Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер

ч. 1

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 24 сәуірдегі

№ 129/4 қаулысымен

бекітілген

«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы орган «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлікті беру болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, аттестаттау туралы куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 199 қаулысымен   бекітілген «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 «Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен көзделген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап – 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір үдерістің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:


  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап оларды қабылдайды және тіркейді, құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысына бұрыштама қоюға жолдайды – 30 минуттан аспайды;

  2. басшы жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды оған жолдайды – 2 сағаттан аспайды;

  3. жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді, құжаттарды облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлерге және тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтау жөніндегі сараптамалық комиссияның (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) қарауына жолдайды – 1 жұмыс күнінен аспайды;

  4. сараптамалық комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді, жергілікті жерге барып, бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлерге және тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтайды, тексеру актісін, сараптамалық комиссия отырысының хаттамасын құрастырады – 5 жұмыс күнінен аспайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын
дайындайды – 10 жұмыс күнінен аспайды;

6) облыс әкімдігі көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы қаулы жобасын келісімдейді және облыс әкімдігі қарауына шығарады, көрсетілетін қызметті алушыға бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебесін беру туралы қаулы қабылдайды – 2 жұмыс күнінен аспайды;

7) жауапты орындаушы облыс әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы қаулысы негізінде аттестаттау туралы куәлікті (бұдан әрі - Куәлік) дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы оған қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға Куәлікті береді – 1 жұмыс күнінен аспайды.

7. Аттестаттау туралы куәлік беру рәсімдер (іс-әрекеттер) тәртібінің нәтижесі болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі бірліктер қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) сараптамалық комиссия;

5) облыс әкімдігі.

9. Әрбір әкімшілік рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалу уақытын көрсете отырып, әрбір бірліктің әкімшілік рәсімнің (іс-әрекеттің) өзара іс-қимылы мен реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасында, блок-сызба 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл ету тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.

11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салған кезден бастап порталда –– 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды.

12. Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесулері осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.






«Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi,

екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi

және тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне


1-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

Аттестаттау туралы куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде:



Іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

1.

Бірліктің атауы

Кеңсе маманы

Басшы

Жауапты орындаушы

Сараптамалық комиссия

Жауапты орындаушы

Облыс әкімдігі

Жауапты орындаушы

2.

Іс-әрекет-тің (үдеріс-тің, іс-жосығы, операциялар) атауы және олардың сипатта-масы

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қоса берілген құжаттарын қабылдау, тіркеу, қолхат беру

Жауапты орындаушы-ны анықтау, бұрышама қою


Ұсынылған құжаттар топтамасыныңтолықтығын тексеру


Ұсынылған құжаттарды зерделеу, жергілікті жерге барып, бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлерге және тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтау, тексеру актісін құрастыру

Көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) дайындау

Қаулы жобасын келісімдеу және облыс әкімдігі отырысына шығару

Төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы аттестаттау туралы куәлікті (бұдан әрі - Куәлік) дайындау






Іс- әрекет (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

6

7

3.

Аяқталу нысаны (мәлі-меттер, құжат, ұйым-дастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды басқарма басшысына бұрыштама қою үшін жолдау

Өтінішті және қоса берілген құжаттарды жауапты орындаушыға беру

Құжаттар топтамасын сараптамалық комиссияның қарауына жолдау

Сараптамалық комиссия мүшелерінің дауыс беруі және отырыс хаттамасы түріндегі шешімді ресімдеу

Басқарма басшысының қаулы жобасына

қол қоюы


Қаулыны қабылдау, оны басқарма басшысына орындау үшін жолдау

Көрсетілетін қызметті алушыға басқарма басшысы қол қойған Куәлікті беру

4.

Орында-лу мерзімі

30 минуттан аспайды

2 сағаттан аспайды

1 жұмыс күнінен аспайды

5 жұмыс күнінен аспайды

10 жұмыс күнінен аспайды

2 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде






«Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша




Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттаудың блок-сызбасы


Сараптамалық комиссия
Ұсынылған құжаттар топтамасын зерделеу, жергілікті жерге барып, бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлерге және тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестік деңгейін анықтау, тексеру актісін құрастыру, хаттама түрінде шешім ресімдеу

(5 жұмыс күнінен аспайды)







Басқарманың жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындау

(10 жұмыс күнінен аспайды)







Басқарманың жауапты орындаушысы
Ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексеру, оларды сараптамалық комиссияның қарауына жолдау

(1 жұмыс күнінен аспайды)






Басқарманың басшысы
Жауапты орындаушыны анықтау, бұрышама қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жолдау

(2 сағаттан аспайды)







Басқарма кеңсесінің маманы
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау, тіркеу және оларды басқарма басшысының

қарауына беру

(30 минуттан аспайды)







Облыс әкімдігі

Көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы облыс әкімдігінің қаулысын келісімдеу және қабылдау

(2 жұмыс күні ішінде)







Басқарманың

жауапты орындаушысы
Төменде көрсетілген: бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiсі және тұқым өткізушісі мәртебелерінің біреуін беру туралы Куәлік дайындау, көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысының қол қоюы, көрсетілетін қызметті алушыға Куәлікті беру

(1 жұмыс күнінен аспайды)







Көрсетілетін қызметті алушы





«Бірегей, элиталық тұқым, бiрiншi,

екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi

және тұқым өткізушілерді аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық

жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы








Э

Ү

П





Сауал



Көрсетілетін қызметті алушы
Шартты белгілер




Бастапқы хабарлама



Аяқталған хабарлама



Қарапайым аяқталған оқиғалар



Қате



Ақпараттық жүйе



Үдеріс



Шарт



Хабарлар ағымы



Басқару ағымы



Түпкі алушыға ұсынылатын электрондық құжат

ч. 1