«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

ч. 1
Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 10 сәуірдегі

№ А-4/130 қаулысымен бекітілді

 

 



 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1.  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және қала облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.



Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) аудандардың және қалалардың  маңызы бар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);

         2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз.

3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау



 

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздаға №217 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут. Нәтижесі –көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы немесе ауылдық округ әкімі құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі - жауапты орындаушыны белгілеу;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді – 3 жұмыс күні. Нәтижесі – құжаттарды учаскелік комиссияның қарауына жіберу;

4) учаскелік комиссия көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) материалдық жағдайын тексереді - 2 жұмыс күні. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісі (бұдан әрі – тексеру актісі) және көрсетілетін қызметті алушыға атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі немесе одан бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды).

5) ауылдық округ әкімі тексеру актісімен және қорытындысымен танысады – 10 жұмыс күні. Нәтижесі – тексеру актісі мен қорытындысын көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;

6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тексеру актісімен және қорытындысымен танысады – 1 жұмыс күні. Нәтижесі – мемелекеттік қызметті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны дайындау;

7) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ұсынылған құжаттармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – мемлекеттік қызметті тағайындау немесе одан бас тарту туралы хабарламаға қол қоюы;

8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе Орталық қызметкеріне  немесе мемлекеттік қызметті тағайындау тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді немесе ауылдық округ әкіміне жолдайды – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының немесе Орталық қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы;

9) ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама немесе дәлелді бас тарту жауабын береді – 15 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара



іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:



1) ауылдық округ әкімі;

2) уәкілетті органның басшылығы;

3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

4) учаскелік комиссия.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұрыштама қою үшін  басшылыққа құжаттарды жолдайды - 15 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды        материалдарымен қоса учаскелік комиссияға жолдайды - 3 жұмыс күні;

4) учаскелік комиссия тексеріс өткізіп,тексеріс актісін ауылдық округ әкіміне және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді – 2 жұмыс күні;

5) ауылдық округ әкімі тексеру актісін уәкілетті органға жолдайды - 10 жұмыс күні;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 жұмыс күні;

7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілген мемлекеттік қызметтің көорсетілетін қызметті алушыға немесе Орталық қызметкеріне  нәтижесін береді немесе ауылдық округ әкіміне мемлекеттік қызметті тағайындау туралы хабарламасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді - 15 минут.

8. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

 

 



4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.



Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электронды-цифрлық қол қойылған электронды құжаттар нысанында, орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Орталықтың қызметшісі құжаттардың түпнұсқаларын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтерімен салыстырып тексереді, сонан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

10. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат беріледі:

төмендегілерді көрсету арқылы, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат:

өтінішті қабылдаған күні мен нөмірі;

сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса ұсынылған құжаттардың саны мен атауы; құжаттың берілген мерзімі, уақыты мен орны; құжаттарды ресімдеуге қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефондары.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында, көрсетілетін қызметті берушіге сұраныс жіберіледі.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (немесе бермеу туралы хабарламасы) «терезе» арқылы жеке өзі орталыққа өтініш білдірген кезде іске асырылады.

13. Егер де, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алу үшін орталыққа уақытында өтініш білдірмеген болса, онда орталық құжаттардың сақтауын 1 ай қамтамасыз етеді. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда Стандарттың 9 тармағына сәйкес, Орталық қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсету арқылы қолхат береді. 

14. Бас тартылған жағдайда, Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 1 күн ішінде хабарлайды және мемлекеттік мекеменің бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша негіздемесін береді. 

15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің  Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру туралы» Заңының 2 бабы, 2 тармағына сәйкес негіздемесі:

1)егерде, көрсетілетін қызметті алушы жұмыссыз болғанда,ҚР жұмыспен қамту және еңбекке жарамды уәкілетті органдарында тіркелемегенде,жұмыспен қамту жұмысынан жазбаша бас тартқанында,бұлардан басқа мүгедектермен 1 айдан кем ішіндегі күндізгі емдікте болғанда, оқушылар, студенттер, тыңдаушылар,  күндізгі оқу бөлімінде оқып жүрген курсанттар мен магистрлер, сонымен қатар азаматтар,1 және 2 топтағы мүгедектерге қарайтын жандар, он сегіз жасқа дейінгі балаларды баққан кезде.



2) егерде, көрсетілетін қызметті алушы жұмыссыз болғанда, уәкілетті органдарынан жұмыспен қамту жұмысынан ешбір себепсіз, сонымен қатар қоғамдық және  әлеуметтік жұмыстардан, кәсіби дайындықтан, кәсібіи мамандықты қайта даярлау, кәсіби мамандығын жоғарлау    өздігінен осындай жұмыстар мен оқудан бас тартқан кезде.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынуға тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуі 2-қосымшада көрсетілген.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік  көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

регламентіне 1-қосымша

 

 



Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы

 


Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі (барысы,жұмыс легі)

ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы

 

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды        материалдарымен қоса учаскелік комиссияға жолдайды – 3 жұмыс күні




Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 15 минут




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бұрыштама қою үшін басшылыққа құжаттарды жолдайды – 15 минут




 

Ауылдық округ әкімі тексеру актісін уәкілетті органға жолдайды - 10жұмыс күні




Учаскелік комиссия  тексеріс өткізіп,тексеру актісін ауылдық  округ әкіміне немесе уәкілетті органға жібереді – 3 жұмыс күні




 

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді немесе ауылдық округ әкіміне мемлекеттік қызмет тағайындау немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды - 15 минут




көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды –15 минут




 

Ескерту: қысқартылған сөздер:

ҚҚБ – құрылымдық-қызметтік бірлік

 

 

 



 

«Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік  көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 2-қосымша

 

Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы



 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесі (барысы, жұмыс легі)

ҚФБ 1-тобы

ҚФБ 2-тобы

ҚФБ 3-тобы

 

Жауапты орындаушы  құжаттарды материалдарымен қоса учаскелік комиссияға жолдайды– 3жұмыс күні




Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жолдайды – 15 минут.  




Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут

 





Орталық қызметкері ұсынылған құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйден ұсынылған мәліметтермен сәйкестілігін тексереді және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды




 

Орталық көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап береді.




Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хабарламаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды – 15 минут

 





учаскелік комиссия  тексеріс өткізіп,тексеру актісін ауылдық округ әкіміне және көрсетілетін қызметті берушіге береді – 2 жұмыс күні




 

Орталық көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

 





Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі орталыққа хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.




көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қызмет алушыға немесе Орталық қызметкеріне  немесе ауылдық округ әкіміне мемлекеттік қызмет тағайындау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жауабын жолдайды - 15 минут




Ескерту: қысқартылған сөздер:

ҚҚБ – құрылымдық-қызметтік бірлік
ч. 1