«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы «Үздік педагогикалық

ч. 1
4.09.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы Тілдер күнін атап өту шараларының аясында мемлекеттік тілді насихаттау, дамытудағы үздік жобаларды іріктеу, тілді дамыту үрдісі бойынша облыс педагогтерінің шығармашылық белсенділігі мен назарларын арттыру ... жалғасы

14.09.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы «Үздік педагогикалық жаңалық» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған байқау өтетінін хабарлайды ... жалғасы

13.09.2012ж. «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми - тәжірибелік орталығы жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының   бойында  табиғатты  қорғау  мәдениетін  және  елжандылық   қасиеттерін  дамыту  мақсатында  «Тобыл - Торғай»  экология  департаменті  және Ақтөбе  облыстық  білім  басқармасының  ұйымдастыруымен ...жалғасы

Аудандық  (қалалық)   білім

бөлімдерінің    бастықтарына

Облыстық  білім  беру

ұйымдарының  директорларына

 

«Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми - тәжірибелік орталығы жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының   бойында  табиғатты  қорғау  мәдениетін  және  елжандылық   қасиеттерін  дамыту  мақсатында  «Тобыл - Торғай»  экология  департаменті  және Ақтөбе  облыстық  білім  басқармасының  ұйымдастыруымен  «Көркейе  бер, туған  жер» акциясының ІІІ  бағыты-  «Қылқалам         шеберлері»        атты       жас        қаламгерлер байқауы



2012         жылдың         26  қыркүйегінде қорытындыланатынын  естеріңізге  салады.

Жұмыс  мазмұны: Оқушылар  мен  педагогтердің  жергілікті  ақпарат  құралдарына, республикалық   экологиялық -  өлкетану «Экоәлем»  және  «Темірқазық» журналдарына  туған  өлкені  көркейту   бағытындағы  жұмыстар   және  экологиялық  тақырыптарда  материалдар  жариялауы.

2012 жылдың 24 қыркүйегіне  дейін  БАҚ- на     жарияланған  материалдар  көшірмесі   мен  автор  туралы   мәліметтерді шығармашылықты  дамыту  және  қосымша  білім  беру  бөліміне  тапсыру  қажет.

 

 Директор                                                                       Ж. Есенжолова




Орындаушы: Бисекова А. Ж.  Байланыс  тел: 90-62-33

12.09.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми - тәжірибелік орталығы жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушылары  арасында  еліміздің табиғат  ресурстарын   қорғай білу жауапкершілігін  және энергетикалық  сақтау  мен  энергетикалық  тиімділікті  арттыра  білуге қызығушылықтарын дамыту   мақсатында  халықаралық   энергетикалықсақтау   күніне  орай   «Қазақэнергиясараптама» АҚ   « Энергетикалық  тиімді Қазақстан»  тақырыбында   сурет  байқауын  өткізетінін  хабарлайды ...жалғасыАудандық  (қалалық)   білім

бөлімдерінің    бастықтарына

Облыстық  білім  беру

ұйымдарының  директорларына

 «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми - тәжірибелік орталығы жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушылары  арасында  еліміздің табиғат  ресурстарын   қорғай білу жауапкершілігін  және энергетикалық  сақтау  мен  энергетикалық  тиімділікті  арттыра  білуге қызығушылықтарын дамыту   мақсатында  халықаралық   энергетикалықсақтау   күніне  орай   «Қазақэнергиясараптама» АҚ   « Энергетикалық  тиімді Қазақстан»  тақырыбында   сурет  байқауын  өткізетінін  хабарлайды.

-         Байқауға               жіберілетін                  суреттер             2012        жылдың

10  қыркүйегінен  22  қазанына   дейін   қабылданады.

-       2012  жылдың  22 қазанынан 5 қарашасына дейін қорытындысы  шығарылады.

-       Байқау жүлдегерлері  (www. kazee.kz)  сайтында  2012 жылдың

6        қарашасында жарияланады.

Жүлделі      орындарға    ие     болған     оқушыларды    марапаттау    рәсімі  2012 жылдың  12 қарашасынан  16 қарашасына  дейін  өткізіледі.

Байқаудың  өткізілу  Ережесі  туралы  мәліметті   www. kazee.kz сайтынан  білуге   болады.

Конкурсқа  ұсынылған  жұмыстар (суреттер) келесі  мекен – жайға  жіберілуі  тиіс:    010000,    Астана  қаласы,    Кенесары   көшесі, 40 үй,  БЦ

«7 континент», 14 қабат . Байланыс тел. +7(7172) 96 – 86 – 13.

 

Директор                                                                Ж. Есенжолова

Орындаушы: Бисекова А. Ж.  Байланыс  тел: 90-62-33

12.09.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми - тәжірибелік орталығы  М. Әуезов атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты    жалпы   білім  беретін  мектептердің   дарынды   оқушылары    арасында     қазақтың  әйгілі  классигі М. Әуезовтың ...жалғасы

Аудандық  (қалалық)   білім

бөлімдерінің    бастықтарына

Облыстық  білім  беру

ұйымдарының  директорларына

 

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми - тәжірибелік орталығы  М. Әуезов атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты    жалпы   білім  беретін  мектептердің   дарынды   оқушылары    арасында     қазақтың  әйгілі  классигі  М. Әуезовтың 115 жылдық  мерейтойы  қарсыңында М. Әуезовтың шығармашылық мұрасын жастар арасында   насихаттау  және мемлекеттік  тілді  дамыту мақсатында   үздік  шығармаларға  конкурс  жариялайтынын  хабарлайды.



Байқау  талаптары:

-         шығарма  мемелекеттік  тілде (қазақ тілінде) жазылуы тиіс;

-         шығарма  авторы 9-11 сынып  оқушысы болуы керек;

-         шығарма көлемі  А4 форматында (қаріп -Times New Roman, 14 кегль, жол аралығы-1)  3-5 беттен  аспауы  тиіс;

-         шығарма  мәтінінің  жоғарғы  оң  жағында  талапкердің  аты – жөні  мен  нақты  мекен – жайы (байланыс телефоны міндетті  түрде), сынып, мектеп атауы   толық көрсетілуі  тиіс.

Жүлделі      орындарға    ие     болған     оқушыларды    марапаттау    рәсімі

2012 жылдың 27 қыркүйегінде М. Әуезов атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтында өткізіледі. Үздік  шығармалар халықаралық конференция  жинағына енеді. Шығарма  қорытындысы «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Алматы ақшамы», «Айқын»  газеттерінде жарияланады.

Конкурсқа  ұсынылған  шығармалар 2012 жылдың  15 қыркүйегіне  дейін келесі  мекен – жайға  жіберілуі  тиіс: 050010, Алматы қаласы, М. Төлебаев  көшесі, 185 үй,  «М. О. Әуезов  үйі» ғылыми – мәдени  орталығы. Байланыс тел. +7(727) 261-22-27, +7(727) 272-79-83.



Директор                                                                       Ж. Есенжолова

Орындаушы: Бисекова А. Ж.  Байланыс  тел: 90-62-33



12.09.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы  2012 жылдың 26 қыркүйегінде ана  тілінің құдіретін, оның маңыздылығын  оқушыларға  ұғындыра  отырып, отаншылдыққа тәрбиелеу  мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 класс оқушыларының арасында «Тілім  менің, тірлігімнің  айғағы»  тақырыбында   шығарма   байқауы өткізілетінін хабарлайды ...жалғасы

Аудандық  (қалалық)   білім

бөлімдерінің    бастықтарына

Облыстық  білім  беру

ұйымдарының  директорларына

 

 



«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы  2012 жылдың 26 қыркүйегінде ана  тілінің құдіретін, оның маңыздылығын  оқушыларға  ұғындыра  отырып, отаншылдыққа тәрбиелеу  мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 класс оқушыларының арасында «Тілім  менің, тірлігімнің  айғағы»  тақырыбында   шығарма байқауы өткізілетінін хабарлайды.

Байқау  талаптары:

-         Шығармалар  кең  жолды  оқушы  дәптеріне  қолмен  жазылған  болуы  керек;

-         Дәптер  сыртына  ауданы, мектебі, класы, оқушының  және  оқытушының  аты – жөні  толық  көрсетілуі  тиіс;

-         Шығарма  жазуға  қойылатын  барлық  талаптар  сақталуы  кажет.

Байқау ақылы түрде өткізіледі. Төлем жарнасы – 300 теңге (Әр  қатысушыға).

Төмендегі үлгі бойынша сұраныстарыңызды және шығармаларды      2012 жылдың 21 қыркүйегіне  дейін шығармашылықты    дамыту және қосымша  білім  беру  бөліміне  тапсыруларыңыз сұралады:

 




Оқушының аты-жөні (толық)

Ауданы, мектебі

Класы

Пән мұғалімі

Еңбек өтілі

Санат


Директор                                                                                       Ж. Есенжолова

Орындаушы: Бисекова А. Ж.  Байланыс  тел: 90-62-33



10.09.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақстан -2030 стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері»  тақырыбында оқушылардың ғылыми жарыстары жыл сайын келесі бағыттар бойынша өтеді ...жалғасы

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақстан -2030 стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері»  тақырыбында оқушылардың ғылыми жарыстары жыл сайын келесі бағыттар бойынша өтеді:

-Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика,техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);

-Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);

-Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

- Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын).

Аталған жұмыс оқушыларды ғылыми-зерттеушілік жұмысқа ерте  баулуды, олардың дүниетанымен кеңейтуді қарастырады.

Ақтөбе облысының оқушылары бірнеше жылдан бері республикалық және халықаралық ғылыми жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Қол жеткен табыстарға қарамастан, бұл бағыттағы жұмыс оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қызметі дағдыларын қалыптастыруда жаңашылдық қарым-қатынасты жетілдіруді талап етеді, нәтижесінде Қазақстан Республиканың болашақ  зияткерлік әлеуеті қалыптасады.

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы 2012 жылғы қыркүйек айының 27-28 аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты базасында зерттеушілікті қолдау ретінде және жетекшілерге оқушылардың ғылыми жобаларын дайындауда (тақырып таңдау, жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар, зерттеу жұмыстарын жүргізу, т.б.) әдістемелік, практикалық көмек көрсету мақсатында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтетінін хабарлайды.

Семинардың бір тыңдаушысына оқу құны 3000 (үш мың) теңге.

Семинар математика, қолданбалы математика, экономика, физика, жер және космос туралы ғылым, техника, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын қорғау, информатика, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері), әдебиет, құқықтану секциялар бойынша өтеді.

Семинарға білім бөлімдерінің әдіскерлері (координаторлар), дарынды балаларға білім беру ұйымдарының, лицей, гимназия, жалпы білім беретін орта мектеп директорының орынбасарлары және пән мұғалімдері шақырылады.

Семинар екі күнде өтеді: 27.09.2012 ж күні – теориялық бөлім (Ақтөбе МПИ), 28.09.2012 ж – практикалық бөлім (калалық, облыстық білім ұйымдарында). Қатысушыларға сертификат беріледі.

Семинарға қатысу туралы сұранысты төменгі үлгі бойынша және қатысу жарнасын 2012 жылғы  қыркүйектің 24 –іне дейін «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның инновациялық-педагогикалық қызмет көрсету бөліміне (Е-mail: innovaciya-daryn@ mail.ru) тапсыру қажет.

 




Аты-жөні (жеке куәлігі бойынша)

Ауданы, жұмыс орны

Еңбек өтілі, санаты

Секциясы

Байланыс телефондары

 

 

 

 

 

 

 

Семинарға келу күні: 27.09.2012ж. сағ. 9.00-де, қайтуы – 28.09.2012ж сағ. 15.00-ден кейін.

Қатысушыларды тіркеу: 27.09.2012ж. сағ.8.30-да , Ақтөбе МПИ

10.09.2012г. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 2012 жылғы қыркүйек айының 5-6 аралығында Семей  қаласында  ХІІІ республикалық Абай-Шәкәрім оқуларында жеңіске жеткен оқушылар:

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша

Байқараев Ержан - Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің оқушысы – І орынмен;

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша:



Зинедина Айерке – Ақтөбе қаласы №14 орта мектебінің оқушысы - мақтау қағазымен;

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша;



Саматқызы Нұрсезім - Ақтөбе қаласы Россовхоз орта мектебінің оқушысы – мақтау қағазымен марапатталды.

Облыс намысын қорғаған оқушыларымызды құттықтай отырып, жаңа оқу жылында табыс пен жақсы жетістіктер тілейміз!

05.09.2012ж. «Мектеп психологтерінің  дарынды балаларды зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүйелеу мәселелері» тақырыбындағы дарынды балалар мәселесі жөніндегі  шығармашылық лабораториясының кезекті  отырысының бағдарламасы ...жалғасы

«Мектеп психологтерінің  дарынды балаларды зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүйелеу мәселелері» тақырыбындағы дарынды балалар мәселесі жөніндегі  шығармашылық лабораториясының кезекті  отырысының бағдарламасы

Өтетін күні, уақыты: 2012 жыл, 27 қыркүйек, сағ.10.00

Өтетін орны: Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты.

 І. - «Үздік жыл психологі» конкурсы туралы;

- Дарынды балаларды диагностикалау мәселелері.

Г.Оспанова – «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның психологі.

 

ІІ. Дарынды балаларды зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүйелеу мәселелері:



-                                ғылыми аппарат (жұмыстың өзектілігі, болжамы, мақсаты, міндеті, практикалық құндылықтары, әдіснамалық негіздері, зерттеу кезеңдері);

-                                тақырыптың теориялық маңыздылығын ашу және қазіргі танда зерттелену жағдайы;

-                                ғылыми болжамды практикалық түрде дәлелдеу және мақсатқа жетудегі міндеттердің орындалуы (практикалық бөлім)

Есенгулова Мейрамгүл Нұралықызы – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, п.ғ.к., шығармашылық лабораториясының ғылыми жетекшісі.

ІІІ. Аудандық (қала) психолог-координаторлардың  жылдық жоспарымен таныстыру,  талқылау, бекіту.

(Психолог-координаторлардың жұмыс жоспарларының презентациясы - әр координаторға 3 минут) 

ІҮ. Қорытындылау, шешім шығару.

 

http://www.aktedu.kz

http//www.aktobe-daryn.kz

innovaciya-daryn@mail.ru

05.09.2012ж.«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2012 жылғы   қыркүйек айының 27-інде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты негізінде (11 мөлтек ауданы, 77А) «Мектеп психологтерінің  дарынды балаларды зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүйелеу мәселелері» ...жалғасыПСИХОЛОГТЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

 

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2012 жылғы   қыркүйек айының 27-інде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты негізінде (11 мөлтек ауданы, 77А) «Мектеп психологтерінің  дарынды балаларды зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүйелеу мәселелері» тақырыбында дарынды балалар мәселесі жөніндегі шығармашылық лабораторияның  кезекті отырысы өтеді. Отырыста аудандық психолог-координаторлары  аталған мәселе бойынша өз пікірлерін айтып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алады.



Сонымен қатар аудандық психолог-координаторлары  өткен 2011-2012 оқу жылында атқарылған жұмыстарының толық сараптамасы мен 3 жылдық даму динамикасының көрсеткішін ұсынып, жаңа 2012-2013 оқу жылғы дарынды балалармен жұмыс жоспарларын презентация жасап қорғайды.  Отырыс бағдарламасы http://www.aktedu.kz/ және http://www.aktobe-daryn.kz сайттарында орналасқан.

Қыркүйек айының 15-не дейін innovaciya-daryn@mail.ru электрондық поштасына аудан бойынша дарынды балалар қорын (төменгі форма бойынша), сараптама жұмыстарын және жоспарын жіберуі қажет:

 




Оқушының аты-жөні

Дарындылық түрі

Қолданылған әдістеме

 

 

 

 

Барлық координаторлардың қатысуы міндетті.

04.09.2012ж. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен талапты жас өркендерге өз білімдерін сынауға, дарынды балаларды дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық  сайыс «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ...жалғасы

Аудандық (қалалық) білім

бөлімдерінің бастықтарына

                                   Облыстық дарынды балаларға арналған



білім беру ұйымдарының директорларына

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен талапты жас өркендерге өз білімдерін сынауға, дарынды балаларды дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық  сайыс «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  бағдарламасына іріктеу кезеңіне облыстық көлемдегі орыс мектептерінің 10-11 класс оқушыларын шақырады.



Интеллектуалдық сайыс ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйек аралығында өткізіледі.

20 қыркүйек сағат 11.00-де аудан және мамандандырылган мектеп-интернат оқушылары үшін;

21-22 қыркүйек қала мектептерінің оқушылары үшін өтеді.

Қатысуға тілек білдірушілердің сұраныстары ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіне дейін қабылданады.



Ескерту: Сайысқа жақсы білім көрсеткіштеріне ие, оқуда озат оқушыларды шақырамыз.

Өтетін жері және қала мектеп оқушылары үшін басталатын уақыты қосымша хабарланады.



04.09.2012ж. Шұғыл! «Ақтөбе – Дарын»    өңірлік      ғылыми   –   тәжірибелік орталығы2012 жылдың 10 қыркүйегінде Бұқарбай  батыр  Естекбайұлының  200 жылдық  мерейтойы  қарсаңында  «Батыр  бабаларымыздың  рухына  бас  иеміз!»  тақырыбында  жалпы  білім  беретін   оқу орындарының    9-11 - сынып   оқушылары  арасында   республикалық  шығармалар  байқауы  өткізілетінін хабарлайды ...жалғасы

Аудандық (қалалық) білім

бөлімдерінің бастықтарына

Облыстық дарынды балаларға арналған

білім беру ұйымдарының директорларына

Шұғыл!

«Ақтөбе – Дарын»    өңірлік      ғылыми   –   тәжірибелік              орталығы



2012 жылдың 10 қыркүйегінде Бұқарбай  батыр  Естекбайұлының  200 жылдық  мерейтойы  қарсаңында  «Батыр  бабаларымыздың  рухына  бас  иеміз!»  тақырыбында  жалпы  білім  беретін   оқу орындарының    9-11 - сынып   оқушылары  арасында   республикалық  шығармалар  байқауы  өткізілетінін хабарлайды.

Шығарманың  мазмұндық  бағыттары:

  1. Белсенді азаматтық  ұстанымы қалыптасқан  жастар – тәуелсіз Қазақстанның қуатты  әлеуеті

  2. Ерлік  өнегесі – жастарды  патриоттық  рухқа  тәрбиелеу құралы

  3. Отандық және  әлемдік мәдениет  жетістіктері  арқылы  жас  ұрпақты  отаншылдыққа  баулу

  4. Жастардың  көшбасшылық  қасиеттерін  қалыптастыру – патриоттық тәрбиенің  басым  бағыттарының  бірі.

Жіберілетін  шығармаларға  қойылатын талаптар:

  1. Шығарма  мәтіні 4-5 беттен  аспайтын  болуы  қажет.

  2. Шығарма  жазушы  оқушының  түрлі – түсті  фотосуреті (6 х9 өлшемді) қоса жіберілуі қажет.

Тіркеу  нысаны:

Тегі,  аты- жөні (толығымен)

Мекен – жайы (ауданы, мектебі, сыныбы)

Телефоны (үй, ұялы):

Е- mail (міндетті):

04.09.2012ж. "Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО 2011-2012 жылғы оқу жылында 5-8 класс оқушылары үшін  сырттай олимпиадалық  резерві  жұмысын  жалғастыратынын  хабаралайды. Оқу ақысы 2000 тг. Осыған орай, ағымдағы  жылғы 15-қыркүйегіне дейін  сырттай олимпиадалық резерв мектебінде оқуға  ықылас  білдірген  оқушылар  туралы  сұранысты ... жалғасы

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің

басшыларына, облыстық білім

ұйымдарының директорларына

 

"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТО 2011-2012 жылғы оқу жылында 5-8 класс оқушылары үшін  сырттай олимпиадалық  резерві  жұмысын  жалғастыратынын  хабаралайды. Оқу ақысы 2000 тг.



Осыған орай, ағымдағы  жылғы 15-қыркүйегіне дейін  сырттай олимпиадалық резерв мектебінде оқуға  ықылас  білдірген  оқушылар  туралы  сұранысты төмендегі кесте бойынша "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының интеллектуалдық дамыту бөліміне электрондық ( aktobe_intel@mail.ru ) және қағаз нұсқада (факс:90-62-30) тапсыруыңыз сұралады.

Қосымша ақпарат www.aktobe-daryn.kz сайтында орналасқан.

 




Қатысушының аты-жөні

Мектебі, ауданы

класс

Оқыту тілі

Пән

Пән мұғалімі

 

 

 

 

 

 




 

2011-2012 жылғы сырттай олимпиадалық резерв мектебіне қатысып, ең жоғарғы ұпай жинаған

төмендегі оқушылар келесі 2012-2013 оқу жылындағы сырттай резерв мектебіне ақысыз қабылданады.

 




Олимпиада қатысушының        аты- жөні

Ауданы,мектебі

кл

Ұпай саны







Пәні

Қазақ тілі мен әдебиеті







І кезең

ІI кезең

қорыт

1

Бисембаева Нұршат

№ 2 Мәртөк МГ

5

30

30

60

2

Кабдракимова Айымгүл

№ 2 Мәртөк МГ

5

30

30

60

3

Үмбетқали Ақнұр

Ембі қалалық № 2 ОМ

5

30

30

60

4

Назарбаев Рысқұл

Қандыағаш № 5 ОМ

6

30

30

60

Пәні

Орыс тілі мен әдебиеті













5

Асылбек   Кырмызы

Кандыагаш

6

29

30

59

Пәні

Физика
















6

Умирбекова Индира

№6 Хромтау гимн

8

38

23,5

62

Пәні

Биология
















7

Еркінова Айдана

№1 Алға МБ

7

30

30

60

8

Ізбасова Гүл

№1 Алға МБ

7

30

30

60

9

Поляева Динара

Мұғалжар ауд, Саға ОМ

8

30

30

60

Пәні

Математика
















10

Хамитова Лаура

Пригородный СШ

6

20

10

30

Пәні

Ағылшын тілі
















11

Амангосова Арайлым

№ 5 Қандыағаш ОМ

8

26

25

51

Пәні

Қазақтан тарихы
















12

Алтаев Абылай

Қарғалы ауд, Велиховская ОШ

7

27

24

61

Пәні

География
















13

Жайлаубай Марал

Хромтау №6 МГ

7

28

28

56

04.09.2012ж. 2012 жылғы қыркүйек айының 5-6 аралығында Семей  қаласында  ХІІІ республикалық Абай-Шәкәрім оқулары өтеді. Республикалық кезеңге облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысады.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша:

Зинедина Айерке – Ақтөбе қаласы №14 орта мектебінің оқушысы;

«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша;

Саматқызы Нұрсезім - Ақтөбе қаласы Россовхоз орта мектебінің оқушысы;



«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша

Байқараев Ержан - Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің оқушысы облыс намысын қорғайды. Ендеше, оқушыларымызға сәт-сапар тілейміз!
ч. 1