Атты оқу үдерісінде ақпараттық-байланыстық технологиялардың қолданылу

ч. 1
Қыркүйек айының 28-30 күндері «Полимедиялық технология – XXI ғасыр ұстазының құралы» атты оқу үдерісінде ақпараттық-байланыстық технологиялардың қолданылу теориясы мен тәжірибесіне бағытталған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Осы жылы семинарға халықаралық қатынастар, химия, филология, заң, биология факультеттерінің түрлі кафедраларының 25-тен астам өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты: ақпараттық -байланыс технологияларын тиімді менгеріп алу.

Әл-Фараби атындағы Қазұу-дың модернизация саласында жүргізіп жатқан белсенді саясаты мен білім беруде ақпараттық құралдарды енгізуі, және де Ақпараттық технологиялар департаментінің нәтижелі тәжірибелермен қамтамасыз етуінің арқасында Қолданбалы Лингвистика және Мәдениетаралық Қарым-қатынастар орталығы түрлі ғылыми ауқымды іс-шараларды өткізуде зор ат салысып жатыр.



c:\documents and settings\linguistics\рабочий стол\img_0388.jpg c:\documents and settings\linguistics\рабочий стол\img_0390.jpg c:\documents and settings\linguistics\рабочий стол\img_8274.jpg

Семинар кезіндегі бірінші тақырып бойынша жаңа замандағы интерактивтік тақтаны қолдануынан интернетте мәтін ,бейне, суреттерді көруге және тағы басқа көптеген мүмкіндіктерге жол береді, сонымен қатар оқытушылардың жұмыстарын арттырып студенттердің оқуға деген құлшылығын арттыра түсіреді.

c:\documents and settings\linguistics\рабочий стол\img_8276.jpg c:\documents and settings\linguistics\рабочий стол\img_8281.jpg

Семинар барысында оқытушылар қазіргі әлемдік тенденцияларды мен оқыту тәжірибелерін жан-жақты қарастыруға тырысты, шығармашылық жұмыстарға қатысты, жаңа технологиялық шешімдерді талқылап, оларды жетілдіру жолында өз ұсыныстарын ортаға салды. Ашық пікір-талас кезінде қатысушылардың алдында ақпараттық-байланыстық технологияларды қандай жолмен сәтті және нәтижелі игеруге болады деген тапсырма тұрды.Семинар кезінде американ мұғалімі Джозеф Марк (АҚШ) өзінің тәжірибесімен алмасып жаңа технологиялық шешімдерді бірге талқылап және оқушы мен оқытушы арасындағы әдіснамалық өзара қарым -қатынас орнату әрекеттерін айтты.



Үшкіндік семинардың қорытынды талқылауында қатысушылар білім саласындағы мамандардың АБТ-лық біліктілігін көтеру жолындағы сұрақтарды шешудің бастапқы мақсаттарына: ұстаздардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту; оқытушылардың назарын білім беру онлайн-бірлестіктерінің мүмкіндіктеріне аудару, қазіргі таңдағы құрал-жабдықтарды қолдана отырып тәжірибе алмасу және түрлі курстар, веб-семинарлар арқылы ұстаздық біліктіліктерін жоғарлату; ортақ берілген пікірлерге қарап – Қолданбалы Лингвистика және Мәдениетаралық Қарым-қатынас орталығының базасы шеңберінде АБТ саласында ұстаздық тәжірибе алмасу үшін онлайн-семинарлар, вебинар бағдарламаларын қолданып тәжірибелік іс-шаралардың топтамасы құрастыру алға қойылды. Сонымен қатар жұмыс жоспарына ақпараттық ресурстарды құру және дамыту мәселесі мен kaznu.kz. онлайн-ресурсы базасында жоғарғы оқу орындары оқытушыларының әдіснамалық өзара әрекеттерінің алаңын кіргізу аса қажет.
ч. 1