Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға

ч. 1
Жаңа технологияларды қолдану – сапалы білім негізі

Кабулова А.А. Сазды орта мектебі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, теориялық білімді практикамен шыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету керек. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім болғандықтан, қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет.

Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қосар үлесі мол. «Әрбір сабақ – қайталанбас өнер, педагогикалық шығармашылық» деген болатын әйгілі педагог А.Сухомлинский, сондықтан әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуды міндетім деп санаймын.

Сабаққа әзірленген кезімде жоспарға үнемі оқушыны ойландыратындай, қандай да болса өзіндік пікір айтуына жағдай жасап, еркін шығармашылыққа жетелейтіндей жұмыс түрлерін көбірек енгізуге көңіл бөлемін. Шығармашылықпен айналысуға ең икемді жас орта буын деп санаймын, өйткені бұл жастағы балалардың пәнге қызығушылығы өте жоғары боп келеді. Қандай да болмасын тақырыпты өту кезінде шығармашылық қабілетті дамыту сұрақ қоюдан басталады және қойылатын сұрақтың оқушының ойына түрткі салуы көзделеді. Сапалы да нәтижелі білімге жетуде қазіргі кезде көптеген жаңа технологияларды, дәстүрден тыс сабақ түрлерін қолданып келемін. Мысалы, Сот сабағы, конференция сабағы, презентация, ауызша журнал, жоба қорғау сабақтары, т.б. Қаламгерлер шығармашылығын талдау және қазақ тілінен тілдік материалдарды меңгерту кезінде қолдануға ең қолайлы технология – сатылай кешенді талдау технологиясы. Оқушыларым бұл әдісті аса қызығушылықпен орындай біледі. Бұл әдісті әр сабақта жүйелі қолдана отырып, оқушылардың тақырыпты жан-жақты түсініп, талдауына үйретуге болады.

Оқушыларға шығарманы немесе өлеңді оқып болған соң ойландыратын сұрақтар беру, тақырып бойынша мәтін құрау, табиғатты суреттеу, шағын шығарма жазу, сурет бойынша әңгіме жазу, немесе оқылған өлеңнің мазмұнын қара сөзге айналдырып жазу, т.б. Бұл жұмыстар ізденуді, ойлануды қажет етеді. Жұмысты түрлендіру үшін ұйқас бойынша өлең құратуға, ертегі жаздыруға, кейіпкерге мінездеме жазу, инсценировка жасау, мәтін бойынша жоспар құруға болады. Сонымен қатар шығармашылық белсенділікті арттыруда ойын түрлерінің ролі ерекше екені бәрімізге белгілі. Мысалы: 1 минутта «табиғат» (немесе басқа да кез келген сөздерді алуға болады) деген сөзге ұқсас қанша сөз айта аласың? деген сұрақты лексика тарауын өткен кезде сабақтың орта кезеңінде әрі шығармашылық тапсырма, әрі сергіту ретінде қолдануға болады. (СМАБ) т.б. деген сияқты әріптер тізбегін беріп, осы әріптерден басталатын сөздермен кім көбірек сөйлем құрай алады. Бір ғана буынды атап, содан басталатын қанша сөз айтуға болады, барлық сөздері бір ғана дыбыстан басталатын сөйлем ойлан, тақтада берілген сөздер арқылы тілге, сөзге байланысты шығарма жазу, т.б ойын дамытатын сұрақтар арқылы шығармашылық қабілетті дамытамын. Мұндай тапсырмаларды оқушылар бар ынтасын салып, қызыға орындайды. Тапсырмаларды орындау кезінде әр оқушы қатарынан кем болмауға, құрбысынан гөрі маңыздырақ әрі мазмұнды сөйлемдер айтуға тырысады, бір-бірінен үйренеді, үлгі алады. Кейде оқушылар келтірген мысалдарды тыңдап отырып, олардың ой ұшқырлығына таң қаласың.

Мысалы: 7-класта қазақ тілінен «Етістіктің шақтары» тақырыбын өткенде мына тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылық, ізденушілік дағдыларын дамытуға көңіл бөлдім:


  1. Осы шақ етістіктерімен жұмбақ ойлан.

  2. «Қатені тап» ойыны. ( Әр топқа мәтін құратып, келесі топқа қатені түзеттіру.)

  3. «Мен ерлік жасауды қалай түсінемін» ой-толғау жазу.

Ал 5-класта «Тұрақты тіркестер» тақырыбын өткен кезде «Менің досым» деген тақырыпқа тұрақты тіркестерді пайдалана отырып мінездеме жаз, еркін тіркес, тұрақты тіркес, көп мағыналы сөздер, омонимдердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр деген шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды жүргізу жақсы нәтиже берді.

Тіл мен әдебиетті оқыту барысында сапалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқытудың озық технологияларының бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңа біліммен байланыстыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оларды зерттеп, салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастарымен тепе- теңдікте зерттеуге шығармашылық ізденісті қалыптастырудың негізі десек қателеспеспіз. СТО жобасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде менің сабақ барысында қолданып жүрген ой қозғау, инсерт, кубизм, ассоциация, Венн диаграммасы, «Бір айналым сөз», «РАФТ», «Бес жолды өлең», «Екі жақты күнделік» (Түсініктеме күнделігі) т.б. әдістерін қолдану кезінде оқушылар өз қиялдарына ерік бере отырып, жаңа пайымдаулар жасауға дағдыланады. Тақырыпты терең меңгерумен қатар, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре түседі. Бұл әдістер қабілетті баланы дарындыға айналдыруға мүмкіндік береді. «Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады. Ал «мағынаны тану» кезеңінде мәтінді жан-жақты талдау жұмысы жүргізіледі. Үшінші «ой толғаныс» бөлімінде білім жүйеленеді, қорытындыланады. Мысалы: С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесін өткен кезде СТО әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық ізденісін ұйымдастырдым. «Екі жақты күнделік» әдісін қолданған кезде оқушылар төмендегідей жұмыс жүргізді.



Мәтіннен үзінді

Өз пікірім

Ой-тұжырым

Ораз ыстық күні тышқан, қасқыр және түлкі сияқты аңдарды көп аулаған, бірақ солардың терісін сатып пайда қылмай, алдынан кім шықса соған береді...

Бұл үзіндіде Ораз өте қара-пайым, қайырымды екені көрінеді. Меніңше, ол өз басын ғана емес, өзгені де ойлайтын биік адамгершілік иесі.

«Шебердің қолы ортақ», «Жақсы – ай мен күндей, әлемге бірдей»

Жасының қартаңдығына қарамай, Ораз сол кезде балалардан жүйрік...

Шынында, осы үзіндіні оқып отырғанда жасы біразға келген адамның шыдамдылы-ғы мен шапшаңдығына қатты таң қалдым. Меніңше, Ораз жасынан аң аулаумен айналысқан, сондықтан да оның денесі шыныққан, ал денсау-лығы мықты.

Адамды кәрілік қартайтпайды, жалқаулық қартайтады.

Ал «Бес жолды өлеңді» оқушылар төмендегідей құрастырды:

  • Саятшы

  • Мерген, шыныққан.

  • Аңға шығады, аулайды, сауға береді.

  • Аңшы

  • Саятшы – халықтың мейірбан қамқоршысы

Бұл мысалдар оқушыны шығармашылық ізденіске баулудың кейбір жолдары.

СТО жобасы стратегияларын сабақта үнемі қолдану барысында оқушылардың сабаққа ынтасы өзгереді. Жоғарыда айтылған стратегияларды орындау барысында оқушылар мақсат қоюға үйренеді, өз көзқарасы, өз «мені қалыптасады». Ұжыммен бірігіп жұмыс істейді. Бір-бірімен тіл табысып, келісімге келуге үйренеді, бұрынғы білетіндерін салыстырды, еркін жауап беріп, нені үйренгенін саралап, ой алмастырады, оқушының белсенділігін арттырады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға, қорытынды жасауға үйретеді. Тапсырмаларды жүйелі орындауға, ізднуге жағдай жасалады, танымдық белсенділігі артады. Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырып, білімнің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады. СТО технологиясының негізіндегі сабақ процесінде сапалы нәтижеге қол жетеді.

Оқушылар диктант жазуда меңгерген білім, білік, дағдыларына сүйене отырып, шығарма жазады. Шығарма жазу үстінде шығармашылық еңбектің қуанышына кенеліп, өзінің ойын бейнелі, көркем сөзбен жеткізуге талпынады, еркін тақырып бойынша және көргендеріне бақылау жасау арқылы шығарма жазуға үйренеді. Тұрақты тіркестерді, синонимдерді, метафораны, теңеуді қолдануға жаттығады. Өз беттерімен ертегі, әңгіме құрастыра бастайды. Оқыған немесе естіген әңгіменің жоспарын құрастыру, «Терек пен Қайың», «Түлкі мен қоян», «Таңғы көрініс» т.б. тақырыптарда оқушылардың диалог түрінде әңгіме құрастыруы өте қызық болғанын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер еткенін атап айтуға болады.

«Еліміздің ертеңі мен бүгіні жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздарымыздың қолында» деп Елбасымыз айтқанындай, оқушының шығамашылық, ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, сапалы білім беруде мұғалім басты рол атқарады. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, әрбір сабағын оқушылардың шығармашылық ізденісіне бағытталған жұмыстарды ұйымдастыра отырып өткізгенде ғана жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу өз нәтижесін береді.

Сондықтан заман талабына сай бүгінгі мұғалім, нәзік психолог, шебер ұйымдастырушы, еңбекқор, өзіне талап қоя білетін ізденімпаз ғалым, кәсіби шеберлік деңгейі жоғары, даралық сапалары жетілген жетік маман болуы керек. Соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, жас ұрпақ бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіруде қазақ тілі мен әдебиетінен білім беретін ұстаздар аянбай еңбек еткені дұрыс.

Қорыта айтқанда, жаңа технологияларды қолдану оқушылардың білімін жетілдіре отырып, оқу сапасын арттыруға қол жеткізеді. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.


Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кабулова Айсұлу Айтжановна



Оқушыларды шығармашылық жұмыс түрлері арқылы адамгершілік пен ізгілікке баулу
Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады

(ағылшын ағартушысы Уильям Уорд)
Бүгінгі заман талабы – өз бетінше ойлай білетін, өз ойын еркін жеткізе білетін шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүмкіндігі зор. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілетін шығармашылық диктант, аяқталмаған ертегі, кейіпкерге немесе шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын жазғызу, шығарма бойынша түрлі сызба кестелер толтыру, шығармаға пікір жаздыру, шығарма кейіпкерімен, автормен сырласу хатын жаздырту, ой толғау, рецензия жаздырту, өлеңді қара сөзге айналдырып жаздырту, т.б. жұмыс түрлері оқушыларды шығармашылыққа баулу барысындағы өз бетімен орындауға берілетін жұмыс түрлері болып саналады

Оқушыларды шығармашылыққа баулу барысындағы өз бетімен орындауға берілетін жұмыс түрлері: өлеңді қара сөзге айналдырып жазу, оқушылардың бір–бірінің жазған көркем дүниесі туралы пікір жазу, оқыған әңгіме сюжеті бойынша сурет салу, (СЛАЙД )

Ақпараттандыру ғасыры деп танылып отырған бүгінгі замандағы қоғамдық–әлеуметтік, саяси–экономикалық қатынастардың нығаюына орай адамзат баласының мүдделілігі артып, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Алайда, қаншама материалдық игіліктерге қол жеткізгенмен, күнделікті тұрмыс жағдайында, адамдардың қарым–қатынасында көптеген келеңсіздіктер де кездесіп отырады. Жаһандану жағдайында туындаған кейбір қарама–қайшылықтар мен рухани тапшылыққа тап болмау үшін, біз алдымен адамдар арасында ізгілікті қарым–қатынас орнатып, олардың жүрегін адам гершілік нұрға бөлендіруді ойластырғанымыз абзал. Осы орайда адамгершілік тәрбие бере отырып, шығармашылыққа баулитын тақырыптардың бірі – Д. Исабековтің «Ата үміті» әңгімесі.

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті». Әңгімедегі адамгершілік, ізгілік мәселелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік-әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның рухани жан-дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш- қуатын таныту;

Дамытушылық- жазушының портрет жасау шеберлігіне назар аудару, көркем сөз құдіретіне үңілу, кейіпкерлерге мәтіннен мысал келтіре отырып, сипаттамалар беру, ой қорыту, пікір айтуға, оны қорғай білуге төселту; кейіпкерлер іс–әрекеті арқылы адалдық пен арамдық туралы ой қозғатып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, тіл байлығы мен шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік- оқушыларды зұлымдық, жауыздық, қатыгездік, қаскөйлік сияқты жаман қасиеттерден жирендіре отырып ізгілік жолына тәрбиелеу, адамгершілік, имандылық, парасаттылық сияқты қасиеттерді бойға сіңірту;

Сабақтың типі: Ұжымдық;

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау;

Сабақтың әдісі: Сәйкестендіру, пікірнама, талдау, ой толғау.

Сабақтың эпиграфы: «Пайда ойлама,ар ойла.....» (Абай).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1) Амандасу, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ– жауап:

1.Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібіне түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар.

2.Қалай ойлайсыздар,үзінді неге «Ата үміті»деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста,соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?

Біз шығармада үш–ақ кейіпкермен жүздестік,бірақ салмағы батпандай ой түйдік.

3.Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай,қайда жүздестік?

4.Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?

5.Алғашқы жүздесудегі әсер

6.Шығарманың сізді ерекше толғантқан тұсы?

7.Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?

8. Осы әңгіме авторы туралы не білесіңдер?

Үй жұмысын қорытындылау.

1. Әңгіме ұнады ма?

2. Несімен ұнады?

ІІ.Жаңа сабақ

Тақтаға күнді, тақырыпты жазу, жазғызу.

Мақсатын айтып өту.

Ой қозғау: «Обал мен сауап»

а) Обал -ұғым атауы.Дерексіз зат есім.Көзбен көрмейміз,қолмен ұстамаймыз.Обал сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Тірек-сигналдар

Неге, кімге қатысты айтылады? Не себепті айтылады?

Пайдасынан басқа зияны жоқ,жан біткенге қылдай қиянат келтірмейтін, бейкүнә, жазықсыз аңдар мен құстарға, жануарлар мен жәндіктерге қатысты айтылады.Мысалы: құс, құмырсқа, ара,үйдегі жан жануар т.б. «Ұя бұзған оңбайды». Ұяны, омартаны, илеуді бұзуға болмайды, өйткені олар құстың, араның, құмырсқаның Отаны.Олар сонда өсіп өнеді. Сенің бұзғаның-олардың өміріне балта шапқаның, бастарына қайғы- қасірет әкелгенің, қиянат жасағаның. Үлкендердің «Обалына қалма,тиіспе» деуі сондықтан.

Қасиетті,киелі саналатын тағам атауларына қатысты айтылады.Мысалы:сүт,нан т.б. «Сүт - тіршіліктің бастауы,нан-астың үлкені».Олар адамның адал еңбегімен келеді.Сол еңбектің қадірін білу керек.Оны бағалау керек.

Адамға қатысты айтылады.Мысалы көрген қорлық,кеткен ақы,төгілген жас,көрген қиянат. Әлімжеттік жасап әлсіз адамды ұрып соғуға,қиянат жасауға,зорлықпен біреудің ақысын бермеуге, күш арқылы біреудің затын тартып, не ұрлап алуға болмайды. Мұндай жағдайда әлсіз жандардың көз жасына қаласың, наласына батасың. «Обал болады» осындай жағдайда айтылады.

ә) сауап сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

«Дұрыс боды,оған сол керек» деген мағынада жұмсалады.

Алғыс,ықылас,қошемет,рахмет ұғымын білдіреді. Мысалы: сауабын алды(алғысын алды,рахметін алды).

Обал және сауап бір-біріне қарама-қарсы, яғни антоним сөздер.

Талдау:


1. Композициялық жоспар жасату.

Шығарманың тақырыбы

Идеясы

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі


2. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі


Кейіпкерлер

Жазушының суреттеуі

Менің ойым

Тоқсанбай қарт




Ақкөңіл, балажан, мейірімді, ақылды

Омаш




Қатыгез, көргенсіз, арам ойлы, ұры

Ергешбай




Елгезек, өнегелі, зейінді

3.Венн диаграммасы.

Тоқсанбай қарт

Ұқсастығы

Омаш

1.еңбекқор, бейнетшіл

2. Адал, имандылықты ту еткен 3. Қанағатшыл, т.б.






1.біреудің еңбегімен күн көреді, жалқау, алаяқ

2.Арам, қу, ұятсыз, қатыгез, т.б.


5.Мағынаны тану. (топпен жұмыс)

6.Мәтінмен жұмыс.

Мәтін бойынша кейіпкердің іс-әрекеті суреттелген үзінділер келтіру. Әңгіменің қай бөлімінде, кім?

-Келмей жатып– ақ ненің ауыр, ненің жеңіл екенін де біліп алапсың ғой. Ештеңе етпейді, бірер ай қиналсақ қиналармыз, сонан соң екеуміз орған дерменемізді Арысқа апарып жеткізіп, ақшаны уыс-уыс қып ап қайтамыз.

-Бұл кісі дермене ұрлап келді ме?

-Бұл әтәңәләлеттерге бала не керек десеңші!

-Аптауыздың тоқтайтын жеріне барып жатайық. Ертеңгісін бірінші жүргеніне мініп кетерміз.

ІІІ Ой толғаныс сатысы

А) «Кейіпкерлермен сырласу», «Кейіпкерлерге кеңес» жазу.

В) Абай айтқан «Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» және Омаш.

Сабақты қорытындылау. Сұрақ жауап.

1.Омаш әңгіме соңында өзін қалай сезінді? (тауып оқу)

2. Обал, сауап, адал, арам тәрізді ұғымды кім қалай түсінеді? Халқымызда бұған қатысты қандай ұлағатты, тыйым сөздер бар?

3. Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау

жеңудің бәрі жеңіс пе?

ІІІ.Бағалау

ІҮ.Үй тапсырмасы: «Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.

10 – класс қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин–балалар жазушысы»

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақтың тұңғыш педагог жаазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың қаншалықты меңгергендігін пысықтау. Әңгімелерді топқа бөлініп оқи отырып, мазмұнымен танысу және тақырыбы мен идеясын ашу. Ы.Алдынсариннің қазақ әдебиетіндегі

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Ұлы ағартушы әңгімелерін оқытып, талдай отырып, оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясы

Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсарин туралы көркем плакат. Нақыл сөздер:

1) «Ыбырай Алтынсарин – қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы болды. Көркем әңгімелерің композициялық құрылысын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар. ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын– жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор» Қажым Жұмалиев

2) Талпынған табиғатты өзгертем деп,

Жан болып кетпеймін деп өмірден тек.

Білімін қараңғы елге шырақ еткен,

Ұрпағым қалмасын деп өнерден шет. (Мәриям Хакімжанова)
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті.

1.Сыныпты түрлі түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.

Оқушылар бір– біріне жақсы тілектер айтады.

І Қызығушылықты ояту

–Міне, бүгін сабақта Отбасы. Қоғамдық орта. Мектеп деген топтарға бөлініп отырмыз.

–Бұл үшеуін қандай ортақ мәселелер біріктіреді? Осы үшеуінің байланысы қандай? (тәрбие, бала)

–Тәрбие сөзінің қандай синонимдері бар? Өнеге, үлгі, тағылым, т.б.

–Тәрбие кімдер арқылы жүзеге асады? Отбасындағы (мектептегі, қоғамдық ортадағы) тәрбиенің негізгі тірегі кімдер?

Ата–ана. Ұстаз. Достары, т.б.

Тәрбие туралы қандай мақалдар білесіңдер? («Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» , «Талап қылмай мұратқа жетпес», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» т.б.)

Мұғалім: Дұрыс. Адамзат баласы «шыр» етіп дүниеге келгеннен бастап, ата – ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өседі. Ал өсе келе ұстаздан және қоғамдық ортадан өнеге алары сөзсіз. Ананың мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала талап қылып, оқу еңбекке араласса, бүгінгі сабағымыздың да негізгі нысанасы қазақтың тұіғыш кемеңгері, педагог жазушы Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі тәрбие мәселесі болмақ.

Үй жұмысын тексеру



Өткен тақырыпты еске түсірейік.
1) «Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841  – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.  
1850  Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860  Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп 
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, 
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп 
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде 
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы. Сол мектепке қабылданған бала саны 14.
1876 – Петербор, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған 
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш 
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1876 1879  Орынборда хрестоматияның басылған жылы. Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.

1883 Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.

1887Ырғызда қыздар мектебі.

1889 Қазақтың тұңғңш кемеңгері ауыр науқастан қайтыс болады.

2) Өткенді пысықтау үшін топтар бір– біріне «жуан, жіңішке» сұрақтар қояды.

(әр топқа 2 сұрақ)

1.Ыбырай мұғалімдік қызметті неліктен таңдады?

2. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасының дамуына кімдер және қандай жағдайлар әсер етті?

3. Мектеп инспекторы болған кезінде қандай елеулі еңбек етті? ...

4. «Қазақ хрестоматиясының жазылуына қандай қажеттіліктер болды?

5.Жастарды оқуға, білімге шақыру мақсатында қандай өлеңдер жазды? «Өнер –білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясы неде?

6.Ыбырайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдері бар? Ол қазақ әдебиетіне қандай жаңалық әкелді?

ІІ.Мағынаны тану
«Кубизм» стратегиясы

Талдау. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары»,

Салыстыру . «Қыпшақ Сейітқұл» «Бай баласы мен жарлы баласы»

Қолда немесе қарсы шық. «Мейірімді қыз», «Аурудан аяған күштірек» «Талаптың пайдасы»,

Оқушыларға 8–9 минут беріледі.Жауаптарын тыңдауға 5–8 минут

–Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқукітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.



Ыбырай әңгімелерін оқи отырып, қандай тәлім–тәрбие үйрендік?

Топтастыру.



ІІІ. Ой толғаныс

І топ.  «РАФТ» стратегиясы

Ыбырайдың бір әңгімесін алып, ондағы кейіпкерге хат жазу /өздеріне қатты ұнаған, оқыған  әңгімесін алу

ІІ топ «Тәрбие басы – тал бесік» эссе жазу

ІІІ топ Білім мен тәрбие–егіз ұғым. Ой толғау

Мұғалім: Ы. Алтынсариннің тарихи еңбегінің бүгінгі күнде маңызы қандай? Өмір көркі мен болашақ иесі деп кімдерді атады?

М: Иә, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Елімізді барысқа айналдыратын күш – бүгінгі білімді де, білікті мектеп оқушылары» деп, мемлекет тағдыры мен ұрпақ тағдырын тығыз ұштастырады. Туған халқының жарқын болашағының жолын білімнен іздеген Ыбырай идеялары біздің Елбасымыз ұстанған саясатпен үндесіп жатыр. Ал ол білімге еңбек пен, талаптың арқасында қол жеткізуге болатынын айтқан. Демек, тұңғыш ағартушының шағын әңгімелері мен өлеңдерінде айтылған ой–пікірлер мәңгі жасай бермек. Жазушы шығармаларынан үлгі ала отырып, ел сенімін ақтау үшін білімді де талапты, еңбекқор болуларыңа



Бағалау

Бағалау парақтарын қорытындылап, баға қою.

Қорытынды: Қазақ әдебиетінде педагог жазушының көркем бейнесі жасалуда. Мысалы, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» деген поэмасын, М. Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин» пьесасын, Жайсаңбек Молдағалиев «Алғашқы ұстаз» романын жазды. Кинофильм түсірілген. Қостанайда ескерткіші бар. Поэмадан үзінді оқу.

Үйге тапсырма: «Ы. Алтынсарин шығармалары – балалар әдебиетінің бастау көзі»

11– класс қазақ әдебиеті


Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы– өнер тақырыбына жазылған шығарма

Сабақтың мақсаты: І. Жансүгіров шығармашылығындағы өнер тақырыбы туралы түсінік беру; «Құлагер» поэмасындағы Ақан образын жан-жақты ашу;

2. Шығармашылық ойлауды, тіл байлығын дамыту;

3. Сұлулыққа, адалдыққа баулу; Кейіпкер бойындағы адамгершілікті, адалдықты үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау сабағы.

Әдісі: сұрақ -жауап, салыстыру, дәлелдеу, талдау.

Көрнекілігі: слайд, І. Жансүгіров портреті, Ақан суреті, аттың суреті. Ақын туралы сөздер, мақал-мәтелдер, өлең үзінділері:

Ілияспын –

Өлеңге мұрагермін.

Иесімін мынау ел, мына жердің.

“Құлагерді” жазып ем жүрегіммен,

Тағдырына тап келдім Құлагердің

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар таратып, жауаптарды тыңдау.

3. Жаңа сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру. Слайдта берілген үзіндіні оқып, сабақ мақсатымен байланыстыру.

І. Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазған шығармалары қандай?


  • “Құлагер”

  • “Күйші”

  • “Күй”

“Құлагер” поэмасының сюжеттік-композициялық құрылысы

1. Пролог (кіріспе) А) Толғану

Ә) Көкше дидары

2. Экспозиция. Сағынай асы.

3. Даму. Ақанның асқа келуі

Күреңбай сыны

4. Шиеленіс. Егес. Батыраштың Ақанға ызалануы.

5. Шарықтауы. Қастандық

6. Шешімі. Құлагердің мерт болуы

Поэма мазмұнына арқау болған оқиға?

Арқаның атақты әнші-композиторы Ақан сері трагедиясы

Поэмадағы негізгі кейіпкерлер

Поэманы “Ақан сері” атамай неліктен “Құлагер” атаған

Құлагерді Күреңбай сыншы қалай бағалайды?

Оқушылар өз ойларын айтады. Слайдта берілген үзіндіні оқып, толықтыру.

Күреңбай көріп тұрып артын, алдын:

“Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,

Жері ұзақ, күші алдында, өрен жүйрік –

Бітімі өзі айтып тұр жануардың...

Жануар шапса – жүйрік, мінсе – берік,

Озбайды жүгіргенде жылқы мұнан.

Егер де шын жылқыны мен танысам,

Хақ мұның қырып-жойып бәйге алмағы!”

Жылқы малы туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Ауыз әдебиетінде батырдың серігі болған қандай тұлпарларды білесіңдер?

Бәйге түрлері: Тай жарыс. Құнан жарыс. Жорға жарыс. Аламан бәйге.

По эмадағы Ақан образы қалай берілген? Үзінділер арқылы талда.

1. Ақ отау топырлады Ақан түскен,

Қалың жұрт кетті керіп сырттан, іштен.

Шығады Ақан даусы әнге толып,

Безелген ғашық жармен, қыран құспен...

2. Жайраңдап жайсаң Ақан қаймыққан жоқ,

Жүрегін жолбарыстан айнытқан жоқ.

«Жат елде жалғыз жүрмін» деп именіп,

Болар деп түбі қалай қайғыртқан жоқ.

3. Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты,

Ол тастап аста тұрған жиылысты,

Болғанын бір сұмдықты іші сезіп,

Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты.

4. Құлагер қорқырайды қаныменен,

Ақан да шырқырайды жаныменен,

Егіліп, төгіледі Ақан сері,

Зарлаған Құлагердің әніменен.

5. ән болып Көкшетаудың күңіренгені,

Сөз болып, жат мінезі шерткен шері.

Кетіпті елдің аузы әуезе қып:

«Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан – пері.»

6. Таба алмай тыныштықты туған елде,

Кете алмай біржолата бөтен жерге.

Тартқанда жалғыздықтан жаны қорлық

Төсеген талай ерлер оққа кеуде.

Оқушылар поэманың тағы да басқа жерінен өздері үзінділерді тауып, мәнерлеп оқып шығады да, Ақан бейнесін құрастырады.

Поэмада Ақанға қарама-қарсы бейне кім?

Венн диаграммасы арқылы Ақан мен Батыраш бейнесін салыстыра отырып, Ақанның жаны таза, өз ортасынан биік тұрған тұлға екеніне тоқтайды.

Ақан туралы жазған қандай шығармаларды білесің?

Құлагерге жасаған қастандықты қалай түсіндіресің?

Ақан рухымен сырласу
(сыр-толғау жазу)

Поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау: Үзінді экранда көрсетіледі.

Таудағы тасқындаған ағын судай,

Өлеңім басталады таудан ұдай.

Әсемін әңгіменің көп таратқан,

Айтылмай қалған екен тау мынадай

Көк орман, көркем тоғай маужыраған,

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас

Төгіліп көл жиекке саудыраған

Көкшетау – жер жаннаты жеке біткен,

Бұл - сұлу кең далада бойын күткен.

Жомарт тау дастарқанды, момақан тау,

Шипа тау тазартатын барлық дерттен.

4. Қорытынды


  1. Күрделі поэма

2. Терең психологиялық-реалистік поэма

  1. Тарихи поэма

5.Бағалау.

6. Үйге тапсырма беру.

Поэманың ұнаған шумақтарын жаттау.

6 – класс қазақ әдебиеті

мұғалімі Кабулова А.А.
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңі

Сабақтың мақсаты 1. Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, өлеңді түсініп оқу, идеялық мазмұнын ашу, көркемдік тіліне талдау.

2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын, ауызша және жазбаша тілін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Туған елін, ана тілін сүюге, поэзияны сүюге баулу.

Көрнекілігі: «Адам шын адам болам десе, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» М.Жұмабаев

Ақын портреті, буклет, тірек – сызба, кітаптары, бағалау парағы, т.б

Сабақ түрі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. «Кубизм».РАФТ. Топтастыру.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру бөлімі

1.Амандасу. Оқушылар тақтаның алдында тұрады. Оқушыларды түгендеу. 4 топқа бөлу. Оқушылар алған нөмірге сәйкес орындарға отырады.

2. Топ жетекшісін сайлау. Бағалау парақтарын беру, түсіндіру.

3. Қарсы топтарға тілек айту.

Мұғалім: Сіздерге сәттілік тілеп сенім білдіремін.



І Қызығушылықты ояту

–Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өттік?

–«Мен кім?» өлеңін кім жатқа кім айтады? (Мәнерлеп жатқа айту)

–Сіздерге ақын туралы қосымша мәлімет жинақтау берілген еді. Өздерің тапқан деректер бойынша ақын туралы білімімізді ортаға салайық.

Топтастыру: Мағжан – ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, т.б.

ІІІ Мағынаны тану

1. М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мұғалімнің оқуы

2) Оқушыларға іштей оқыту.

3) Әр топта тізбектей оқыту

«Кубизм» Кубиктің 4 қырының тапсырмаларын ғана орындаймыз.

«Зертте» Өз ойына сүйене отырып немесе өз көзқарасы тұрғысынан өлеңнің мазмұнын айту.

«Талда» Өлең құрылысына, көркемдігіне кешенді талдау

«Дәнекерлеуші топ» Ақынның ана тілінің келешегіне деген сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеу. Ақынды толғандырған тіл тағдырына бүгінгі заман талабы тұрғысынан пікір айту.

«Салыстырушы» Мағжан өлеңін С. Торайғыров өлеңімен салыстыру. Екі ақынның ой–арманының үндестігін табу.

ІІІ Ой толғаныс

1–топ: РАФТ Ақынға тіл тағдыры туралы хат жазу

(оқушы жазған хаттардан) Сәлематсыз ба, Мағжан ата! Бүгін сіздің өлеңдеріңізді оқып ерекше күй кешіп отырмын. Сіздің өлеңдеріңіз маған қатты әсер етті. Өлеңдеріңізді оқып отырғанда ата–бабаларымыздың өткен өмірі, тұрмысы, көрген қиыншылықтары көз алдыма келді. Сіз арқыылы ана тілінің қасиетін ұққандай болдым. Біздің қазіргі заманымызда туған етілінің қадірін түсінбейй жүргендер әлі де бар болғаны өкінішті. Сізден сол үшін кешіріім сұраймын. Сіз өзіңіз айтқандай, «мен де олардың алдағыы уақыытта ана тілдерін еркін меңгеретініне» сенемін. Сіз секілді ұлтын сүйген азаматтардың өмірі қуғында өткені мен үшін орны толмас өкініш. Сізді жазықсыз жазалағандарға деген ызам шексіз! Мен де сіз сияқты өз ұлтымды сүйемін және ана тілімді мақтан етемін! Сіздің үмітіңізді ақтаймын. Сау болыңыз. С// н Арман.

3–топ. РАФТ Ақын атынан қазақ халқына үндеу жазу.

4– топ: «Таза, терең, өткір, күшті, кен тілім» тақырыбына шығарма немесе өлең жаз.

(Оқушылар жазғандарын автордың орындығында оқиды)

Бихатова Көркемай:

Мағжан ақын – ақ сұңқар ғой самғай ұшқан

Бір қиырдан бір қиырға талмай ұшқан.

Жамандықты көргенде жаны жасып,

Жақсылықты көргенде самғап ұшқан.

Мағжан ата – дарынды, жалынды ақын

Сөйлегенде келтірер сөздіің нарқын

Заманыңның талантты тұлғасы едің,

Төрт жасынан білімге бұрған басын.

«Халық жауы» атанған жазықсыздан

Ей, қазақ! Бар ғой сенің сондай бабаң

Халқының қамын ойлап өмір сүрген

Бір жұлдыз бар әрқашан жарқыраған.

Өмірге келер әлі бала Мағжан,–

Бабама тең келмейді бірақ бір жан.

Дәл сендей мәдениетті біртуар ұл

Жалғанда мыңның бірі таба алмаған.

Қорытынды.

Ақын өлеңдерінен қандай үлгі аламыз.

Бағалау

Топ жетекшілері қарсы топтарды бағалайды.



6 – класс қазақ әдебиеті

мұғалімі Кабулова А.А.

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев «Шыңырау»

Сабақтың мақсаты:1.Жазушы туралы мәлімет бере отырып, әңгіме мазмұнын түсініп оқу арқылы негігі ойды ашу.

2. Оқушылардың шапшаң оқу дағдысын, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін, ойларын дұрыс жеткізу дағдыларын, танымдық белсенділіктерін дамыту.

3. Ізденімпаздыққа, өздігінен білім алуға, ұйымшылдыққа баулу. Көркем шығарма оқуға, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдасстыру кезеңі

ІІ үй тапсырмасын тексеру

1) С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға туралы жазған мінездемені оқыту

2) Әңгіме неліктен «Қылау» деп аталған? Егер жазушы болсаң қалай атар едің? Әңгіменің негізгі идеясы қандай?

ІІІ Жаңа сабақ

1. Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу.

Жылт–жылт еткен, жылғадан өткен. (су)

Арқан байлап шелекке,

Жер астына тастайсың.

Мөлтілдетіп шелекті,

Тартып ала бастайсың. (құдық)

Су не үшін керек ? Қандай мақал–мәтелдер білесіңдер? Су – тіршілік көзі. Су ішкен құдығыңа түкірме.

Құдық деген не? Суретін салып немесе сипаттап берейік.

Бүгін біз Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесімен танысамыз.

«

2. Мағынаны тану



Топпен жұмыс. Мәтінді 4 топқа бөліп, оқушыларға мазмұнын оқыту. Уақыт біткен соң әр топтан 1 оқушы келесі топқа барып, түсінгенін айтып береді.

1 –топқа тапсырма: Шыңырау, құдық, ернек шың, сандық тас, құбыла бет сөдерінің мағынасын сөздіктің көмегімен түсіндіру.

Шыңырау – 1. Биік құз, таудың ұшар басы. 2. Тұңғиық, терең

Құдық – жердің су шығатын қабатына дейін қазылып, су шыққан жер, тік шұңқыр. ( Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 2008 ж.)

2–топқа тапсырма: Жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы шағын мәлімет беру. (интернетті қолдану)

Ә. Кекілбаев –Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы

1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысының, Маңғыстау ауданы, Оңды деген аулында дүниеге келген. 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. Аталары беделді, білікті, дәулетті адамдар болған.

3–топқа тапсырма: шығармаға жоспар құру.

1.Байсал байдың өтініші.

2. Құдық қазатын орынды таңдау.

3.Дайындық. Сандық тастарды кесу, т.б.

4. Құдық қазу қиындығы мен қорқыныш.

5. Шарасыздық.

6. Еңсептің қуанышы.

7. Бос қайтқан шелек.

8. Халық үрейі.

9. Құдықтың пайдасы.

4–топқа тапсырма: Сатылай кешенді талдау. Кейіпкерге мінездеме жазу

Шығарманың аты: «Шыңырау»

Авторы: Әбіш Кекілбаев

Тақырыбы: еңбек , кәсіп туралы

Негізгі ой – адамгершілік, жан дүниенің сұлулығы, адалдық

Шығарманың тілі:

Еңсеп – адал, еңбекқор, көреген, қайратты, өте шыдамды, сабырлы.

3. Ой толғаныс. (таңдау бойынша)

1.«Еңсеп – нағыз еңбекқор жан» шығарма жазу 2. Кейіпкер туралы өлең шығару.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.



«Шегенделген шыңырау құдық» туралы әңгіме жазу, әңгімеге лайықты сурет салу, мақал–мәтелдер тауып келу.
ч. 1