім?

А) Б.Бұлқышев Б) Б. Тәжібаев С). М. Иманжанов Д) С. Мұқанов Е) М. Әуезов

27 Мұқан Иманжановтың ғұмыры мен шығармашылық жолы туралы мақалалар мен хаттар, ес­теліктер жинағы боп 1980 жылы «Жа­лын» баспасынан шыққан кітап қалай аталады?

А) «Алғашқы айлар» Б) «Адамзатқа хат» С) «Өр­кен» Д) «Асыл адам» Е) «Жас өмір»



28 Мұқан Иманжановтың романы қалай аталады?

А) «Алғашқы айлар» Б) «Қыз сыры» С) «Таныс қыз» Д) «Жол үстінде»

Е) «Көк белес»

29 «Ерғалиевтің екі дастаны » атты мақаланың авторы кім?

А) Б. Момышұлы Б) М.Иманжанов С) Т.Әлімқұлов Д) Б.Бұлқышев

Е) М.Ғабдуллин

30 Мына үзінді Хамит Ерғалиевтың қай поэмасынан?

Бір қызың туды мені толғасын деп,


Адамның асыл жанын талғасын деп,
Бұлыңғыр замандағы ата Құрман
Жүрегін жүрегімен жалғасын деп.

А) «Құрманғазы» Б) «Күй дастан» С) «Үлкен жолдың үстінде» Д) «Күй атасы»

Е) «Ұлы кек»
ІІІ нұсқа

1 Осы пьесалардың қайсы Әбу Сәрсенбаевтікі?

А) «Патриоттар» Б) «Теңіз махаббаты» С) «Майдан» Д) «Кек» Е) «Аттандыру»



2 Балалар әдебиетін дамытуға белсене араласқан майдангер-жазушы

А) Қ.Аманжолов Б) Ж.Саин С) Ғ.Орманов Д) Т.Жароков Е) М. Иманжанов



3 «Пионер жуналында шыққан әңгімелер туралы» атты мақаланың

авторы, майдангер-жазушы

А) М. Иманжанов Б) М.Ғабдуллин С) Ғ.Орманов Д) Б.Момышұлы

Е) Қ.Аманжолов



4 «Миллион толқын» атты өлеңді кім жазған?

А) Қ.Аманжолов Б) Ж.Саин С) Ғ.Орманов Д) Т.Жароков Е) Ә.Тәжібаев


5 Жұмағали Саинның 1961 жылы жеке кітап болып басылып шыққан

жинағы қалай аталады?

А) Алтын арай Б) Алтын шапақ С) Алтын жұлдыз Д) Жол үстінде

Е) Алтын бесік



6 Т.Жароковтың ең алғашқы жазған өлеңі

А) Күлімдейді күміс күн Б) Махаббат С) Қордай тауы туралы аңыз

Д) Өмір сөйлейді Е) Алғашқы адым

7 Жұмағали Саинның еңбек адамының нақты бейнесін танытатын

өлеңі


А) «Жорық жырлары» Б) «Тракторшы» С) «Кел бауырым» Д) «Күләнда»

Е) «Колхоз таңы»



8 Тайыр Жароковтың алғашқы өлеңі қай жылы, қандай жинақта жарық

көрді?


А) Күлімдейді күміс күн 1927жылы Б) Аэроплан 1927жылы

С) Қордай тауы туралы аңыз 1917жылы Д) Өмір сөйлейді 1934 жылы

Е) Алғашқы адым 1938 жылы

9 Т.Жароковтың «Күн тіл қатты поэмасын» Маяковскийді толықтырған

деп бағалаған қай ақын?

А) Қадыр Мырзалиев Б) Әбділдә Тәжібаев С) Сағынғали Сейітов Д) Хамит Ерғалиев Е) Әбу Сәрсенбаев

10 Нұрпейіс Байғаниннің «Жиырма бес» атты поэмасы қай жылы

жарияланды?



А) 1943 жылы Б) 1941жылы С) 1944жылы Д) 1947жылы Е) 1942жылы

11 Баубек Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» туындысы кімге арналған?

А)Б.Момышұлына Б)М.Әуезовке С) М.Иманжановқа Д) Қ.Аманжоловқа

Е) М.Ғабдуллинға

12 Мына еңбектердің қайсы Мәлік Ғабдуллиндікі?

А) Біздің сүйікті дәрігер Б) Біз Баукеңді білеміз С) Біздің Сашок

Д) Біздің жауынгер Е) Алтын көмбе

13 Баубек Бұлқышев қашан, қай жерде қаза тапты?

А)1940 жылы Ленинград түбінде Б)1941 жылы Москва үшін шайқаста

С) 1943 жылы Молдова жерінде Д) 1944 жылы Украина Ново Юлевька

Е) 1945 жылы Қазақстанға келіп



14 Сен – қазақ, мен – украинка.Мен сені сүйем, өйкені сен бір кездегі ұлы

Гетенің елінен шыққан қазіргі неміс жендеттеріне кектене білдің, әрі

ақын, әрі композитор болу қандай тамаша талап десеңші!» деп

Баубекке хат жазған украин қызы

А) Жанна Б) Дуся С) Марина Д) Лена Е) Маша

15 «Сен ерлерше күресіп, ерлерше қаза таптың» деген Баубектің досы кім?

А) М.Иманжанов Б) С.Асқаров С) Д.Әбілев Д) Ю.Жуков Е) Д. Дубина



16 Бектің «Волкаломскі тас жолы» шығармасының жалғасы

А) «Артымызда Мәскеу» Б) «Волокаломскі тас жолы» С) «Офицер күнделігі»

Д) «Майдандағы кездесулер» Е) «Арпалыс»

17 «Желекей желпіп желіңді,

Желқомдай жырттым жеріңді.

Түбіттей түтіп бұлтыңды,

Таспадай тілдім толқынды...

Қарыңды қағып су қылдым,

Түніңнен таң атқыздым,

Жеріме жұлдыз жаққыздым », - деген үзінді Т.Жароковтың қай

поэмасынан?

А) Күлімдейді күміс күн Б) Күн тіл қатты С) Жапанды орман жаңғыртты

Д) Жапырақтар жаздың жүрегі Е) Миллион толқын



18 Осы поэмалардың ішінде қай поэма Ж.Саиндікі емес?

А) «Зоя туралы жыр» Б) «Күләнда» С) «Алтай» Д) «Азамат» Е) «Досыма хат»



19 Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы

Жазылды?


А) 1943 жылы Б) 1941 жылы С) 1944 жылы Д) 1947 жылы Е) 1942 жылы

20 Т.Жароковтың «Күн тіл қатты поэмасы» қай жылы жазылды?

А) 1927 жылы Б) 1917 жылы С) 1965 жылы Д) 1934 жылы Е) 1938 жылы



21 Мәлік Ғабдуллиннің еңбегін табыңыз.

А) Соғыс оты Б) Сұрапыл теңіз С) Ақиқат пен аңыз Д) Батыр Бауыржан

Е) Қайтқан кек

22 Жұмағали Саинның тың игерушілер туралы өлеңі

А) «Жорық жырлары» Б) «Тракторшы» С) «Кел бауырым» Д) «Ленин атымен» Е) «Колхоз таңы»



23 Хамит Ерғалиевтың «Жылдар, жылдар» деп аталатын поэмасының

екінші бөлімі қалай аталады?

А) «Саяхат сырлары» Б) «Өз үйімде» С) «Жолда» Д) «Жайлау тынысы» Е) «Ұлы кек»

24 Х.Ерғалиевтің осы заман тақырыбына жазылған кесек

шығармаларының ішіндегі ең күрделісі және де «Біздің ауылдың

қызы» поэмасының жалғасы болып табылатын шығармасы қалай аталады?

А) «Жас ана» Б) «Оралдағы отты күн» С) «Сенің өзенің» Д) «Аңыз ата» Е) «Әдемі қыз»



25 Х.Ерғалиевтің «Үлкен жолдың үстінде» поэмасы қай жылы шықты?

А) 1952 жылы Б) 1956 жылы С) 1949 жылы Д) 1947 жылы Е) 1957 жылы



26 Қай белгілі журналист, жазушы «Үлкен жолдың үстінде» поэмасына

алғаш рет кеңірек, жан-жақты баға берген?

А) Д.Әбілев Б) М.Иманжанов С) Қ. Бекхожин Д) Ғ. Қайырбеков Е) М.Әуезов

27«Шеген,Қайырғали, Ақбота» қай роман кейіпкерлері?

А) «Қазақ ұлы» Б) «Қазақ солдаты» С) «Жатқолында» Д) «Шығанақ»Е) «Сырдария»



28 Заман жаңалықтарын кең ашқан, адамдардың өсу жолын көрсеткен Тахауи Ахтанов романы

А)Теңіз бен тер Б) Боран С) Дауыл Д) Шырағың сөнбесін Е) Қаһар



29.Ғ.Мұстафиннің романы

А) «Қазақ ұлы» Б) «Сырдария» С) «Қазақ солдаты» Д) «Жатқолында»

Е) «Шығанақ»

30 Соғыс жылдарында жазылған Ғ.Мүсіреповтың ана туралы әңгімесі

А) Ақбала Б)Аққыз С) Ақылима Д) Айбала Е)Айша



ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖауаптарЫ:
№ 1нұсқа 2нұсқа 3 нұсқа

1 Д А Б


2 Б С Е

3 А С А


4 Д С Д

5 С Д Д


6 Б Д А

7 А С Б


8 Е С А

9 Б А Б


10 С Е А

11 А Д С

12 Б Е С

13 А С Д

14 А Д Б

15 Е Д А

16 Б С А

17 А Е Б

18 А С А

19 Б Б Б

20 С С Д

21 Б Е Е

22 Д С С

23 А А А

24 Б А С

25 А Б С

26 С С Б

27 А С Б

28 Д Е Б

29 Е Б Е



30 А А С





ч. 1 ... ч. 2 ч. 3 ч. 4 ч. 5