"Ақтөбе-Дарын" ӨҒто 2012 жылғы қарашаның 3-12 аралығында 9 сынып

ч. 1 ч. 2 ч. 3 ч. 4
04.09.2012ж. "Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО 2012 жылғы қарашаның  3-12 аралығында 9 сынып оқушыларына арналған  «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен жаратылыстану бағыты бойынша «Зияткерлер» бейіндік ауысымы өтетіндігін  хабарлайды ... жалғасы

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің

басшыларына, облыстық білім

ұйымдарының директорларына

"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО 2012 жылғы қарашаның  3-12 аралығында 9 сынып оқушыларына арналған  «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен жаратылыстану бағыты бойынша «Зияткерлер» бейіндік ауысымы өтетіндігін  хабарлайды. Бейіндік ауысымның  ұйымдастыру жарнасы – 40 000 тг (жатын орны, тамақтануы, оқу сағаттары, оқу-танымдық саяхат). Сонымен қатар жол шығындары өз есебінен:



  • математика,физика - Орал қаласында (облыс бойынша -6 оқушы);

  • химия, биология - Тараз қаласында (облыс бойынша -4 оқушы);

  • география -  Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында (облыс бойынша - 3 оқушы);

  • химия -  Қарағанды қаласында (облыс бойынша - 3 оқушы);

Бейіндік ауысымның  мақсаты - жаратылыстану бағыты бойынша дарынды балаларды  жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру және пәндік олимпиадаға дайындау.

Ауысымға қатысу туралы сұранысты төмендегі үлгі бойынша 2012 жылғы  1  қазанға  дейін "Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО интеллектуалдық дамыту бөліміне жіберуіңізді сұрайды:

 




Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша)

Мектебі

Класы

Оқу тілі

Пән

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Қатысушылар өздерімен бірге жеке куәлігін, эпид ортасы туралы анықтама алуы қажет.

тел:90-62-30, 90-62-33(ф)

www.aktobe-daryn.kz

04.09.2012ж. "Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО 2012 жылғы қарашаның  5-10 аралығында «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Астана қаласында ағылшын тілінен 8 сынып  оқушыларына арналған  «Зияткерлер» бейіндік ауысымы ақылы түрде ... жалғасы

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің

басшыларына, облыстық білім

ұйымдарының директорларына

"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО 2012 жылғы қарашаның  5-10 аралығында «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Астана қаласында ағылшын тілінен 8 сынып  оқушыларына арналған  «Зияткерлер» бейіндік ауысымы ақылы түрде  (ұйымдастыру жарнасы – 40 000 тг, сонымен қатар жол шығындары өз есебінен) өтетіндігін  хабарлайды.

Бейіндік ауысымның мақсаты – талантты балаларды анықтау, лингвистика саласындағы ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын және танымдық белсенділігін дамыту. Бейіндік ауысым аясында қатысушыларға Астана қаласының көрнекті орындарымен танысу қарастырылған.

Ауысымға қатысу туралы сұранысты (міндетті түрде ағылшын тілін жатық меңгерген оқушы болу қажеттілігін ескертеміз) төмендегі үлгі бойынша 2012 жылғы 1  қазанға  дейін "Ақтөбе-Дарын" интеллектуалдық дамыту бөліміне жіберуіңізді сұрайды:

 




Аты-жөні (құжатына сәйкес)

мектебі

сыныбы

Оқыту тілі

 

 

 

 

 

 

Берілген қатысым кестесі негізінде Ақтөбе облысы бойынша 10 оқушы. Кестедегі оқушы санынан асқан жағдайда 8 кластың І тоқсаны бойынша және 7 кластың үлгерімі бойынша іріктеу өткізіледі.

Ескерту: Қатысушылар өздерімен бірге жеке куәлігін, эпид ортасы туралы анықтама, бассейнге баруға қажетті заттарды алуы қажет.

 

 



тел:90-62-30, 90-62-33 (ф)

www.aktobe-daryn.kz

04.09.2012ж. 5-8 класс  оқушылары үшін өткізілетін «Менің туған өлкем» туған өлкені  зерттеу ойын конкурсы. Міндеті мен мақсаты ...жалғасы

5-8 класс  оқушылары үшін өткізілетін «Менің туған өлкем» туған өлкені  зерттеу ойын конкурсы

 

Міндеті мен мақсаты:



 

*Ақтөбе  облысының  географиясына байланысты  негізгі даталар мен оқиғалар    және туған өлке туралы білім сапасын анықтау;

*Өз отанына деген намысын, патриоттық сезімін тәрбиелеу;

*Оқушылардың  танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;

* «оқушы-мұғалім-отбасы» оқу процесін нығайтуына ықпал ету;

 

3. Ойын-байқаудың ұйымдастырушысы – Ақтөбе облысының  білім басқармасының  «Ақтөбе-Дарын» өңірлік  ғылыми-тәжірибелік орталығы.



2. Ойын тәртібі

1. Ойын-байқауға кез-келген  оқушы қатыса алады.

2. Тапсырма тесттері 25 сұрақтан тұрады.

3.Жұмыс тапсырмаларын орындауға 1 сағат 30 минут беріледі.

4.Ойын-байқау ақылы түрде өткізіледі   (300 теңге),  қорытындысы ойын өткізген күннен бастап 15 күн аралығында     таратылады.

3. Ойын-байқауды   ұйымдастырушы органдар

1. География  пәнінен өткізілетін  «Менің туған өлкем» ойын-байқауының жұмысын координациялау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысының  білім басқармасының  «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы бұйрығы  шығарылып, Ұйымдастыру комитеті және ғылыми-әдістемелік  кеңес құрылады.

2.Ғылыми-әдістемелік кеңестің құрамына енген жоғарғы оқу орындарының  ғалымдары, білікті  мұғалімдері: тапсырма мазмұнын құрастырады;

бағалау критерийлерін анықтайды;

ойын-байқау өткенше тапсырма құпиялығына  кепіл беріп,   жауапкершілік артады;

жауап парақтарын тексеруге қатысады;

жүлдегерлер тізімін хаттамамен бекітеді.

3.Ойын-байқауды өткізу үшін Координаторлар Кеңесіне енетін қалалық, аудандық, облыстық координаторлар тағайындалады. Координатор ретінде  еңбек өтілінде міні жоқ беделді әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер бола алады.

4.Ойынның өткізілуіне 15 күн қалғанда координаторлар Ақтөбе облысының өңірлік ғылыми-тәжірибелік «Ақтөбе-Дарын» орталығына оқушының оқу  тілі және класына қарай көрсетілген  сандық сұраныс  пен қатысушылар тізімін тапсырады.

Координатор міндетті:

ойын-сайысты мектепте, ауданда, облыста  тәртіппен жүйелі  өткізуге;

ойынға қатысу үшін уақытында сұраныс беріп, осы ойынға қатысты ақпараттан хабардар болуға:

координаторларға арналған нұсқауларды бұлжытпай орындауға;

ойын өткен соң  жауап парақтарын түгел және ұқыпты жинап, «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО тапсыруға.

Ойын-байқаудың  өткізілу тәртібі

1.Нақты көрсетілген мерзімнен кейін түскен, сонымен қатар дұрыс тапсырылмаған  сұраныстар ойынға қатыса алмайды.

2.Ойынға қатысу өз еркімен, ақылы түрде орындалады

3.Тапсырма салынған конверттер мектеп координаторының қатысуымен қатысушылардың көзінше ашылады.

4.Тапсырма орындауға  1 сағат 30 минут беріледі.

5.Уақыт аяқталған соң мектеп координаторы  жауап парақтарын жинап, аудандық координаторға, ол әрі қарай облыстық координаторға тапсыруы қажет.

6.Ұйымдастырушы комитеті мен ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыстарды тексеріп, оқушының рейтингін анықтайды, жеңімпаздарды белгілеп, оларға жүлделі орын беру   сұрағын   көтереді.

7.Барлық шешімдер   хаттамамен бекітеді.

Жеңімпаздарды марапаттау

1.  5-8  класс оқушылары үшін  география  пәнінен өткізілетін «Менің туған өлкем» ойын-

байқауының    жеңімпаздары дипломдармен марапатталып,  қатысушылар сертификат

алады.

 

8 (7132) 90 62 30



www.aktobe-daryn.kz

04.09.2012ж. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларына, облыстық білім ұйымдарының директорларына ...жалғасы

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің

басшыларына, облыстық білім

ұйымдарының директорларына

"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО 2011-2012 жылғы оқу жылында 5-8 класс оқушылары үшін  сырттай олимпиадалық  резерві  жұмысын  жалғастыратынын  хабаралайды. Оқу ақысы 2000 тг.

Осыған орай, ағымдағы  жылғы 15-қыркүйегіне дейін  сырттай олимпиадалық резерв мектебінде оқуға  ықылас  білдірген  оқушылар  туралы  сұранысты "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының интеллектуалдық дамыту бөліміне электрондық ( aktobe_intel@mail.ru ) және қағаз нұсқада тапсыруыңыз сұралады.

Қосымша ақпарат www.aktobe-daryn.kz сайтында орналасқан.

 

 «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2012 жылғы   қазан айының 10 – да республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсының облыстық кезеңі өтетінін хабарлайды ... жалғасы



Аудандық (қалалық) білім

бөлімдерінің басшыларына

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2012 жылғы   қазан айының 10 – да республикалық «Үздік жыл психологі» конкурсының облыстық кезеңі өтетінін хабарлайды. Конкурс психологтердің кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің бәсекелестігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа 3 жылға дейін, 3 - 7 жылға дейін, 7  жылдан астам еңбек өтілі бар мектеп психологтері  қатыса алады.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

I кезең –  аймақтық, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы ағымдағы жылдың 10 казанында өткізеді.

II кезең – қорытынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

Конкурстың қорытынды кезеңіне аймақтық кезеңнен өткен  психологтер  қатысады. Әр облыстан 4 педагог.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Үздік жұмыстар «Дарын» ақпараттық-әдістемелік журналында жарияланады  немесе тәжірибеге енгізуге ұсынылады.  ережені жүктеу http://aktedu.kz/components/com_linkr/assets/img/files.icon.archive.png


Сұранысты үлгі бойынша ағымдағы жылдың  20-шы  қыркүйегіне дейін тапсыру қажет. Адрес:  Гришин к. 1, тел/факс: (7132) 90-62-33

e-mail: innovaciya-daryn@mail.ru 



29.08.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2012-2013 оқу жылында облыстық сырттай оқу мектебіне математика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі мен әдебиет, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндері бойынша ата-аналар тарапынан жеке келісім – шарт негізінде 8-10 класс оқушылары  қабылданатынын хабарлайды ... жалғасы

Аудандық (қалалық) білім

бөлімдерінің басшыларына

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2012-2013 оқу жылында облыстық сырттай оқу мектебіне математика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі мен әдебиет, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндері бойынша ата-аналар тарапынан жеке келісім – шарт негізінде 8-10 класс оқушылары  қабылданатынын хабарлайды. Сырттай оқу мектебінің оқытушылары – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандарылған білім мекемелерінің мұғалімдері.

Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар сырттай оқу мектебінің шағын олимпиада қорытындысы бойынша 2013-2014 оқу жылындағы облыстық «Жалын» олимпиадалық резерв мектебіне енгізіледі.

Осыған байланысты 2012 жылғы 15 қыркүйекке дейін ұсыныстарыңызды төмендегі үлгі бойынша беруіңізді сұраймыз:

 




Оқушының аты, жөні (толық)

Мектебі, ауданы

Класы

Таңдаған пәні

Оқу тілі

Пән мұғалімі (толық)

Ескерту: Сұраныс қағаз және электрондық тасымалдағыштар арқылы қабылданады. Оқу ақысы бір жылға – 4000 (төрт мың) теңге. Сырттай оқу мектебінің ережесі, оған қатысу шарттары туралы толық ақпарат «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның  http //aktobe-daryn.kz сайтында орналасқан.

Сырттай оқу мектебі жұмысына жауапты аудандық білім бөлімінің қызметкері (координаторы)  белгіленіп, бірінші басшының қолы қойылған   мәлімет (толық аты-жөні, лауазымы, еңбек өтілі, ұялы телефоны, Е-mail) ағымдағы жылдың  5 қыркүйегіне дейін «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның инновациялық-педагогикалық қызмет көрсету бөліміне (Е-mail: innovaciya-daryn@ mail.ru) тапсыру қажет.

 Т. 906227, факс 906233

www.aktobe-daryn.kz

29.08.2012ж."Ақтөбе-Дарын"  ӨҒТО 2012  жылғы  қыркүйек айының 29-да география  пәнінен  «Менің туған өлкем» ойын-байқауы өткізетіндігін хабарлайды ...жалғасы

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің

басшыларына, облыстық білім

ұйымдарының директорларына

"Ақтөбе-Дарын"  ӨҒТО 2012  жылғы  қыркүйек айының 29-да география  пәнінен  «Менің туған өлкем» ойын-байқауы өткізетіндігін хабарлайды.



Ойынның міндеті мен мақсаты:

*Ақтөбе  облысының  географиясына байланысты  негізгі даталар мен оқиғалар    және туған өлке туралы білім сапасын анықтау;

*Өз Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеу;

*Оқушылардың  танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.



Ойын тәртібі

1. Ойын-байқауға кез-келген  оқушы қатыса алады.

2. Тапсырма тестері 25 сұрақтан тұрады.

3. Жұмыс тапсырмаларын орындауға 1 сағат 30 минут беріледі.

4. Ойын-байқау ақылы түрде өткізіледі   (300 теңге),  қорытындысы ойын өткізген күннен бастап 15 күн аралығында     таратылады.

Ойын-байқаудың ережесі мен ақпараттық хат www.aktobe-daryn.kz сайтында орналасқан.

«Менің туған өлкем» ойын-байқауына қатысуға тілек білдірген оқушылар туралы ақпаратты төмендегі кесте бойынша ағымдағы жылғы қыркүйек айының 17-не дейін "Ақтөбе-Дарын"  ӨҒТО интеллектуалдық дамыту бөліміне электрондық ( aktobe_intel@mail.ru) және қағаз нұсқада (факс 90-62-33) тапсыруыңыз сұралады.

 




Оқушының аты-жөні

Ауданы, мектебі

Класы

Оқыту тілі

Мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 тел:90-62-30

2012 жылдың 11 мамырында Ақтөбе қаласы №23 орта мектеп-лицейінің базасында бастауыш класс оқушыларына арналған Республикалық математикалық «Бастау» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. жалғасы

Бастауыш класс оқушыларына арналған  Республикалық математикалық «Бастау» олимпиадасының облыстық  кезеңінің қорытындысы туралы анықтама

2012 жылдың 11 мамырында Ақтөбе қаласы №23 орта мектеп-лицейінің базасында бастауыш класс оқушыларына арналған  Республикалық математикалық «Бастау» олимпиадасының облыстық  кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты:

-математика саласында дарынды балаларды анықтау және қолдау;

-оқушылардың математика саласындағы оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

-математикалық білімді насихаттау және оқушылардың ғылымдық қызметке қызығушылығын дамыту;

-жетістікке жету уәжін қалыптастыру;

-олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға, тағы басқа шараларға қатысуға оқушыларды іріктеу және дайындау;

-жетістікке білім арқылы жету және сауаттылықтың абыройын көтеру;

-оқушылар арасында интеллектуалдық ойындарды, сайыстарды, жарыстарды, олимпиадаларды кеңінен тарату;

Олимпиада үш тур бойынша өткізілді:

1-тур-«Шашу»-құрама топтың авторлық есептерінің тұсаукесер рәсімі (7-10 мин)

2-тур-«Математикалық көкпар»- құрама топ өз қалауы бойынша үш күрделенген деңгейлік тапсырмаларды таңдап белгілі ұпай жинайды. Есепті шығарған соң құрама топтың бір өкілі қазылар алқасына есепті  көрсете алады. Есеп дұрыс шығарылмаса қазылар алқасы қайтарып жібереді. Есепті тек 3 рет көрсетуге болады.

3-тур-«Математикалық бәйге»-Блиц-турнирі (1 мин ішінде қойылған сұрақ санының және дұрыс жауап берген санның негізінде ұпай жиналады)

Үш тур бойынша жинаған ұпай қорытындысы негізінде жеңімпаз-құрама тобы анықталады.

Бас жүлде жеңіп алған  құрама топ математикалық «Бастау» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысады.

Қазылар алқасының мүшелері ретінде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық  институтының  аға  оқытушылары  мен  Ақтөбе  қалалық мектептерінің жоғары санатты мұғалімдері төрелік етті.

Олимпиадаға облыс бойынша барлығы 25 топ, 96 оқушы қатысты. Оның ішінде  12 ауданнан 21 топ,  Ақтөбе қаласынан 4 топ.

Аталған олимпиадаға қатысқан барлық топтар жақсы дайындықпен келгендігін көрсетті.

Дегенмен де, өте жақсы нәтиже көрсеткен Хромтау, Әйтеке би, Шалқар,   аудандарының құрама топтарын  ерекше атауға болады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі негізінде:

Гран-при

1.Хромтау ауданы, №6 мектеп-гимназясының  «Өрнек» құрама командасы: Тағыберген Ақерке – Боккарина Аружан 2-класс, Абилхасен Абдулазиз 3-класс, Елдеш Асылжан 4-класс.

2. Хромтау ауданы, №4 орта мектебінің «Крестики-нолики» құрама командасы: Послушная Оксана 2-класс, Камидулла Амангелді 3-класс, Аймулдаева Амина  4-класс.

І дәрежелі диплом

1.Әйтеке би ауданы, Қарашатау орта мектебінің «Болашақ»  құрама  командасы: Орынбасарова Ақсұлу 4-класс, Омарова Динара 3-класс, Қуандық Нұрсұлтан 2-класс.

2. Мәртөк ауданы, №3 орта мектебі, №1 орта мектептерінің «Знатоки» құрама командасы: Сохарев Сергей 4-класс, Иляшенко Анна 3-класс, Поддубный Виктор 2-класс.

ІІ дәрежелі диплом

1.Алға ауданы, Алға мектеп-балабақшасының «Ойшылдар» құрама командасы: Дускенов Дияр 2-класс, Әскебай Арман 3-класс, Айтбаева Әсем 4-класс.

2. Шалқар ауданы, №5 орта мектебінің «Болашақ» құрама коамндасы:  Ядыгарсұлтанбекова Әсемгүл 2-класс, Орда Нұрғасыр 3-класс, Сақтағанов Шерхан 4-класс.

3.  Ақтөбе қаласы, №2 мамандандырылған орта мектебінің «Формула 3-х» құрама командасы: Сүлейменова Алтын 2-класс, Юлиев Андрей 3-класс, Грак Андей  4-класс.

ІІІ дәрежелі диплом

1. Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің "Миллиметр" құрама командасы: Қайратұлы Парасат  2-класс, Айсұлтанова Сая 3-класс, Сексенбай Ақбөкен 4-класс.

2. Қобда ауданы, Калиновка орта мектебінің "Білгірлер" құрама командасы: Сисен Гүлім 2-класс, Досбол Ақниет 3-класс, Кульметенов Қанат 4-класс.

3. Мұғалжар ауданы,                                                  "Жас математик" құрама командасы: Орынбасарова Дильназ 2-класс, Қожатова Аружан 3-класс, Умиркулов Саурамбек 4-класс.

4. Қарғалы ауданы, №1 Бадамша орта мектебінің "Алғырлар" құрама командасы: Кузьмина Валерия 2-класс, Ступченко Валентина 3-класс, Рыскулов Дамир 4-класс.

5. Темір ауданы,                                             "Достық" құрама коамндасы: Исалиев Байсейт 2-класс, Жанадилова Ақбота 3-класс, Служивая Александра 4-класс.

6. Шалқар ауданы, №5 орта мектебінің "Пятерочки" құрама командасы: Көшетов Назерке 2-класс, Бердібаева Аружан 3-класс, Қапанова Айшабибі 4-класс.

Командалық номинациялар:

"Ең ұшқыр команда" - Ырғыз ауданы, Т.Жаманқұлов ат. орта мектептің "Нұр" құрама коамндасы: Нұрмахан Айша 4-класс, Қалабай Бағдат 3-класс, Ізмұрат Нұрберген 2-класс.

"Тапқырлар" командасы - Мәртөк ауданы,№2 мектеп гимназиясыны, "Ғажайып сандар" құрама командасы: Құмар Мейрамбек 4-класс, Алдажаров Диас 3-класс, Жеделбаева Индира 2-класс.

"Ең сүйкімді команда" - Ойыл ауданы,                "Жас қыран" құрама коамндасы: Сырымов Сұлтан 2-класс, Маратов Айбат 3-класс, Қаршыға Нұрдәулет 4-класс.

"Ең ұйымшыл команда" - Темір ауданы,                                "Достық" құрама командасы: Тағыберген Ақерке 2-класс, Бошаев Нұрберген 3-класс, Шапаева Айдария 4-класс.

"Ең өнерлі команда" - Ақтөбе қаласы, №51 гимназияның "Жас математиктер" құрама командасы: Мұхтарова Ажар 2-класс, Амангелдин Данияр 3-класс, Ахмет Зейнеп 4-класс.

"Жас математиктер" коамндасы - Әйтеке би ауданы, Комсомол орта мектебінің "Математик" құрама командасы: Кабиева Ақмарал 2-класс, Кадирбеков Ержан 3-класс, Андрейчук Светлана 4-класс.

"За волю к победе" коамндасы - Қобда ауданы, Калиновка орта мектебінің "Білгірлер" құрама коамндасы: Сундукова Лилия 2-класс, Батырбаева Дильназ 3-класс, Уталиева Камила 4-класс.

"Ең күшті тапсырма құрастырушы" командасы - Шалқар ауданы, №5 орта мектебінің "Пятерочки" құрама командасы: Көшетов Назерке 2-класс, Бердібаева Аружан 3-класс, Қапанова Айшабибі 4-класс.

Жеке номинациялар:

"Кішкентай білгір" командасы - Ақтөбе қаласы,№2 мамандандырылған орта мектебінің "Формула 3-х" құрама командасы: Сүлейменова Алтын 2-класс, Юлиев Андрей 3-класс, Грак Андей  4-класс.

"Команданың үздік жаттықтырушысы" - Хромтау ауданы, №4 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жалтаева Ж.Р.

"Команданың үздік жаттықтырушысы" - Хромтау ауданы, №6 мектеп-гимназияның бастауыш класс мұғалімі Байгазина С.С.

Ағымдағы жылғы маусым айының 12 – 17 аралығында  Алматы қаласында О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған  республикалық мамандандырылған физика-математикалық  мектеп-интернатының базасында  өтетін математикалық «Бастау» олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алған Хромтау ауданының №6 МГ және №4 ОМ оқушыларына сәттілік тілейміз!



ч. 1 ч. 2 ч. 3 ч. 4